XIXғ 60-90 жылдарындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары
10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)
Сабақтың тақырыбы: §33. XIXғ 60-90 жылдарындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары
Сабақтың мақсаты:
- Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің әлсіреуін және ішкі талас-тартысты пайдаланған патша үкіметінің хандық өкіметті жойып, басқарудың жаңа әкімшілік басқару жүйесін енгізуін түсіндіру, оның мәнін ашып көрсету. ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында қазақ жеріне енгізілген басқару, сот реформаларының отаршылдық, таптық мәнін ашу.
— Пәнге деген қызығушылығын арттыру,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту;
- Отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
- карта
- Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану
Үй тапсырмасын сұрау:
- Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейдің құрамына кіруі
- Патша үкіметінің Оңтүстік Қазақстанды басып алуы.
- Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.
Сабақтың жоспары:
- 1822 жылы «сібір қырғыздары туралы Жарғы» және хандық өкіметтің жойылуы.
- Патша өкіметінің 1867-1868 жылдардағы қазақ жерінде жүргізген әскери-саяси басқару реформасы.
- 1886-1891 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер.
Сабақты бастау алдында оқушыларға өткен сабақты қайталатып шолу жасалады. Мұғалім қайталауға оқушылардың барынша қатысқанын бақылауы тиіс.
130 жылдай уақыт ішінде Қазақ хандығының жері Ресейдің қол астына өтіп, отарына айналды. 1822,1867-68, 1886-1891 жылдары қазақ жерлерін басқарудың жаңа реформалары енгізілді. Оқушылардың осы реформаларды талдап, ерекшеліктерін ашып көрсетіп, салыстырып, қорытынды жасауына мүмкіндік туғызу мақсатындасабақты топтық жұмыс арқылы ұйымдастыруға болады. Ол үшін сынып оқушылары топтарға бөлінеді (6 топ).
- Бірінші, екінші топқа-1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы».
- Үшінші, төртінші топқа-1867-1868 жылдардағы қазақ жерін әскери-саяси басқару реформалары.
- Бесінші, алтыншы топқа-1886-1891 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер.
Әр топ оқушылары мәнітді жеке-жеке оқып дайындалады. (5 мин уақыт беріледі). Талқылау уақыты аяқталғаннан кейін, оқулықты жауып, шетке шығарып қояды. Карточка сұрақтары таратылып беріледі. Сұрақтар бойынша жұмыс жасалады. (10 минут).
Дайын болған топ жауап береді.
Карточкалық сұрақтар
І.
- «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» қай жылы, кімдердің қатысуымен жазылды?
- «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша қазақ жерлері қандай әкімшілік бөліктерге бөлінді және басқару ісі қалай жүргізілді?
- Жарғы бойынша сот істері қалай құрылды?
- «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» Кіші жүзде қандай басқару жүйесін енгізді, ерекшелігі қандай?
ІІ.
- Патша өкіметінің 1867-1868 жылдары қазақ жеріне жаңа реформа енгізуінің себебі неде?
- Реформа бойынша патша өкіметі басқарудың қандай жүйесін енгізді?
- 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша әскери сот комиссиялары мен уездік соттар қалай құрылды?
- Реформалар салық және жер мәселесіне қандай өзгерістер енгізді?
ІІІ.
- Патша өкіметінің ХІХ ғасырдың 80-90 жылдары жаңа реформа енгізуінің себебі неде және ол реформалар қалай жүзеге асырылды?
- 1886-1891 жылдардағы реформалар бойынша қандай жаңалықтар болды?
- «Ереже» бойынша сот ісіне қандай өзгерістер енгізілді?
- Ресей өкіметінің реформалары отарлау мақсатында қандай рөл атқарды?
Сабақты қорытындылап, оқушыралды бағалаған соң, үйге тапсырма беріледі.
Үй тапсырмасы: §33.
Реформаның қазақ елі үшін жағымды және жағымсыз жақтарын жазып келу
Тапсырманы кесте түрінде толтырып келуге де болады.
ХІХ ғасырда Ресейдің қазақ жеріне жасаған әкімшілік-саяси басқару реформасы
Реформаның жағымды жағы | Реформаның жағымсыз жағы |