Ресей қамқорлығын қабылдау
10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)
Сабақтың тақырыбы: §28. Ресей қамқорлығын қабылдау
Сабақтың мақсаты:
- Сазтөбе құрылтайынан кейінгі қазақ жүздерінің феодалдық бытыраңқылық жолына бет бұрғандығын,А.И.Тевкелев елшілігі қазақ елінің Ресей империясының құрамына енуін бастап бергендігін түсіндіру.
- Пәнге деген қызығушылығын арттыру,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту;
- Отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
- карта
- Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.
Үй тапсырмасын сұрау:
- Қазақ хандығының XVIII ғасырдың басындағы ішкі саяси жағдайы.
- Қазақ хандығының сыртқы саясаты.
- Қазақ-орыс қарым-қатынастары
- Қазақ халқының жоңғарларға қарсы соғысы.
Сабақтың жоспары:
- А.И.Тевкелев елшілігі
- Ресейдің отарлау шаралары
Сабақты әрі қарай түсіндіру барысында оқушылардың қазақ жүздерінің Ресей құрамына өте бастауының себебін, оның салдарын ұғынуына мән беру керек. Осы XVIII ғасырдың бірінші жартысында қосылудың тиімді, тиімсіз жақтарын аша білуге талаптандырып, кейінгі салдарын қазіргі жағдайлармен салыстыра отырып, қорытынды жасау керек.
Сабақты бекіту:
1.Ресейге қосылу мақсатындағы Әбілқайырдың дипломатиялық әрекетінің мазмұны еді?
2.1731 жылы орыс патшасы әкімшілігі даярлаған грамота мазмұны қандай еді?
3.Қазақстанды отарлау мақсатында патша үкіметі қандай шаралар жүргізді?
4.Отаршыл елдердің бәріне тән, «Бөліп ал да, билей бер!» деген қағиданы ұстанған саясат жөнінде өз ойларыңды ортаға салыңдар
Бағалау:
Үйге тапсырма беру: §28.