Империя дәуіріндегі Рим
№29. Сабақтың тақырыбы: Империя дәуіріндегі Рим
Сабақтың мақсаты:
- Рим империясы орнауының тарихи себептері, онда басқарудың жаңа жүйесінің қалыптасуы, римдендіру шаралары, экономикадағы, әлеуметтік саладағы дағдарыстардың тереңдеуі мен салдарлары, империяның екіге бөлінуінің жай-жапсарлары жөнінде оқушыларға толық мағлұмат беру.
- Республикалық және империялық құрылыс ерекшеліктерін айқындау, әлеуметтік топтардағы, әсіресе колондардағы өзгешеліктерге назар аудару.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сәйкес карта, оқулықтағы суреттер, тақта, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Төмендегі сауалдарды ямын:
- Республика дегеніміз не? Оның монархиядан айырмашылығы неде?
- Римде республика орнауының себебі не?
- Оның қандай басқару ұйымдары болды? Олар қандай жұмыстарды атқарды?
- Пуни соғыстары неше рет болды? Ол соғыстардың шығу себебі неде?
- Римдік және провинциялық ақсүйектерге кімдер жатты?
- Негізгі өндірушілер дегеніміз кімдер?
ІІІ. Білімді бағалау.
- Үй тапсырмасымен жаңа өтілетін тақырыпты байланыстыру
Жаңа сабақ жоспары:
- Империяның құрылу себептері;
- Принципат және доминат басқару жүйелері;
- Шет аймақтарда Рим салтын қалаптастыру;
- Шаруашылық пен әлеуметтік саладағы дағдарыс;
- Рим империясының Батыс және Шығыс болып екіге бөлінуі.
Рим империясының картасы тақтаға ілінеді.
Рим империясының картасы бойынша оның алып жатқан жер аумағын, шекарасын көрсеткеннен кейін «империя, император» ұғымдарының мазмұнын ашу мақсатында оқушыларға «Империя дегеніміз не? Өткен тақырыптарда қандай империялар туралы оқыдық? Император деген кім? Оның демостан айырмашылығы қандай?» деген сауалдар қоямын. Одан әрі Рим империясының құрылуына қысқаша тоқталып өтемін. Рим империясының құрылуының негізгі себептерін айтумен қатар, империяға ортақ белгілерді де атап көрсетемін. Рим империясымен македония империясының ерекшеліктерін салыстыра әңгімелеймін. Гай Юлий Цезарь қастандықпен өлтірілгеннен кейін, ел билігіне Октавианның келуін оқулық көлемінде баяндаймын. Оның Цезарь реформаларын аяғына дейін жеткізуші болғандығы және Рим империясының екі ғасырға жуық ешбір өзгеріссіз қалғандығы баса айтылады.
Бұдан әрі Диоклетиан тұсындағы мемлекеттік басқару жүйесі әңгіме етіліп, жаңа ұғымдарға (тақтаға жазылған) түсінік беремін.
Принципат тұсында републикалық ұйымдар сақталғанмен, олардың бұрынғыдай күші болмағандығын баяндап, оның себептерін оқушыларға түсіндіремін.
Римдендіру саясатының мақсатын ашамын.
Бұл саясатты қолдаушылар:
- Принцепстер;
- Ақсүйектер;
- Жауынгерлер.
Шығыны мол соғыстар мен құлиеленушілік құрылыс Рим империясындағы шаруашылық пен әлеуметтік дағдарыстың қалыптасуына негізгі алғышарттар тудырды. Құлдар еңбегінің неліктен өнімсіз болғанына да оқушылардың назарын аударамын. Бұдан кейін империяның екіге, яғни Батыс және Шығыс болып бөлінуі оқулық бойынша әңгімеленеді.
- Жаңа сабақты пысықтау
28-параграф бойынша оқушыларға нақты, тұжырымды сауалдар қоямын.
- Өтілген жаңа тақырып бойынша шағын қорытынды жасаймын, оқушыларды оқулықтағы сыныптан тыс материалдармен, жаңа ұғымдармен таныстырамын.
VII. Үй тапсырмасы: §28.
28-параграфты оқу, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап, қосымша материалдарды зерделеу, осы тақырыпқа сәйкес «Жұмыс дәптерінде» берілген кестені толтыру.