Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар. Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы

10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: §15. Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар. Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы

Сабақтың мақсаты:

  • Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар,көшпелі тайпалар-сақ, сармат, скифтердің материалдық және рухани мәдениеті, діни наным сенімдері туралы білімдерін тереңдету. Олардың көшпелі өркениетке қосқан үлесін көрсету:
  • Ойлау қабілеттерін қалыптастыру:
  • Тарихи санасы қалыптасқан , пәнге қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. карта
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Көшпелі өркениет қай кезден басталады?
  • Мал шаруашылығы дамуынының қандай кезеңдерін білесіңдер?
  • Көшпелі мал шаруашылығының қандай түрлері бар? Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына не себеп болды?
  • Көшпелі өркениеттің болғандығын қандай археологиялық ескерткіштерден білуге болады?

Сабақтың жоспары:

  1. Туыстық қатынастар
  2. Тайпа,ру
  3. Әлеуметтік жіктелу,басқару жүйесі
  4. Қоғамдағы түрлі топтар қызметі
  5. Материалдық мәдениет
  6. Рухани мәдениет
  7. Жартылай көшпелілердің діни наным-сенімдері

 

Материалдық мәдениет

  • Обалар, күмбездер
  • Тастан, шикі кірпіштер тұрғызылған үйлер
  • Киім-кешектер
  • Шеберлердің, әр түрлі материалдардан (алтын, күміс, қола, мыс, қыш, ағаш) жасаған бұйымдары
  • Жазба деректер

Рухани мәдениетті құраушы салалар

  • Әдеп –ғұрыптар
  • Салт-дәстүр
  • Зергерлік бұйымдар /аң стилі, бейнелеу өнері/

Дін

  • Ислам діні
  • Табыну
  • Несториан діні
  • Құрбандық
  • Христиан діні
  • Наным-сенім
  • Будда діні
  • Рух

Наным-сенімдер

  • Ұмай анаға табыну
  • Ата-баба аруағына табыну
  • Күнге табыну
  • Отқа табыну
  • Жер-суға табыну

Қазақстанда тараған діндер

  • Будда
  • Несториан
  • Ислам
  • Христиан
  • Зороастризм

Сабақты бекіту:

  • Материалдық мәдениет деген не?
  • Көшпелілердің материалдық мәдениетінің түрлерін атаңдар.
  • Рухани мәдениеті дегеніміз қандай мәдениет?
  • «Аң стилі» үлгісінде зергерлер нені көрсетуге тырысқан?
  • Көшпелі тайпалардың қандай наным-сенімдерін білесіңдер?
  • Әлемдік діндер көшпелілер арасына қалай ене бастады? Ислам діні көшпелілер арасына тез орныға бастауының себебі неде?

Бағалау:      Үйге тапсырма:§15.