Азияның Оңтүстік-батысындағы ежелгі мемлекеттер тақырыбын қайталау
№17. Сабақтың тақырыбы: Қайталау.
Сабақтың мақсаты:
- Азияның Оңтүстік-батысындағы ежелгі мемлекеттер тақырыбын қайталай отырып, белсенділігі жоғары, білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Қайталау
Әдісі: интерактивті, сұрақ жауап
Көрнекілік:карта, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Бактрия қазіргі қандай мемлекеттер жерінде орналасқан? Бактрия туралы қандай деректер бар?
- Бактриялықтар қандай кәсіптермен айналысқан?
- Бактрия қалаларының ерекшеліктері неде?
- Бактрия мемлекетінің б.з.б. ІІІ ғасырдағы билеушілерін атаңдар.
Қайталанатын материалдар:
- Ежелгі Ассирия
- Хетт патшалығы
- Ежілгі Финикия мен Палестина
- Ежелгі Парсы патшалығы
- Орта Азия халықтарының грек-македондық басқыншыларға қарсы күресі.
Сабақты бекіту:
- «ККК»
- Топтастыру
- Бетпе-бет
- Эрудит
- Өрмекші ойындары мен әдістері арқылы өтілген материалдарды бекіту.
Бағалау:
Үйге тапсырма: ІІ тоқсан материалдарын қайтала