«Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар»

Сабақтың тақырыбы: «Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар»

Күні:

Мақсаты:Білімділік: Эпостық аңыздардың тарихи маңызы және

ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жазушылардың

шығармалары, ерекшеліктері, маңызы жөнінде

оқушыларға түсінік беру;

                          Дамытушылық:  Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге

дағдыландырып, салыстырмалы талдау

жасай білуге баулу;

                        Тәрбиелік: Оқушыларды еліне, жеріне, туған халқының

дәстүріне деген сүйіспеншілікке, еңбектене білуге,

намысқойлыққа, ержүректілікке тәрбиелеу.

Адамгершілік тәрбиесін олардың санасына сіңіру.

Сабақ түрі: кіріктірілген сабағы

Сабақ әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, ізденіс, презентациялау,

баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: жыраулар суреттері, слайд-шоу, плакаттар,

кітаптар көрмесі, үлестірмелі материалдар

Күтілетін нәтиже: Оқушылар эпостық аңыздардың тарихи маңызын

ашып, ХҮ-ХҮІІІ ғғ өмір сүрген ақын-жыраулардың

өмір жолы мен шығармашылығын ажырата біледі

 

С А Б А Қ Т Ы Ң   Б А Р Ы С Ы:

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, сынып ұжымының назарын сабаққа аудару

Карточкаларды таңдау арқылы топқа бөлу

  • Қуаныш бүгін ерекше

Шуағын шашып тұр әлем

Білімнің шығар шыңына

Ұрпағым саған мың сәлем!

Ендеше, тілек тілейік

Баршамыз ізгі ниетпен – дей келе, қазақ елінің қырандай қырағы, арыстандай айбатты, қайратты, ел ертеңі болар жас өрені – «Болашақ» тобының басшысына сөз кезегін берейік. Топ мүшелерін таныстырып, тілегіңді жолдасаң…

  • Отанымыздың шежіресін құрметтеп, алтын қоры мен асыл қазынасында қордаланған жәдігер-айшықтарын зерделей білетін, ел мұңы, арман-тілегін арқалаған «Мұрагер» тобына сөз берейік.

 

Қызығушылықты ояту

  • Карточканың артқы бетін қарап көрелік, суретті анықтайықшы?

Кім болуы мүмкін?

Әуен естіледі. «Терме» — Өмір туралы

                          —   Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн көрер,

Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн көрер!?

Шыбын шықса жаз болып, таздар қайтіп күн көрер.

Жалаң аяқ балапан қаздар қайтіп күн көрер!? — деп жырлаған Асан Қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы тарихымыздың

ауыр кезеңдерін, халықтың өткені мен ертеңі туралы толғаныс, жылжыған сайын –талассыз  ақиқат екеніне тоқталып кеткен.

  • Енді, балалар, болжап көрейікші, бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпты қозғамақ?
  • Иә, дұрыс айтасыздар, бүгінгі сабағымыз ақын-жыраулар өмірі мен шығармашылығына арналады.

 

Мағынаны тану

Сабақтың тақырыбы: Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар

Сабақтың мақсаты: Эпостық аңыздардың тарихи маңызын

ашып, ХҮ-ХҮІІІ ғғ өмір сүрген ақын-жыраулардың

өмір жолы мен шығармашылығымен танысу, бір-

бірінен ажырата білу

Оқушылардың міндеттері:Әрбір топ мүшелері қызметін бөліп, тақырыпты

бірлесе ашуда ізденіспен, қабырға газетін

жасақтап, белсенділік таныту.

Жоспар:

  • Эпостық аңыздар
  • ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы ақын-жыраулар

(Сыпыра, Асан қайғы, Қодан тайшы, Қазтуған Сүйінішұлы

Доспамбет, Шалкиіз)

  • ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ жыраулары

(Жиембет Бортоғашұлы, Марғасқа жырау, Ақтамберді Сарыұлы

Тәтіқара ақын, Үмбетей жырау, Бұқар жырау Қалқаманұлы)

 

—  Тарих қашан да өз перзенттерінің құнды мұраларымен қымбат, әрі барлық кезеңдердің сарапшысы. Ерлігі мен еркіндікке құштар күрестерге, батырлығы мен бостандық дегенде жан салмайтын байламдарға, шешендер мен ел тағдырын шешетін сәтте ақыл-парасатымен, дана-сәуегейлігімен өмір шыңдығын толғап жеткізуші жырауларға толы бүгінгі күнге өз жемісін жеткізіп отыр.

Әдебиетші Н.Тоғызбайұлы:

  • Аңыз дегеніміз не?
  • Аңыздарда не туралы жазылады?
  • Жырау атауы нені білдіреді?
  • Ол қандай адам?

 

Сабақтың барысы:

Жүзеге асырылатын әрекеттер:

  1. Оқулықтағы мәтінді талдау
  2. Кітапханамен жұмыс
  3. Интервью
  4. Безендіру

Кезеңдері:

  • Мәліметтерді жинақтау – 5 минут
  • Топ ішінде талқылау – 5 минут
  • Қорғауға дайындық — 3 минут

— Ендеше, іске сәт, қабырға газетін жасақтауды бастаймыз!

 

Негізгі оқиғалар

          

ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы ақын-жыраулар

Сыпыра жырау(ХІҮғ) – Қазақстанның батысында өмір сүрген түркі тілдес ру-тайпалардан шыққан жырау қазақ пен ноғайға ортақ тұлға.

Ел қамын жеген қамқоршы ақсақал ретінде «Ер Тарғын», «Едіге»жырларында кездеседі.

ХІІІ-ХҮғғ өмір сүрген жыраулар – Асан қайғы, Қодан тайшы, Кетбұға

Асан қайғы – Жерұйықты іздеуші.

Ш.Уәлиханов «Қазақ-ноғай халқының философы»

Қодан тайшы – Дайырқожа бидің әкесі

Қазтуған Сүйінішұлы – 1420ж Астраханьдағы Қызылжар деген жерде дәулетті отбасында дүниеге келген.

Үш жыры жеткен, әйгілісі — «Алаң  да алаң, алаң жұрт»

Доспамбет – 1490жылы Дон өзенінің төменгі ағысындағы Азов қаласында әскери билеуші шонжар тұқымынан шыққан.

Жырлары: «Айнала бұлақ басы жоқ», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Азау, Азау дегенің», «Арғымаққа оқ тиді», «Айналайын Ақ Жайық»

Шалкиіз(1465-1560жж) – Жайық өзенінің шығыс жағалауында дүниеге келген. Ноғайлының әміршісі Темір бидің жанында болған.

 

ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ жыраулары

Жиембет – алшын руын ертеден билеп келе жатқан атақты рубасылардың әулетінен шыққан. Есім ханның әскербасы қызметінде және кеңесшілерінің бірі болған. 1620ж Есімханның ойраттарды жеңуге өзінің үлесін қосқан. «Әмірің қатты Есім хан» жырының авторы.

Марғасқа жырау – Есім ханның ең жақын жорық жырауы болған. «Еңсегей бойлы ер Есім» атты жеті мың жолдық тарихи жыры белгілі.

Ақтамберді Сарыұлы(1675-1768ж) – Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау бойында, дәулетті отбасында дүниеге келген. 93 жасында Семей өңіріндегі Жүректі деген жерде қайтыс болған. Жүрекжота деген төбенің үстінде жартылай бұзылған күмбезі күні бүгінге дейін сақталған.

Тәтіқара ақын – Қостанай аумағындағы Сарыкөл маңында туып-өскен. Абылай ханның қасында болған. Бір ерекшелігі – ол өзінің жырларында қазақ батырларының қай ру-тайпадан екендігін хабарлап отырған.

Үмбетей жырау(1706-1778ж) – қазіргі Ақмола облысы, Ерейментау ауданы жерінде өмір сүрген. «Ей, Ақтамберді, Қабанбай», «Бекболат биге», «Бөгенбай өліміне» жырларының авторы.

Бұқар жырау Қалқаманұлы(1693-1787ж) – Баянауыл ауданының далба тауының етегінде жерленген. Абылай ханның ақылшы, кеңесшісі болған.

 

Ойтолғаныс

  • Уақыт тәмам болды. Қабырға газетін қорғаушыларды ортаға шақырайық.
  • Топтар, қоятын сауалдарыңыз бар ма?
  • Ақын-жыраулар өлеңінен үзінділер жасырылады

«Әдебиет айнасы»

  1. «Ердің құны болса да, қол қусырып барған соң, аса кеш те қоя бер,

бұрынғыны қуыспа» — деген тіркестер кімнің шығармасынан алынған?

Асан қайғы

  1. Дулат Бабатайұлының «Еспембет» поэмасында батыр кейпінде

бейнеленген жырау?                                                 Ақтамберді

  1. «Керей, қайда барасың?» кімнің шығармасы? Бұқар жырау
  2. «Жыраулардың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да, көптің мұңы, көптің жайы туралы айтылады.» — деген кім еді? Мұхтар ӘУЕЗОВ
  • Тарихи сұрақтар қойылады.

«Тарих беттерінен… »

  1. Абылайдың керемет қасиеттерін жырлап, Орта Жүздегі оқиғаларға белсене қатысқан, шығармаларына батырлар ерлігін арқау еткен XVIIІ ғасырдың IІ жартысындағы танымал ақын?  Тәтіқара
  2. XVIIІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілі, ұлы тұлғалардың бірі, Абылайдың кеңесшісі болған жырау? Бұқар
  3. 1490 жылы Азов қаласында дүниеге келген жырау? Доспамбет

(2010ж 23 нұсқа  5 сұрақ)  (2008ж 12 нұсқа  24 сұрақ)

  1. Есім ханның Кіші жүздегі ел басқарушы, биі болған жырау? Жиембет

(2011ж 7 нұсқа 14 сұрақ)

  1. «Еңсегей бойлы Ер Есім» тарихи жырының авторы? Марғасқа

(«Шың»)

Бағалау

Топ басшыларының бағалау парағын есепке ала отырып жүргізу

 

Үйге тапсырма беру: §25 оқу, қосымша деректерді пайдаланып, ақын-

жыраулар жөнінде мәлімет, баяндама дайындау

Сыныптағы әрбір оқушыға жеке үлестіріледі

 

Қорытындылау

Бұқар жыраудың «Тілек тілейік» өлеңі тыңдалады

Терме.(Бекболат Тілеуханның орындауындағы Қазтуғанның термесі)

ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда өмір сүрген жыраулар халқымыздың басына ауыр күн туғанда ақыл-кеңес берген данагөйлері, жау шапқанда, қолдарына ақ найзаларын ұстап қарсы шыққан батырлары.

Олардың есімдері мен толғаулары тарихымызда мәңгі сақталады.