Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары

10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: § 21.Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары

Сабақтың мақсаты:

  • XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының басқару жүйесін, ұлыстық құрылымын, әкімшілік-құқықтық нормаларының ерекшеліктерін көрсету. Сот жүйесі, салықтар мен міндеткерлік түрлері туралы білімдерін тереңдету:
  • Ойлау дағдысын қалыптастырып,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. карта
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Қазақ хандығының құрылуы
  2. Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдағы саяси жағдайы
  3. XVII-XVIII ғасырлардың 30-жылдарына дейінгі Қазақ хандығы

Сабақтың жоспары:

  1. Хандық өкіметтің басқару жүйесі
  2. Ұлыстық құрылым
  3. Әлеуметтік құрылым
  4. Әкімшілік-құқық нормалары мен қылмыстық іс.
  5. Сот жүйесі
  6. Меншік мәселесі
  7. Салықтар мен міндеткерліктің түрлері

Ханның бес түрлі құқығы мен міндетін түсіндіру кезінде төмендегі сызбаны пайдалануға болады.

Құқығы

  • Мемлекеттің жеріне билік жүргізу
  • Соғыс жариялау, билік жасау
  • Шет мемлекеттермен келіссөз жүргізу
  • Өзіне бағынышты адамдарды өлім жазасына кесі не тірі қалдыру
  • Заң шығару, бұйрық беру

Міндеті

  • Елді сыртқы жаудан қорғау
  • Әскерді басқару
  • Мемлекеттің сыртқы саяси бағытын белгілеп отыру

Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы

І.   Феодалдар

  1. Сұлтандар, қожалар
  2. Билер, бай-шонжарлар, батырлар, ақсақалдар

ІІ.  Қарапайым халық

  • Қараша,
  • қара кісі,
  • шаруа,
  • бұқара
  • құл құтан

ІІІ. Құлдар, күңдер-бас бостандығы жоқ адамдар.

Мұғалім оқушыларға қазақ қоғамында жерге, малға деген меншіктің болғанын деректемелер келтере отырып түсіндіреді.

Салық, міндеткерлік түрлерін түсіндіруде мұғалімнің сызбаны пайдалануына болады.

Салық түрлері

  • Зекет- мал басынан ханға төленетін салық
  • Хараж-жер салығы
  • Тағар-әскер үшін алынатын салық

Халықтың атқаратын міндеткерлагы

  • Хан мен сұлтанға сыбаға, соғым беру.
  • Ақсүйектерді қонақ етіп күту
  • Салық жинаушыларды, т.б. көлікпен қамтамасыз ету.

Мұғалім бекіту сұрақтарын қойып, қорытындылар, сабақты аяқтайды.

Бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 21