Ислам дінінің пайда болуы және таралуы
Сабақтың тақырыбы: | Ислам дінінің пайда болуы және таралуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
| а) Ақпараттық: Оқушыларды әлемдік діндер мен оның ішіндегі ислам дінінің пайда болуы, таралуы және осы ілімнің қазіргі қоғамдағы рөлі туралы ақпарат беру. ә) Коммуникативтік: Діннің түпкі мақсаты адамзатты билікке, мәдениеттілікке, өркениеттілікке, имандылыққа шақыру екендігін әңгімелей отырып тәрбилеу, рухани дүниесін дамыту. б) Проблеманы шешу: Оқушылардың бойында гуманистік дүниетаным негіздерін, рухани- адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың әдісі: | Түсіндіру, сұрақ – жауап, тапсырма. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пән аралық байланыс | Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Мәдениеттану, Саясаттану, Этнография. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Көрнекі құралдар: | Қасиетті кітаптар: Зәбур, Тәурат, Інжіл және Құран, Дүниежүзі саяси картасы, ҚР саяси-әкімшілік картасы, сызбалар, нақыл сөздер, хронологиялық кесте, фотосуреттер, слайдтар, электронды оқулықтар, эллюстрациялар, буклеттер. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы: | Оқытушының қызметі | Оқушының қызметі | Күтілетін нәтиже | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
I.Ұйымдастыру бөлімі | Оқушылармен амандасу, сыныптың тазалығын, тәртібін қадағалау, жоқ оқушыларды тексеру. | Оқытушымен амандасу, сыныпты таза ұстау,сабаққа даярлану. | Оқушылардың сабаққа дайындалып отырады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІІ.Қызығушылығын ояту |
|
ислам | Тірек сызбалары арқылы пәнге деген қызығушылығын ояту | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІII.Үй тапсырмасын тексеру. | 1. Дін туралы арнайы ғылымды қалай атаймыз? (Дінтану) 2.Конфессиялық ілім ( көне грек тілінде konfessio — майындау, ғибадат қылу) 3.Теология (көне гр. Тілде teos –халық,logos – ілім- құдай тану пәні) 4.Атеизм – (көне гр.т. AOEG – құдайор және оның құдіретін жоққа шығару) 5.Манотеизм –(«бірқұдайлық», гр. т. « movog»- бір және «OEOG» — құдай.) 6.Политеизм («көпқұдайлық» гр.т. – көп және — құдай) 7.Секта – (лат.т. – ойлау тәсілі, бағыт деген сөзінен) | 1.(Дінтану) 2. (көне грек тілінде konfessio — майындау, ғибадат қылу) 3.(көне гр. Тілде teos –халық,logos – ілім- құдай тану пәні) 4. (көне гр.т. AOEG – құдайор және оның құдіретін жоққа шығару) 5.( «бірқұдайлық», гр. т. « movog»- бір және «OEOG» — құдай.) 6.Политеизм («көпқұдайлық» гр.т. – көп және — құдай) 7.Секта – (лат.т. – ойлау тәсілі, бағыт деген сөзінен)
|
Терминдік сөздер арқылы үй тапсырмасын сұрау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІV. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық | Сұрақтар: 1.VI-VII ғ-да қалыптасқан «Синто» (құдайлар жолы) термині орта ғасырларда пайда болды, ол қандай ілім? 2.Конфуцийдың «Ұлы ұғынуы кітабы» 75 қатардан тұрады, оған 1546 түсіндірме жасаған. Мақсаты — императордың билігін заңдастыру еді. Сұрақ: оның ұстаған жолының бірі. 3.Грек тілінен аударғанда миссия (машиах), құтқарушы деп аударылған сөз 4.Б.з.б. IV-III ғғ. еж. Қытайда, құпиясы аңызға айналған сары император Хуан- дидің ашқан ілімі. 5.Б.з.б. 1 мың жылдық ортасында Үндістанда пайда болған ең ежелгі дін |
Сөзжұмбақ жауаптары
|
Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын толық ашты. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
V. Жаңа материалды меңгеру | Жоспар: 1. Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай 2. Ислам дінінің пайда болуы 3. Ислам дінінің таралу аймағы Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай Ислам діні келгенге дейінгі кезең Ислам шариғатында «Надандық дәуірі»: — адамзаттың рухани азғындыққа ұшырауы; — имансыздықтан тұншығуы; — Арабстанда нәпсіқұмарлықтың шегіне жетіп, зұлымдықтың, маскүнемдіктің, ұрлықтың, зорлықтың, зинақорлықтың кең етек алуы; — Пұтқа табынушылықтың зорақысының жасалуы, мысалы, Исламға дейінгі кезеңде әйелдерінің қыз босанғанын намыс көріп, одан құтылу үшін қыз балаларды тірідей көміп, тастау сияқты тұрпайы салт болғаны туралы тарихи деректерден белгілі. Алайда, Алладан аяттар («уақи») түсе бастағанда көпшілік Құранның жоғары екендігін мойындағаны шындық. Ислам дінінің пайда болуы Ислам дінінің де, басқа дүниежүзілік діндер сияқты өзінің ұзақ тарихы бар. Ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың әдет-ғұрпына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты, көңіл-күйіне, психологиясына қарай өзіндік ерекшеліктері де бар. Әлемдік діндердің ең жасы — Ислам діні біздің заманымыздың 609-639 жж. аралығында (VII ғасыр) шығыс пен батыс өркениетінің тоғысып жатқан Араб түбегінде пайда болды. Ислам діні ортағасырлық Араб халқын ұйыстыруға, жаңа саяси құрылым «халифаттың» орнығуына, біртұтас ел қалыптастыруға, әлемде «мұсылман үмбеті» деп аталатын жаңа қауымның түзілуінде маңызды факторға айналды. Ислам дінінің негізгі ұстанымдары: Құран кітап пен Мұхаммед пайғамбардың өнеге етіп қалдырған іс-амалдары (суннеті). Мәліметтер бойынша, Хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық ақыл-ойы кемелденген 40 жасында қонған екен. Осы елшілік міндетті 610 жылы Рамазан айында Хира тауының басында Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші Жәбрейіл періште жеткізген делінеді (алғашқы аяттардың түсірілгені туралы аңызбен толықтыру). Ислам дінінің 622 жылы мұсылмандар Меккеден Мединаға көшіп келегеннен кейін таралуы қарқынды күш алды. Медина қаласы Ислам дінінің бүкіл мұсылман әлемінің қасиетті мекеніне айналды. (Шариғат, Ислам дінінің бес парызы, Күәлік сөзі (кәлимә шәхада), Намаз, Қағба, Иман шарттары, Төрт үлкен періште туралы түсінік беріледі). |
Жаңа сабақты мұқият тыңдайды | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап | VII ғасыр. Ислам дінінің аумағы Араб түбегін қоса алғанда Солтүстік Африка, Пиреней түбегі, Месопотамия, Иран, Ауғанстан, Кавказ аумағы, Орталық Азия мен Үндістанның солтүстігіне дейін жеткен. Ислам дінінің ұстанушылар саны шамамен 2 млр-қа жуық. 90%-ы Сунниттер. Шииттер Иран мен Ирак аймағында ғана кездеседі. 120 –дан астам елде Ислам діні таралған. | Сенушілер әлемінің 35 мемлекеті халқының басым бөлігін құрайды. Әлемнің 28 елінде ресми дін болып жарияланған. Халықаралық мұсылмандық сипаттағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар: 1. 1966 жылы Меккеде құрылған Ислам әлемі Лигасы 2. 1969 жылы Ислам конференциясы ұйымы 3. 1973 жылы құрылған Европаның Ислам Кеңесі ұйымы |
Тарихи оқиғаларды дәптерлеріне жазып алады.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
VІ.Жаңа сабақты бекіту | Тест 1.Дәуіт пайғамбарға түскен кітап 2.Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші періште 3.Исламдағы шариғат негізінің төрт мәселесінің бірі 4.Ислам діннің бес парызының бірі 5.Елшілік міндетті хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) Хира тауының басында Жәбірейлі періште қай жылдың Рамазан айында жеткізді? 6.Ислам діні әлемде кең таралу жағынан … орында? 7.1962 жылы Меккеде … әлемі Лигасы құрылды. 8…. Иран мен Ирак аумағында кездеседі. 9.Әлемнің … елінде Ислам діні ресми болып жарияланған. 10.Дүние жүзінде Ислам дінін ұстанушылардың 90 пайызы … . | Тест жауаптары 1 — Зәбур 2 — Жәбірейіл 3 — Тәрбие (Аһлақ) 4 — Куәлік сөзін айту 5 — 610 6 — екінші 7 — Ислам 8 – Шииттер 9 — 29 10 — Сунниттер |
Жаңа сабақ бойынша алған білімдерін тест тапсырмалары арқылы тексеру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
VІІ. Үй тапсырмасын беру. | Бүгінгі тақырыпты оқу, сұрақтарға жауап беру Озық тапсырма: 1. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) (реферат) 2. Қасиетті кітап – Құран (хабарлама) | Берілген тапсырмаларды дәптерлеріне жазып алады | Тыңдап, күнделіктеріне жазып алады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
VІІІ. Қорытынды бөлімі. Бағалау | Үй тапсырмасы мен жаңа сабақтағы меңгерген біліміне қарай әр түрлі әдіспен бағалайды | Бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады | Сабақ аяқталды Сау болыңдар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||