Сақтардың қоғамдық құрылымы және идеологиясы
10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)
Сабақтың тақырыбы: §7. Сақтардың қоғамдық құрылымы және идеологиясы
Сабақтың мақсаты:
- Сақтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығының дамуы, кәсібі, бейнелеу өнерінің дамуы туралы түсіндіру. Діни наным-сенімдерді, антропологиялық зерттеулерді атап өту.
- Бәсекеге барынша қабілетті білімді, адамгершілігі жоғары жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
- Карта
- Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте.
Үй тапсырмасын сұрау:
- Темір дәуіріне сипаттама беріңдер.
- Сақтар туралы жазба деректер қандай грек, парсы ғалымдары мен философтарын білесіңдер? Олардың қалдырған деректерінен не білуге болады?
- Сақтар туралы қытай деректері қандай мағлұматтар береді?
- Анахарсистің әлем философиясындағы алатын орны қандай?
- Соңғы кезде темір дәуіріне байланысты қандай жаңалықтар болды?
- Қазақстан жеріндегі темір дәуірінің ескерткіштерінің зерттелуі туралы не білесіңдер?
Сабақтың жоспары:
- Сақтардың қоғамдық құрылысы
- Сақ тайпаларының шаруашылығы
- Қолөнер мен зергерліктің дамуы
- Бейнелеу өнері
- Діни наным-сенімдер
- Сақтардың антропологиялық өзгерістері
Сабақты бекіту:
- Сақтардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік жағдайлары қандай болған?
- Сақ тайпаларының шаруашылығы туралы археологиялық деректер мен жазба деректерді салыстыра отырып, айтып беріңдер.
- Темір дәуіріндегі қолөнер мен зергерлік туралы не білесіңдер?
- «Аң стилі» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сақтардың діни-нанымдары
- Сақтардың антропологиялық жағынан монғолоидтік пішінге айнала бастауының себебі неді?
Бағалау: өзін өзі
Үйге тапсырма:§7.