Жүрек – қан тамыр жүйесінің аурулары
Сабақтың тақырыбы: Жүрек – қан тамыр жүйесінің аурулары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырыптың өзектілігін аша отырып, жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының жалпы сипаттамасын, ауруға әкеп соқтыратын себептері, даму механизмдерін, морфологиялық өзгерістерін түсіндіру.
Тәрбиелік: Студенттерді – өз ойын анық, дұрыс, дәл жеткізуге үйрету. Тақырыптан керекті, маңыздысын реттеп ала білуге үйрету. Болашақ мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін, ізденіспен жұмыс істеуге жұмылдырып, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, пәнге деген қызығушылығын туғызу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау және ойын технологияларын пайдаланып топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: анатомия, физиология, гистология, латын тілі, патологиялық физиология, ішкі аурулар пропедевтикасы, терапия, денешынықтыру, экология, валеология, фармакология, қазақ әдебиеті.
Сабақтың көрнекілігі: муляж, тонометр, фонендоскоп, бүктемелер, тестер, тілсіз суреттер, логикалық сұрақтар, компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, видеоматериалдар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Білім деңгейін тексеру
ІІІ.Өз бетімен жұмыс
ІV.Қорытындылау
V.Бағалау
VІ.Үй тапсырмасы
І. Ұйымдастыру кезеңі – Студенттердің сабаққа қатысуын, сыртқы пішіндерін, көңіл күйлерін, дайындықтарын тексеру.
ІІ. Білім деңгейін тексеру
Сұрау ойын технологияларын қолдану арқылы өткізіледі. Білім алушылар екі топқа бөлінеді.1.«Жүрек» тобы. 2.«Қан тамырлар» тобы.
Қазылар алқасы әр кезеңнен кейін «5» ұпайлық жүйемен бағалайды.
Бағалау парағы
№ | Топтың атауы | «Сәлемдесу» | «Ойқозғау» | «Ойлан, ізден тауып жаз» | «Сергіту сәті» | «Рөлдік ойын» | «Логикалық сұрақтар» |
1 | Жүрек | ||||||
2 | Қан тамыр |
Сайыстың 1 кезеңі «Сәлемдесу»
мақсаты: Сәлемдесу арқылы бір-бірімен қарым қатынас орнату.
шарты: Әр топ өзінің атауымен, ұранымен таныстыру.
Сайыстың 2 кезеңі «Ой қозғау»
мақсаты: Тақырыппен байланысты өткен терминдерді қайталау.
шарты: Тақтада берілген термин сөздің анықтамасын жылдам,
мүдірмей айту. Берілген жауаппен салыстыру.
термин сөздер | жауаптары |
Ангиоспазм | қан тамырларының тарылып қалуы |
Гипертрофия | тканьдардың шектен тыс үлкеюі |
Гипоксия | қандағы оттегі мөлшерінің азаюы |
Дилятация | жүрек ет қабатының әлсіреуі нәтижесінде кеңеюі |
Инфаркт | қан келмей қалуына байланысты пайда болған некроз ошағы |
Кардиосклероз | жүректе дәнекер тканьның өсіп кетуі |
Миокардит | жүрек миокардының қабынуы |
Некроз | өліеттену, тірі организмнің клеткалары мен тканьдарының өлуі |
Тромбоз | қанның қан тамырының ішінде немесе жүрек қуыстарында ұйып қалуы |
Тромбоэмболия | тромбтың немесе оның бір бөлігінің үзіліп түсіп қанмен айналып жүруі эмболға айналуы |
Сайыстың 3 кезеңі «Ойлан, ізден тауып жаз»
мақсаты: Берілген аурудың анықтамасын, этиологиясын, патогенезін,
патологиялық анатомиясын, өлу себептерін түсіндіру.
шарты: Әр топ басшылары тақтада көрсетілген ұяшықтарды
қалауымен ашып, ондағы жасырылған тақырып бойынша
топпен кластер құрастыру. Оны қорғау. Ойлануға 5 минут
уақыт беріледі.
|
|
|
|
|
| |||||||
Сайыстың 4 кезеңі «Сергіту сәті»
мақсаты: Білім алушылардың ойлау қабілеттерін және пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру.
шарты: тақтада әр топқа кез келген мүшенің морфологиялық
өзгерістері суреттелген төрт қатар жұмбақ жасырылады.
Жұмбақтың жауабын табу.
І.Жүректің сырқатында кездеседі,
Камерасын кеңейтіп, ауыруын тездетеді.
Әлсіз етіп бұлшықетін болбыратып,
Бір аңның белгісіндей күй кешеді.
жауабы: «Жолбарыс жүрек»
ІІ. Әлсізденіп күннен-күнге барады,
Түсі қоңыр-сары, түсіп кеткен қабағы.
Тіндері аурудың әсерінен,
Жұмсарып қамырдай боп қалады.
жауабы: «Қаз бауыр»
ІІІ. Өз бетімен жұмыс
Сайыстың 5 кезеңі «Рөлдік ойын»
мақсаты: Алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру.
шарты: Алдын ала берілген тапсырма бойынша әр топ белгілі бір
ауруға дайындап келген көріністерін көрсету.
Сол ауру жайында дайындап келген презентацияларын баяндау.
Сайыстың 6 кезеңі «Логикалық сұрақтар»
мақсаты: Білім алушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
шарты: Әр топтың топ басшылары шығып, үстел үстіндегі бірнеше
карточкаларды таңдап, ондағы қойылған сұрақтарға топпен
жауап береді. Ойлануға 5 минут беріледі.
1.Атерсклероз гипертониялық аурусыз кездесе береді, ал гипертониялық
ауру атеросклерозсыз кездеспейді. Осымен келісесіз бе?
жауабы: Келісемін. Қан қысымының жоғары болуы артериялардың
қабырғасына тығыздығы төмен липопротеидтердің
инфильтрациясына әкеледі. Бұған дәлел ретінде
өкпе гипертензиясы кезіндегі, өкпе сабауының
атеросклерозын айтуға болады.
2.Миокардта басқа қаңқа бұлшықеттері сияқты паразиттер кездеуі мүмкін бе?
жауабы: Кездеседі. Трихинеллалар. Олар жүрек ауру сезімін тудырып,
тондарын бәсеңдетіп, ЭКГ-да өзгеріс тудыруы мүмкін. Егер
паразитке қарсы ем қолданбаса, жүрек жетіспеушілгінен болған
өлімге әкелуі мүмкін.
3.Фиброзды перикардит кезінде жүрек «Сауытты жүрек» деп аталады.
Келісесіз бе?
жауабы: Келіспеймін. «Түкті жүрек» деп аталады. Ал «Сауытты жүрек»
фибринге бай экссудат дәнекер тінге айналып, оған кальций
тұздары шөгіп қалған кезде дамиды.
- Жүрек, аурудың әсерінен үлкейіп кететінін білеміз, ал жүректің
кішірейіп кетуі мүмкін бе?
жауабы: Мүмкін. Жалпы организмнің ашығуы (истощение) кезінде
кездеседі.
ІV. Қорытындылау
Сайыстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаз топ анықталады.
VІ. Үйге тапсырма: «Ревматизмдік аурулар».
1.Ревматизмдік аурулар: клинико-морфологиялық сипаттамасы. 2.Ревматизм: этиологиясы және патогенезі, патологиялық анатомиясы.
3.Ревматоидты артрит: анықтамасы, буындардағы өзгерістер, асқынуы.
- Бағалау (бағалау парағы бойынша)