Ежелгі Үндістан

№18. Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Үндістан

Сабақтың мақсаты:

  • Ежелгі Үндістан туралы түсінік беру. Шаруашылығының дамуы туралы және төрт әлеуметтік топқа бөлінуі жайлы баяндап, тапсырмалар беру арқылы оқушылардың ой-өрісін жетілдіру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі:   Кітап, дәптер, карта, репродукция т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Оқушылар білімін тексеру, жетілдіру, бекіту (сұрақ, практикалық тапсырмалар беру).

ІІІ. Жаңа білімді хабарлау, оқушылардың іздену әрекетін ұйымдастыру (проблемалық сұрақтар, тапсырмалар арқылы).

Үндістанның солтүстік пен оңтүстік аймақтарының климаттық жағдайы туралы, алғаш өсімдік түрлерінің өсіріліп, жануарлардың қолға үйретіле бастауы туралы айтамын. Суармалы егіншіліктің дамуын түсіндіремін.

Ең ежелгі қалалары, мәдениеті, суды, қоймаларды пайдалануы туралы әсерлі түрде суреттеп жеткіземін. Оқулықтағы археологиялық қазба негізіндегі сурет пен қалпына келтірілген  ежелгі үнділік қалалардың суреттерін салыстыра отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы түсіндіремін. Ганг өзенінің бойында ірі мемлекеттің пайда болуы туралы баяндаймын.

Александр Македонскийдің Парсы мемлекетін жаулап алғаннан кейін Үнді жерін басып алмақ болуы жайлы, Үндістанның көптеген аймақтарын бағындырып, қосып алғаны, Маурия әулеті жайлы әңгімелеймын.

Шаруашылығы-егіншілік кең түрде дами бастады.  Қолөнер бұйымдары жетілдіріле түсті. Басқа мемлекеттермен сауда байланысы дамыды. Пайдалықазбалар молайды. Мемлекет ірілендіріле бастағанда қызметшілер саны көбейді. Әр түрлі салықтар жиналды. Үндістанның әлеуметтік жіктелуінде басқа елдерге қарағанда көптеген өзгешеліктер болды. Олар төрт топқа бөлінді (брахмандар, жауынгерлер, егінші –шаруалар, шудралар). Әрбір топқа сипаттама берген кезде оқулықтағы Ману заңдарынан келтірілген деректік мәліметтерді оқушыларға оқытуға немесе  өзім оқи отырып, талдау жасау негізінде түсіндіремін. Бұл оқушылардың  үйде сыныптан тыс оқуға арналған мәліметтермен жұмыс жасауға үйренуіне тиімді ықпал етеді.

Брахмандар деп дінді тарататын абыздарды атады. Брахмандар құдай мен адамдар арасын байланыстырушылар деп есептелінді. Брахмандар басқа адамдардан ерекше, қасиетті болып есептелді.

Жауынгерлер елді қорғап, тәртіпті реттеді. Оны өлтірген адам айып төледі. Ата-баба ісін жалғастыратын да солар деп есептелді.

Үшінші топқа егіншілер, қолөнершілер, малшылар, саудагерлер жатты. Олар тек өз жұмыстарымен ғана айналысуға тиіс болды.Шудралар ең төменгі, нашар, ауыр, қиын жұмыстарды атқарды. Олардың құлдыққа сатылып кетуі де мүмкін еді.

  1. Оқушылардың алған білімдерін бекіту. (ауызша, жазбаша жаттығулар, тапсырмалар).

Сонымен бүкіл Үнді қоғамы 4 топқа бөлінді. Әр топтың дәрежесі шектеулі болды. Оны ғылыми тілде варна немесе каста деп атады.

Тапсырмалар:

  1. Үндістан түбегі қайда орналасқан (картадан көрсету)? Онда қандай өзендер бар? Олар түбектің қай жақтарын алып жатыр?
  2. Ең ежелгі үнді қалалары қай өзеннің бойынан табылды? Қала құрылысының ерекшеліктері неде? Табылған заттар үнді шаруашылығы мен мәдениеті туралы қандай мәліметтер береді?
  3. Магадханың өрлеуі туралы не білесің?
  4. Чандрагупта деген кім? Ол қандай әулетті негіздеді? Ол өмір сүрген кезде қандай өзгерістер болды?
  5. Егіншіліктің дамуына не әсер етті? Қолөнер мен сауданың өркендеуіне патша неліктен бақылау орнатты? Алым-салық жүйесі туралы айт.
  6. Брахмандар мен жауынгерлер кімдер? Ерікті егіншілер мен шудралар кімдер? Неге олар тұйық топтар деп аталды?
  7. Сыныптан тыс оқу.

Бір баланың өмірінен. Мәнерлеп оқу және түсінігін әңгімелеу.

Ману заңдарындағы Варна мен каста туралы мәліметтерді оқып, мағынасын талдау.

Сөздікпен жұмыс.

Брахма-үнді құдайының аты.

Кшатрий- жауынгерлер тобы.

Вайший- егіншілер тобы

Варна-өз дәрежесі бойынша ғана өмір сүруге тиісті тұйық топ. Оларды кейде каста деп атайды.

  1. VI. Оқушылардың білімін бағалау, қорыту
  2. Бір баланың өмірі туралы мәтінді оқыту. Баланың тапқырлығы, іскерлігі сендерге ұнай ма? Өздерің қандай тапқырлықтар жасадыңдар?
  3. Әлеуметтік қатынастар, варна, каста туралы тақырыпшаларды оқи отырып, мынадай сұрақтарға жауап іздейік:
  • Брахмандардың артықшылықтары неде?
  • Кшатрийлер мен жауынгерлердің брахмандар атқаратын қандай жұмыстарды істеуге құқы болмады?
  • Егіншілерге неге сонша көп міндеттер жүктелген?

VII. Үй тапсырмасы:§18