Сөйлем. Ғарышқа ұшу
№88сабақ. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Ғарышқа ұшу
Сабақтың мақсаты: а) Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы түсінік
бере отырып, «Ғарышқа ұшу» өлеңімен таныстыру ә)Сөйлеу тілдерін,,й-өрісін дамыту. б) Сауатты жазуға, бірін-бірін тыңдауға , сыйлауға, адам бойындағы жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:Т.Әубәкіров суреті,өмірбаяны
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.
- Мақсат қою кезеңі:-Балалар, қазақтың тұғыш тғарышкері кім? Ол туралы не білеміз -Т.Әубәкіров
- Жаңа сабақ:Тұңғыш ғарышкер туралы, оның өмірбаяны туралы мағлұмат беру.«Ғарышқа ұшу» өлеңін мәнерлеп оқу.
VI.Жаңа материалды пысықтау:Алғаш ғарышқа ұшқан кім?Қай жылы ұшты?
Сергіту сәтіДәптермен жұмыс172 беттегі 158-жаттығу. Өлеңді оқып шығып, көшіріп жазу.
VII.Бекіту кезеңі:-Сөйлем дегеніміз не?-Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгілері қойылады?-Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?
VIII. Үйге тапсырма, бағалау : Геолог өлеңін мәнерлеп оқу