Ежелгі Рим мәденитеі
Сабақтың тақырыбы: §29. Ежелгі Рим мәденитеі
Сабақтың мақсаты:
- Римдегі мектеп, оқу жүйесі туралы, әдеби шығаммалар мен шешендік өнер жөнінде, құқық дамуы туралы оқушыларға тарихи мағлұиат беру.
- Рим өнеріне басқа елдер мәдениетінің әсері, өнер түрлері, олардың ерекшеліктері, даму жолдары.
- Тиянақты білім алуға деген құштарлыққа, шешендік өнер мұраларына деген құрмет сезіміне, поэзияны түсіне білуге, құқықты сақтауға баулу. Бұлардың бәріне жалпыадамзаттық мұра, құндылықтар ретінде қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы суреттер, «Ежелгі дүние өнері». Алматы, 1989.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасыны сұрау.
Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:
- Империя дегеніміз не? Римде империяның орнауына қандай себептер болды?
- Принципиат және доминат басқару жүйелері қай императорлардың тұсында енгізілді?
- Провинциялар халықтарын римдендіру не үшін қажет болды? Олқандай жолдармен жүргізілді?
- Римдендіру саясатын кімдер қолдады?
ІІІ. Білімді бағалау.
- Үй тапсырмасы мен жаңа өтілетін тақырыпты байланыстыру
Жаңа сабақ жоспары:
- Рим мектебі
- Рим поэзиясы
- Шешендік өнер
- Құқық.
Оқушыларға Римдегі оқыту жүйесі, оқу пәндері туралы әңгімелеймін. Рим балаларының римдік мектептерде, өз отбасыларында, шет ел мектептерінде оқығанын баяндаймын.
Оқушыларға: «Білім римдік балаларға не үшін қажет? Білімі жоқ адам қандай болады? Білім сендерге не үшін керек?» деген сияқты сауалдар қойып, білім қоғам дамуынынң бірден-бір қайнар көзі екеніне көздерін жеткіземін.
Бұдан әрі оқулықтағы материалдар негізінде Рим поэзиясы туралы әңгімелеймін.
Қосымша материал ретінде Римнің атақты ақындары Лукрецийй мен Овидийдің шығармаларын пайдалану. Ғалым әрі ақын Лукреций «Заттың жаратылысы туралы» поэмасында табиғат пен адам баласының тарихын жырлайды. Найзағайдың жарқылдауы мен жердің сілкінуі, адамның ұйықтау себептерін түсіндірді. Оның пікірі бойынша табиғат атамдардан тұрады. Атомдар бір-бірімен қосылып, аспан денелерін, жерді, тірі денелерді, адамдардың жанын құрайды Лукреций жанның мәңгі өмір сүретінін теріске шығарып, жанның денемен бірге өлетінін баяндайды.
Овидийдің жеті жыл жазған «Метаморфоздар» поэмасы бес кітаптан тұрды. Бұл шығарма Гомердің «Илиада» және «Одессея» дастандарына ұқсас еді. Поэмада дүниенің пайда болуынан бастап, император Августың заманына дейінгі аралықтағы барлық өзгерістер баяндалады. Овидий адамзат өмірінің даму кезеңдерін төрт ғасырға бөледі.
Оқушыларға: «Қазақ ақындарынан кімдерді білесіңдер? Олардың қандай шығармалары бар?» деген сұрақтар қоямын. Сөйтіп поэзияның ежелгі дүниеде пайда болса да, бүгінгі күнге дейін жетіп, дамыған жалпы адамзаттық өнер саласы екенін атап өтемін.
Римдегі шешендік өнерді қазақтың шешендік өнерімен де байланыстыра қарастырамын. Римдегі құқықтың қалыптасуы туралы айтқанда құқықтық тәрбие беретін жайларға көңіл аударған дұрыс. «Біздің еліміз құқықтық мемлекет орнатуда. Оны қалай түсінесіңдер?» деген сауал қоямын.
- Жаңа тақырыпты пысықтау: 29-параграф материалдарына орай нақты сауалдар қойып, оқушылардың бұл тақырып бойынша не түсінгендерін анықтаймын.
- Білімді бағалау.
VII. Жаңа тақырыпты қорытындылау. Осы тақырыптағы тарихи құбылыстар мен процестердің пайда болуы мен дамуының жалпыадамзаттық маңызы туралы қорытынды жасалады.
VIII. Үйге тапсырма:
29-30 параграфты оқу, сыныптан тыс оқылатын материалдарды зерделеу, «Жұмыс дәптеріндегі» тест сұрақтарына жауап жазу.