Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы. Қазақ хандығы

10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: § 20. Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы. Қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты:

1.Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, XV-XVIIIғасырларда оның дамуы жайында баяндау, хандардың саяси бағыттарын көрсету, сыртқы жаудан елін, жерін қорғап, тәуелсіздігін сақтап қалған қазақ хандары туралы айта отырып, білімдерін тереңдету:

  1. Пәнге деген қызығушылығын арттыру,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту:
  2. Патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. карта
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Қазақстан аумағында хандық мемлекеттердің құрылуы.
  2. Мемлекеттердің әлеуметтік дамуы.
  3. Экономикалық дамуы.
  4. Мемлекеттердің әкімшілік құрылысы

Сабақтың жоспары:

  1. Қазақ хандығының құрылуы
  2. Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдағы саяси жағдайы
  3. XVII-XVIII ғасырлардың 30-жылдарына дейінгі Қазақ хандығы

Сабақты мұғалім өткен сабақпен байланыстыра отырып, мына сұрақтарды қояды:

  1. Алтын Орда ыдырағаннан кейін қандай мемлекеттер құрылды?
  2. Моғолстан, Әбілқайыр хандығы және Ноғай ордасының әлсіреуіне не себеп болды?

Оқушы жауаптарын мұғалім толықтыра отырып, сабақты әрі қарай жалғастырады. Қазақ хандығының құрылуын XV ғасырдың 60 (70)-жылдары деп көрсетудегі дәлелдің  бірі-М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» деген еңбегінен үзінді келтіре  отырып түсіндіреді.   Жәнібек пен Керейдің Жетісуға қарай көшуінің түпкі негізі-біріншіден, хандықтың ішіндегі әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар, екіншіден, этностық байланыстар. 1465-1466 (1470-1471) жылдары Қазақ хандығы құрылып, дүние жүзіндегі мемлекеттерге таныла бастағанын деректерге сүйене отырып әңгімелеу.

Тақырыптың екінші мәселесі-Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысы мен –XVI ғасырдағы саяси жағдай.

Бұл ғасырларда қазақ хандары Жәнібек пен Керей сол кездегі Әбілқайыр  хандығындағы саяси жағдайларды пайдалана отырып, Оңтүстік Қазақстандағы Созақ, Сығанақ, Сауран, т.б. қалаларды жаулап алады. Қазақ хандығының аумағын ұлғайтуда Қасым ханның рөлін мұғалім деректерге сүйене отырып, ерекше атап өтеді. «XV-XVIII ғасырлардағы Қазақстан», «XIII-XVII ғасырлардағы Жетісу» карталарын, «Қазақстан Республикасының саяси картасын» пайдалану керек.

Мұғалімнің қазақ хандары Хақназар, Тәуекел, Есім тұсінда олардың батыста, солтүстік-шығыста, +Орталық Азияда хандықтың шекарасын кеңейтудегі рөлін, көрші елдермен  саяси, сауда қарым-қатынастарын жасап, ел экономикасының дамуына на назар аударып отырғанын ерекше атап өтуі тиіс.

Сабақта төмендегі сызбаны пайдалануға болады.

XV-XVIғасырлардағы қазақ хандығы

Хандықтың байланыс жасаған елдірі

  • Моғолстан
  • Өзбек хандығы
  • Сібір хандығы
  • Орыс мемлекеті

Қатынас жасау түрлері

  • Бейбіт, дипломатиялық
  • Соғыс жағдайы, шапқыншылық

Мұғалім сабақты қорытындылап, бекіту сұрақтарын қояды.

  1. Қазақ хандығы қашан құрылады, алғышқы хандары кімдер?
  2. Қазақ хандығы қай жерде құрылды?
  3. Бұрындық пен Қасым хан кезінде Қазақ хандығының шекарасы қай жерлерге дейін ұлғайды?
  4. Қазақ хандығы көрші қандай мемлекеттермен қарым-қатынас жасады?
  5. Парсы тарихшысы Ескендір Мұңшы Тәуекел ханның қай елге шапқыншылығын суреттейді.
  6. Шоңғарларға қарсы Орбұлақ шайқасы қай жылы болды, ерекшелігі қандай?
  7. Тәуке хан ішкі саяси билікте қандай өзгерістер енгізді?
  8. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қандай жылдарды еске түсірді?

Бағалау:

Үйге тапсырма беру:§ 20