XIV ғасырларда және XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер

10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: §19. XIV ғасырларда және XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстан аумағында XIV-XV ғасырларда құрылған хандық мемлекеттердің олардың әлеуметтік, экономикалық жағдайын, әкімшілік құрылысы туралы білімдерін тереңдету:
  • Тарихи санасы қалыптасқан , пәнге қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. «Қазақастан 14-15 ғасырларда» картасы
  2. «Қазақстан Республикасының сяси картасы».

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Түрік империясының құрылуы
  2. Түрік империясының дамуы
  3. Түрік империясының әлеуметтік, экономикалық жағдайы
  4. Түрік империясының ыдырауы
  5. Батыс Түрік қағанатының империялық дәрежеге көтерілуі

Сабақтың жоспары:

  1. Қазақстан аумағында хандық мемлекеттердің құрылуы.
  2. Мемлекеттердің әлеуметтік дамуы.
  3. Экономикалық дамуы.
  4. Мемлекеттердің әкімшілік құрылысы

Мұғалім оқушыларды қатыстыра отырып, Шағатай, Жошы және Үгедей билеген аумақты картадан көрсетіп, олардың жеке ұлыс болып өмір сүргені жайлы айтады.  Сонымен қатар Бату хан кезінде Алтын Орда құрылып, кейіннен оның Ақ Орда және Көк Орда болып бөлінгенін, онда билік жүргізген хандарға, оқиғаларға тоқталады.

Алтын Орда, Ақ Орда ыдырағаннан кейін Қазақстан аумағындағы мемлекеттер туралы түсіндіру барысында төмендегі сызбаны пайдалануға болады.

Алтын Орда

  1. Ақ Орда –Әбілқайыр хандығы- Моғолстан мемлекеті
  2. Көк Орда
  3. Ноғай Ордасы

Жерге иелік түрлері

  • Икта
  • Інжу
  • Сойырғал
  • Тархандық
  1. Мемлекеттік жер (диуандық)
  2. Інжу-ірі жер иелену
  3. Вакуфтық- дін иелігі
  4. Миліктік-шаруалар

XIV-XV ғасырлардағы салық түрлері

  • Тағар
  • Қалан
  • Құшыр
  • Зекет
  • Сауын
  • Хараж
  • Баж
  • Соғым
  • Сыбаға

Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасындағы әкімшілік басқару жүйесінің көп жағдайда  бір-біріне ұқсас болғанын, жоғары тап, ірі тайпа өкілдерінен тұратын хан кеңесінің рөлін ерекше атап өту керек. Мұғалім бұл мемлекеттердегі халықтың шаруашылығы , мәдениеті, тілі, діні, әдет-ғұрыптарының ұқсастығына тоқталып, қазіргі осы аймақтарда құрылған мемлекеттер халықтарының ұқсастықтары, айырмашылықтары туралы оқушыларды қатыстыра отырып әңгіме өткізуге, пікір алысуға болады.

Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету мақсатында, ізденісін дамыту бағытында қырғыз, өзбек, башқұрт, түрікмен, татар, қалмақ, т.б. халықтар туралы баяндама, реферат жазып келуді тапсыру да тиімді.

Әбілхайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы ыдырағаннан кейін,  осы аймақта Қазақ хандығы құрылып, дами бастайды. Қазақ хадығының құрылуының қазақ халқы үшін тарихи маңызы зор.

Сабақты бекіту:

  1. Орта ғасырдағы мемлекет тұрғындары мемлекет қазынасына қандай салық түрлерін төледі?
    1. 14-15ғ Қазақстанда жерге иелік ету мен жерге жеке меншіктің қандай түрлері өмір сүрді?

Бағалау:

Үйге тапсырма беру: §19.