XY-XYIIIғ қазақ ауыз әдебиеті. Қазақ фольклоры
10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)
Сабақтың тақырыбы: §24. XY-XYIIIғ қазақ ауыз әдебиеті. Қазақ фольклоры
Сабақтың мақсаты:
1.Қазақ халқының шығармашылық дәстүрінің ерекшеліктерін, эпостық аңыздардың тарихи маңызын, ауыз әдебиетінің түрлерін, олардың тарихи маңызын түсіндіру. Ауыз әдебиетінің жастарға беретін тәрбиелік мәнін ашу, жастарды еңбекке, отанына деген сүйіспеншілікке, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
- карта
- Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.
Үй тапсырмасын сұрау:
- Ғылым мен әдебиеттің дамуы
- Сыр бойының даналары
- «Тарих-и Рашиди».
Сабақтың жоспары:
- XV-XVI ғасырдағы қазақ жыраулары
- XVII-XVIII ғасырдағы қазақ жыраулары.
- Эпостық аңыздар.
Сабақты бекіту:
- «Жырау» атауы нені білдіреді?
- Асан қайғы өз өлеңінде Жәнібек пен Керейді не үшін кіналады? Пікірлеріңді білдіріңдер.
- Ақжол би деп кімді атаған?
- Еділ мен Жайықты мақтап, елге, малға жайлылығын суреттеген кім?
- Доспамбет жырау өз жырларында негізінен жастарға қандай насихат айтады? Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?
- Әскери жорықтармен Кавказдың терістігін, Қырым, Дон бойын аралап шыққан ақын-жырауды атаңдар.
- Жиембет жырау Есім ханның әскербасы, кеңесші қызметін атқарғанда қандай көзқараста болды?
Бағалау: Үйге тапсырма беру:
- Оқулық соңындағы сұрақтарға жауап беру
- Ақын-жыраулардың өздеріңе ұнаған өлеңін жаттап келу.