Монғолдар жаулап алғаннан кейінгі этностық өзгерістер

10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: § 11. Монғолдар жаулап алғаннан кейінгі этностық өзгерістер

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақтардың халық болып қалытасуында этносаяси қауымдастыықтың рөлін көрсету. Халық болып құрылуды жеделдеткен факторларды анықтап, қазақ халқының қалыптасуының аяқталуын түсіндіру.
  • Бәсекеге барынша қабілетті білімді, білікті жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. карта
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттер.
  • Алғашқы мемлекеттің қоғамдық құрылыстары мен саяси жағдайлары.
  • Алғашқы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары.

 

Сабақтың  жоспары:

  1. Қазақстан аумағында этносаяси қауымдастықтың қалыптасы.
  2. Қазақ халқының қалыптасуындағы қыпшақ тайпаларының рөлі
  3. Қазақ халқының қылыптасуының аяқталуы

 

Сабақты бекіту:

  • Монғол шапқыншылығының жергілікті халыққа қандай зардаптары тиді?
  • Этносаяси қауымдастық дегеніміз не, оның халық болып қалыптасуға қандай әсері болды?
  • «92 баулы қыпшақ шежіресінен» не білуге болады?

Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: §11 бойынша сұрақтарға ауызша жауап дайындау.