Сөйлем. Суретші ата Қастеев.
№86сабақ. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Суретші ата Қастеев.
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем туралы білімдерін пысықтау.Қастеев туралы түсінік беру. ә)Сөйлем туралы білімдерін жетілдіре отырып, таным әрекетін дамыту.б) Патриоттық сезімін қалыптастырып дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:Қастеев суреті,өмірбаяны
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген «Ән сабағы» өлеңін жатқа сұрау, Қандай өнер қайраткерлерін атадыңдар. Қайталап сұраймын..
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Сөз неден құралады?
Сөйлем неден құралады?Сөйлем деген не?
- Мақсат қою кезеңі:Түрлі-түсті қаламды қай сабақта пайдаланамыз?-Сурет сабағындаСурет сабағы. «Суретші ата Қастеев».барлықтарың оқулықтарыңды ашыңдар.
- Жаңа сабақ:Суретші болу үшін не қажет?Өзің қандай суретті салғанды ұнатасың?
Суретшілерден кімді білесің?155-жаттығу берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді көшіріп жазыңдар.Көйлекті неден тігеді?Көйлекті матадан тігеді.Нені сүттен ұйытады?айранды сүттен ұйытадыСөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылған?156-жаттығу Жаңылтпашты оқып, сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілері қойылғанын аңғарыңдар.
VI.Жаңа материалды пысықтау:Н.Әлімқұловтың Суретші ата Қастеев.Өлеңді жаттап алыңдар.
Бар қазаққа аты аңыз
Қастеев біздің атамыз
Көріп салған суретін
Мәз мейрам боп жатамыз Сергіту сәті
VII.Бекіту кезеңі:Мақал-мәтелдер айту.Бүгін кім туралы өттік?Қастеев кім?
VIII. Үйге тапсырма, бағалау: өлеңді мәнерлеп оқу