Қазақстан аумағындағы мемлекеттілік тарихының зерттелуі
10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)
Сабақтың тақырыбы: §16. Қазақстан аумағындағы мемлекеттілік тарихының зерттелуі
Сабақтың мақсаты:
- Көшпелілерде мемлекеттің пайда болуын, қоғамдық құрылысын көрсету, алғашқы мемлекеттік бірлестіктерді жазба, археологиялық деректер арқылы түсіндіру.
- Тарихи санасы қалыптасқан , пәнге қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
- «Б.з.б. V — б.з. І ғасырлардағы Қазақстан» картасы
- Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
- Көшпелі өркениет дегенді қалай түсінесіңдер?
- Отырықшы өркениет дегеніміз қандай өркениет?
- Бұл өркениеттер арасындағы байланыстар қандай қажеттіліктерден туды?
- Ерте орта ғасырлардағы көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыстарға тоқталу.
- Қала мәдениетінің даму себептерін атаңдар.
- Қандай ірі қалалар өсіп шықты? Олардың ішкі құрылыс жүйелерінде қандай жаңа құрылыстар салынды?
Сабақтың жоспары:
- Көшпелілерде мемлекеттің пайда болуы.
- Көшпелі мемлекеттерде қоғамдық таптардың пайда болуы.
- Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер.
Қоғамдық таптардың жіктелуі
Теңсіздіктің пайда болуы | |
Ру ақсақалдары Тайпа көсемі Әскербасылары Қолбасшылар | Қауым мүшелері- Кедейлер, құлдар |
Қоғамдық құрылысы
Патша
- Ірі ақсүйектер, байлар
- Қолбасшылар, әскербасылар
- Тәуелді адамдар, қызметшілер, жауынерлер
Тақырыптың үшінші мәселесі-Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Қазақстан аумағындағы б.з.б. V-II ғасырларда өмір сүрген сақ, сармат тайпалары мемлекет дәрежесінде өмір сүргендігін түсіндіру. Картаны пайдаланып, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру.
- Б.з.б. V ғасырда Қазақстан аумағын мекендеген тайпа бірлестіктерін атаңдар?
- Б.з.б. ІІІ-б.з. V ғасырларында орналасқан тайпа одақтарының аусағын көрсетіңдер?
- Ежелгі қорғандарды (обаларды) көрсетіңдер?
Сұрақтар:
- Әскери демократия органдары не себептен үстемдік ету органына айналды?
- Билік етудің жаңа қандай формасы ұйымдастырылды, оған қандай қолайлы жағдай туды деп ойлайсыңдар?
Сабақты бекіту:
- Қазақ мемлекеттілігі туралы еуроцентристердің ойларындағы қандай қайшылықтарды аңғардыңдар?
- Көшпелі қоғамдағы мемлекетіліктің ерекшеліктері туралы айтып беріңдер
- Жекелеген тайпалық одақтардың мемлекетке бірігу үшін ең басты алғышарт қандай болды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §16.