Шумер және Аккад

№2. Сабақтың тақырыбы: Шумер және Аккад

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Азияның оңтүстік-батысында қатарласа ағатын екі өзен Евфрат пен Тигр бойындағы қолайлы ауа  райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің молдығы мұнда адамдардың өте ерте кездерден-ақ өмір сүріп, тіршілік етуіне әсер еткенін оқушыларға жеткізу.
  • Дамытушылық: Оңтүстік Қосөзен бойын мекендеген елдің шумер мен аккад халықтары деп аталатынын, шумерліктер Қосөзенге оның шығыс жағынан келіп қоныстанғанын, ал аккадтықтар болса, оңтүстік-батыс өлкелерден келіп орналасып, екі халықтық топ ең еделгі мәдени орталықтардың бірін негіздегенін жеткізу.
  • Тәрбиелік: Оқушыларды Отанға сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас                                                                                                                    Сабақтың әдісі: Театрландырылған сабақ. Жаңа сабақты баяндау                                            Сабақтың көрнекілігі: «Египет және ежелгі Алдыңғы Азия» картасы, 6-сыныпқа арналған «Ежелгі дүние тарихы» оқулығы. (Төлебаев Т., Құсайынова Р. Дәкенов М.).                                           Сабақтың барысы:    І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Қосөзеннің төменгі ағысы бойының табиғат жағдайлары және алғашқы тұрғындары.
  • Қосөзендегі алғашқы мемлекеттер.
  • Қосөзен қалаларының бірігуі.

Сабақ алдында  оқу пәніне лайық психолгиялық жаңа ахуал туғызамын

Сабақты бастағанда   Азия материгіндегі бір-бірімен жарыса аққан Евфрат пен Тигр өзендерінің Кавказ тауларының оңтүстік сілемдерінен басталып, Парсы шығананыға құятынын картадан көрсетемін.

Тақтаға қос өзеннің схемасын бормен сызып, саяхат жасаймыз. Бұл екі өзенді көбінесе Қосөзен деп атайды. Кейде өзен аралары Месопотамия деп те жазылатынын айтамын. Көне замандарда бұл аймақ батпақты, сазды болған екен. Қамыс көп өскен.

«Қосөзен жерінде пайдалы қазбалар, орман, тау-тас болмады, ал елі өте бай болды. Неге? Бұл сұрақ, әрине әрқайсыңды қызықтырады.

Көз алдарыңа елестетіп көріңдер, сендердің алдарыңда  тұрған мұғалім емес, ежелгі Месопотамияның тұрғыны делік. Өткен дәуірден келген қонақтан елі жайлы,  ондағы ауа райы туралы, қандай өсімдіктер  мен жануарлар өсетіні, қалай өмір сүріп, тіршілік еткені  жайлы сұрап алыңдар».

ІІІ. Сабақты бекіту: 

Қосөзеннің оңтүстік бөлігі ойпатты келеді. Көне заманда бұл аймақ батпақты, сазды, бір сөзбен айтқанда, тіршілікке қолайсыз болған екен. Сонағ қарамастан адамдар батпақты да жұмсақ, әрі құнарлы топырақты жерлерді де  біртіндеп игере бастайды. Еккен өнім мол өнім берді, бір пальманың өзінен 50 кг құрма алды, Қосөзеннің оңтүстігінен жібек жүн, бидай, құрма т.б. шет жаққа шығарыла бастады.

  • Айтыңдаршы, Қосөзеннің ежелгі тұрғындары еңбек ету нәтижесінде артық өнім өндіре алды ма?
  • Қосөзенде мемлекет пен тапқа бөлінушілік неге ертерек пайда болды?

Кестені толтырыңдар:

Оңтүстік Қосөзендегі шаруашылықтың дамуына мүмкіндік туғазған жағдайларШаруашылықтың дамуына кері әсер еткен жағдайлар

IV.Бағалау:

Ү. Үй тапсырмасы §1