Білім мен ғылым және мәдениет
№26. Сабақтың тақырыбы: Білім мен ғылым және мәдениет
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларды ежелгі грек халқының мерекелерімен, ойындарымен, театрларымен, өнерімен, діни нанымдарымен және мифтерімен таныстыра отытыр, оларың ерекшелігі мен дүниежүзілік маңызын ашып көрсету. Оқушыларды ежелгі Грекия жеріндегі тәрбие мектебімен, грек ойшылрады мен ғалымдарының еңбектерімен таныстыру және де Грекия мәдениетінің дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесін ашып көрсету
- Бұл сабақтың тәрбиелік мәні ерекше. Сабақта оқушыларға Грекия халқының ежелгі дүниедегі бай мәдени мұрасы жайлы мағлұмат берумен қатар, өнер туындыларын құрметтеу, үйренуге және оған деген қызығушылығын арттыруға, сондай –ақ эстетикалық тәрбие беруге мүмкіндік туады.
Сабақтың түрі: аралас:
Әдісі: әңгіме, әңгімелесу
Сабақтың көрнекілігі: «Ежелгі Грекия картасы», оқулық суреттер мен «Дидактикалық матриалдар».
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Үй тапсырмасын сұрау:
Сабақты оқушылардың ойы мен қызметін дамыту мақсатында «Дидактикалық материалдар» мен «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмалар, кестелер, сөзжұмбақтар бойынша, яғни оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмыстарын ұштастыра отырып жүргіземін.
Алдымен ежелгі грек халқының мәдениет саласындағы ерекше жетістіктеріне тоқталамын.
«Грекиялық мерекелер мен ойындар» деген тақырыпшаны түсіндіргеннен кейін, оқулықта берілген матералдармен қатар, «Жұмыс дәптеріндегі » тапсырманы орындатамын.
«Олимпиялық ойындар» тақырыпшасын оқулық материалы негізінде баяндаймын. Бұл тақырыпшадағы ең маңызды ұғым-«олимпиада». Бұл ұғымды оқушыларға түсіндіру барысында төмендегі сұрақтар бойынша әңгімелесемін:
- Пелопоннес аймағы Грекияның қай бөлігінде орналасқан?
- Ежелгі Гректер үшін Олимп қаласы нелектен қасиетті жер болып есептелінді?
- Қалай ойлайсыңдар, Зевске арналған басты храмның Олимпия жеріне салыну себебі неде?
Осы мәселені қазіргі кезеңмен байланыстыру мақсатында оқушыларға «Ең соңғы Олимпиадалық ойын қашан, қай мемлекет жерінде болды? Қандай қазақстандық жүлдегерлерді білесіңдер?» деген сұрақтар қоямын. Содан кейін ең алғашқы Олимпиялық ойындардың қай жылы болғаны, онда спорттық қандай түрлерінен жарыс өткізілгені туралы әңгімелеймін. Оқулыққа қоса мына материалдарды қосымша айтамын: Олимпияның ең соңғы күні марапаттау рәсімі болды. Марапаттау рәсімі Зевс храмы алдында жасалды. Храмның алдында алтын мен піл сүйегінен жасалған үстел, ал оның үстіне зәйтүн ағашынан жасалған гүлалқа қойылған. Ежелгі гректер зәйтүн ағашын қасиетті деп санаған. Сондықтан әрбір жеңімпаздың мойнына зәйтүн ағашынан жасалған гүлалқа таққан.
Ежелгі грек театры туралы тақырыпты түсіндіргенде оқулық мәтінін пайдалана отырып, үш мәселеге тоқталамын. Олар: театрдың пайда болуы, ежелгі Грекия театрының құрылысы, трагедия мен комедия.
Кіріспе сөзде оқушыларға ең алғашқы театрлардың Грекия жерінде пайда болуы, театр сөзінің «ойын көрсететін алаң» деген мағына беретіндігі тулары айтамын. Театр ежелгі гректердің сүйікті орны болғандығына тоқталамын.
Театр ұғымын кеңірек айту үшін оқулықта берілген «Ежелгі Грекия театры» атты суретті көрсетіп, оны қазіргі уақыттағы театрлармен салыстырамын.
Тақырыпшаны қорыту мақсатында «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды оқушылармен бірлесе орындаймын. Соңынан грек театрларының дүниежүзілік маңызына тоқталып өтемін.
«Гректердің діни нанымдары мен мифтері» тақырыпшасын түсіндіру үшін, оқушылармен төмендегі сұрақтар бойнша әңгімелесемін:
- Дін дегеніміз не?
- Сендер оны қалай түсінесіңдер?
- Ежелгі адамдарда сиыну қалай пайда болған?
- Ежелгі Египетте қандай құдайлар боды?
- Бастықұдай қалай аталған?
- Египеттіктер құдайларды қалай бейнелеген? Оқушылармен әңгімелесе отырып, ежелгі гректердегі діннің пайда болу ерекшеліктерне тоқталамын.
- Афины қаласының ең көрікті және әсем жерлері қалай аталады?
- Неліктен бұл жерлер ең көрікті жерлер деп саналған?
- Олар қаланың қай бөлігінде орналасқан? Оқулықта берілген сурет бойынша акропольдегі сәулет өнерінің ескерткіштерін жеке-жеке сипатта. Акропольдің ең биік жерінде Парфенон храмы орналасқан. Ежелгі Гректер храмды неге биік жерге салған? Ежелгі Грекияның қай қалаларында храмдар болды?» деген сияқты сұрақтар қою арқылы әңгімелесемін. Оқулықта колонналардың үш түрінің суреті берілген. Оқушыларға осы суреттерді көрсете отырып, колонналардың бір-бірінен айырмашылығы туралы пікірлерін сұрайды. Сабақта агора жөнінде де әңгімелеп кетемін.
Ежелгі Грек мектептерін қазіргі мектептермен салыстырамын.
- Меткеп неше басқыштан тұрды?
- Мектепте кімнің балалары оқыды?
- Қандай пәндер оқытылды?
- Гимнасия мектептерінің ерекшеліктері
«Ғылыми білімдер» тақырыпшасын түсіндірместен бұрын оқушылармен төмендегі сұрақтар бойынша әңгімелесемін.
- «Ғылыми білімдер» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
- Ежелгі шығыс елдерінде ғылыми білімдердің қандай саласы дамыды?
- Ғылыми білімдердің пайда болуына қандай жағдайлар әсер етті?
- Ойшылдар деген кімдер? Қазақ жерінде қандай ойшылрар болған?
- Олар қай кезеңде өмір сүрді?
- Әл-Фарабидің ұстазы кім? Ол қай елден шыққан?
Жеке-жеке ғылыми білімдер туралы, оған үлес қосқан ғалымдар туралы және күні бүгінге дейін өзінің мазмұнын жоғалтпаған ғылыми жаңалықтар туралы әңгімелеп беремін.
Айтылған ғылыми білімдердің ішінде қайсысы ежелгі Грекия жерінде пайда болып, дамыған? Оларды атаңдар. Неліктен «тарих ғылымы» ежелгі грекияда ерекше орын алған? Неліктен Геродотты «тарихтың атасы» деп атаған?» деген сұрақтарға оқушылардың жауаптарын тыңдап, тақырыпшаны қорытамын.
Сабақты бекіту мақсатындағы сұрақтар: Театр, комедия, трагедия, Парфенон, акрополь, олимпиада деген терминдердің мағынасын түсіндір. Ежелгі Грекиядағы мифтерде қандай оқиғалар суреттелген?
- «Жұмыс дәптеріндегі» 3-тапсырманы орындау.
- Афины гимнасиясын сипаттап бер. Гимнасиялар саған несімен ұнайды? Қазіргі гимназиялардан айырмашылығы неде?
- Оқулық мәтінін пайдалана отырып, «Әдепті бала қандай болуы керек?» деген сұраққа жауап бер.
- Қыз балаларға қандай тәрбие берілген?
Үй тапсырмасы:§24-25
- 24-параграфты оқып келу. Оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалу.
- «Пелопоннес» аймағын контур картаға түсіру