Ежелгі Қазақстан тарихы жазба деректерде. Ертедегі темір дәуірі тайпаларының шаруашылығы
10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)
Сабақтың тақырыбы: § 6. Ежелгі Қазақстан тарихы жазба деректерде. Ертедегі темір дәуірі тайпаларының шаруашылығы
Сабақтың мақсаты:
- Б.з.б. VIII-VII ғасырларда Қазақстан аймағында мекендеген тайпалар темір құрал-сайман жасай бастағанын, осы кезде өмір сүрген сақ тайпалары туралы ғылыми деректерді, олардың археологиялық ескерткіштерінің зерттелуінің маңызын түсіндіру.
- Бәсекеге барынша қабілетті, білімді азамат тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
- Карта
- Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
- Қола дәуірінде шаруашылықтың қандай түрлері дамыды?
- Қола дәуіріндегі металл өндірудің дамуын неден көреміз?
- Қола дәуіріндегі ру-тайпалар қоныстар мен үй-жай салуда қандай тәсілдерді қолданды?
- Үй-жай кәсібі мен қолөнердің дамуы неге байланысты болды?
Сабақтың жоспары:
- Көне парсы деректері
- Көне грек авторларының шығармалары
- Скиф данасы-Анахарсис
- Қытай жазба деректері
- темір дәуірі тайпаларының шаруашылығы
Сабақты бекіту:
- Темір дәуіріне сипаттама беріңдер.
- Қытай жазба деректерінің ежелгі Қазақстан тарихын оқып-үйренуде алатын орны қандай?
- Сақтар туралы жазба деректер қандай грек, парсы ғалымдары мен философтарын білесіңдер? Олардың қалдырған деректерінен не білуге болады?
Бағалау: өзін-өзі.
Үйге тапсырма:§6.