БРЕЙН РИНГ САЙЫСЫ
БРЕЙН РИНГ САЙЫСЫ
Сайыстың мақсаты: Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру. Туған жерін, отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.
Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет». Ш.Уәлиханов.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, биология, спорт.
Өтетін орны: Мультимедия кабинеті.
Сайыстың жүру барысы:
Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 9-10 «а» және «б» сыныптары арасында өткізілетін«Брейн ринг» сайысына қош келдіңіздер!
Жарысқа қатысушы командалармен және әділқазылар алқасымен таныстыру.
Сайысқа катысушы топтармен таныстыру (команда капитандарын да
таныстыру):
- 9 «А» сыныбы – «Болашақ» тобы
- 9 «Б» сыныбы – «Атамекен» тобы
- 10 «А» сыныбы – «Мұрагер» тобы
- 10 «Б» сыныбы – «Алаш» тобы
Сайыс жоспары:
- «Кім жылдам ойыны», яғни капитандар сайысы
- «Терминдер сөйлейді»
- «Жалпы сұрақтар»
- «Егер де мен болсам ….»
Сайысымыздың Бірінші туры «Кім жылдам» ойынын бастаймыз. Әр дұрыс жауап 1 ұпай. Бұл турда сұрақтарға команда капитандары ғана жауап береді. Бірінші болып «…………………..» командасының капитаны бастайды. Әр сұраққа 5 секунд ішінде жауап беру керек.
Команда капитандары келіп нұсқалар жасырылған жеребе қағазын алып, кезек бойынша жауап береді.
I тур «Кім жылдам»
I нұсқа.
- Түркілердің жаңа жылы (наурыз)
- Тәукеханның зандар жинағы (Жетіжарғы)
- ҚожаАхмет Йассауи күмбезінде»жерленген батыр (Бөгенбай)
- ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің кайнаркөзі (халық)
- Қазақ хандығының алғашқы ханы(Керей)
- Қазақстан БҰҰ-ға кірген жылы (1992 ж.)
- Қазақ автономиясының алғашкы астанасы (Орынбор)
- Бала туғанда қазақтар қандай той істейді (шілдехана)
- Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан (Түркістан)
- Ұлы Отан соғысында қазақ арасында ең жас Кеңес одағының батыры кім? (Елеусізов)
- «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім? (О. Сүлейменов)
- Конституция неше баптан тұрады? (98)
- Шығыс Қазақстан бойынша қандай темір жол өтеді? (Түрксіб)
- Ақтабан-шұбырынды жылдары (1723-1727)
II нұсқа.
- Қазақтың тұңғыш академигі (Сәтбаев)
- Қамшыгер деген кім?(қамшының қожасы)
- Қазақстан уран, фосфорит шығарудан әлемде нешінші орында (2)
- Отырар қаласы басында қалай аталды (Фараб)
- Ноғайордасыныңастанасы (Сарайшық)
- Қаз дауысты… (Қазыбек би)
- Астана қай өзеннің жағасында салынған (Есіл)
- Қойдың басын кімге тартады (сыйлы қонаққа)
9.1867-1868 жж. реформа бойынша Қазақстан неше генерал-губернаторлыққа белінді (3)
- Тың игеру жылдары (1954-1956)
- Сүйінбайдың әкесі кім(Арон)
- Соғыс кезінде «шығыс кілті»деп қай қаланы айтты ?(Сталинград)
- «Алаш» партиясының құрылған жылы (1917 ж.)
- Шоқанның есімін әлемге әйгілі еткен саяхаты (Қашғар саяхаты)
III нұска.
- Бидайдан жасалған сусын (бидай көже)
2.Өскемен қаласының негізі қаланған жыл (1720 ж.)
- Малдың жаппай қырылуы (жұт)
- Алғашқы қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров)
- Астана қай жылдан бастап ҚР астанасы депаталды (1998 ж.)
- Қазақстанда қола мәдениетін зерттеген ғалым (Ә. Марғұлан)
- Үкітағар сыйлықты бас құда кімге береді (қалыңдыққа)
- Малшаруашылығыныңтүрлері (көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы)
- Томирис қай тайпаның патшайымы болды?(сақ)
- Сығанақ қаласы моңғолдарға қанша ай берілмей тұрды (3 ай)
- Қазақ халқының 100 әнін жинақтаған кім?(Затаевич)
- Тәуелсіздікті алған жыл (1991 ж.)
- ШҚО-ның әкімі (Даниал Ахметов)
- Семей қаласының негізі қай жылы қаланды (1718 ж.)
ІV нұсқа.
- ҚР вольфрам өндіруден нешінші орын алады (1)
- Түйенің сүтінен жасалған сусын (шұбат)
3.1929-1997 жж. Қазақстанның астанасы (Алматы)
- Сөзден не бұзылады (көңіл-күй)
- Алашахан күмбезі орналасқан жер (Орталық Қазақстан)
- ШҚО «Алтын адам»табылған жерлер (Берел мен Шілікті)
- Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандық (Р. Қошқарбаев)
- Алғашқы қазақ хрестоматиясының авторы (Ы. Алтынсарин)
- «Қасым ханның қасқа жолы» неше бөлімнен тұрады? (5)
10.«Қан мен тер» романының авторы (Нұрпейісов)
11.Махамбет пен Исатайдың туған жері (Бөкей Ордасы)
- Бала бірінші сыныпқа барғанда қандай той жасалады? (Тілашар)
- «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы (Жамбыл)
- Ежелгі сібір тайпаларының тілдерінде «қазақ» сөзі қандай мағынаны білдірген ?(«мықты, берік, алып» )
II тур «Терминдер»
Ұпай саны аз командадан бастаймыз, берілген терминнің анықтамасын айтып беру керек. Ақылдасуға 20 секунд уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.
- Би — дау — жанжалға бітім айтып, терелік жасаушы, ел ішіндегі әділ қазы, рубасы.
- Революция — қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс, төңкеріс.
- Диаспора — басқа мемлекеттің аумағында тұратын халықтың шағын бір бөлігі, бұрынғы өз Отанынан тысқары жерлерге қоныстанған адамдар.
- Дуал — балшықтан қаланып биік етіп салынған қоршау.
- Кісе — күміс, жез қаптырмалармен безендіріп, қалташалар салған жалпақ былғары белдік.
- Інжу – монғолдың «ханның жері» деген мағынадағы сөзі.
- Арыс —бірнеше рудың бірлестігі.Оны басқарған би.
- Кешіктен — ханның жеке басын қорғайтын жасауыл.
- Көген — қозы-лақ байлайтын ағытылмалы бұршағы бар, қыл арқанға тағылған қысқа жіптер.
- Аттұлдау — қайтыс болған ер адамның тірі кезінде мініп жүрген атының жал-құйырығын күзеп, жылына дейін құр жіберу(мінбеу), асына сою.
- Құйысқан — ат әбзелі. Ер-тоқымның алға сырғып кетпеуін қамтамасыз етеді.
- Медресе — Ислам дінің оқытатын орта және жоғары дәрежелі оқу орны.
III. Жалпы сұрақтар. Бұл турда әртүрлі ғылым салаларын сұрақтар қойылып, командалар кезектесіп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі. Ойлануға 20 секунд. Егер сұрақ қойылған команда жауап бере алмаса, онда қарсылас командаға жауап айтуға рұқсат беріледі. Ойынды ұпай саны жоғары команда бастайды.
- Бұрынғы Семей облысының қай аудандында архитектуралық ескерткіштер жасауда кеңінен қолданылатын өте сапалы габбро (қара гранит) өндіретін кен орны орналасқан? (Аягөз ауданы, Шұбартау өңірі)
- Қазақ хандығының даңқты қолбасшыларының бірі, әйгілі Қабанбай батырдың жорыққа мінген тұлпарының аты (Қубас).
- Малай сұржыланының лақап аты «100 метр». Бұл қорқынышты жыланға мұндай атау не үшін берілген? (Шаққаннан кейін оның жемтіктері тек жүз метр жер ғана жүре алады, яғни өте улы жылан).
- Германияның Майндағы Франкфурт қаласында ер адамның қандай затына ескерткіш орнатылған? (Галстук)
- «Семей полигоны» атты кітаптың авторы? (К. Бозтаев);
- Арыстан баласы? — абдан.
- Шыңғыс ханның алтын ерінің құрметіне қойылған жер аты қалай аталады? Бұлжер Алматы облысы Кербұлақ ауданында орналасқан (Атынемел).
- «Тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылым — әдебиетін , өнеркәсібін , мәдениетін , қоғамдық құрылысын , салт – санасының , мұрасының қай дәрежеде екендігін көрсететін сөзсіз дәлел мөлшері деп айтқан қазақ халқының атақты тұлғаларының бірі. (Бауыржан Момышұлы)
- Гений болу үшін — 1 % шабыт және 99 % еңбек ету керек деп айтқан өнертапқыш? (Томас Эдисон)
- Үндістанның қандай таулы үстірті университеттегі факультетті басқарады? (Декан)
- Францияның қай қаласы терезеде ілініп тұрады? (ТЮЛЬ).
- Қазақстандағы қыз баланың есімімен аталатын мұнай кен орны (Қаламқас).
- Семей қаласының тұрғындары өздерін «семейліктер», Манчестер қаласының тұрғындары өздерін «манукуниандықтар» деп атаса, ал Монаколықтар өздерін қалай атайды? (Монегаски).
- Француздар үндістердің қай тайпасын бұзақылар деп атаған (Апачи, «Апаш» фр. «Бұзық» деген сөз)
- Ауыл шаруашылығына орасан зор зиянын тигізетін жәндік (Саранча).
- Ең қарапайым программалау тілі (Бейсик).
- М.Х. Дулати: «Жошыдан кейін бұл жұртта (Дешті Қыпшақта) одан ұлы хан болған емес»- дейді. Ханның әскер саны 300 мың деп көрсетеді. Бұл мәлімет қазақтың қай ханы жөнінде айтылып тұр? (Қасым хан 1511-1518 (1523) жж).
- Жер шарындағы ең ірі сүтқоректі – піл болса, ірілігі жағынан екінші орында қай жануар тұр? (Мүйізтұмсық).
- Қазақстан 2014 жылы Алматы қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде жалпы командалық есепте нешінші орын алды? (Қытаймен Солтүстік Кореядан кейін 3-ші орын алды)
- Н. Назарбаевтың 11.11.2014 жылдағы жолдауының атауы («Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол»).
IV тур «Егер де мен болсам…»
Бұл турда әрбір командадан бір оқушы шығып, берілген тақырып төңірегінде әділқазыларға өз ойларын айтып, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру керек. Ойлануға 3 минут уақыт беріледі. Тақырыптар жеребе арқылы беріледі. Ең жоғары ұпай 10.
- Егер де мен болсам білім министрі.
- Егер де мен болсам денсаулық министрі.
- Егер де мен болсам кәсіпкер.
- Егер де мен болсам спорт министрі.
Көрермендерге арналған сұрақтар:
- Қазақстанның монет сарайы орналасқан қала? (Өскемен).
- Не себепті автокөліктердің ішкі салоны және шиналары қара күңгірт түсті болып келеді? (Күнді шағылыстырмайды)
- Қандай кәсіптің мамандары Гиппократ антын қабылдайды? (дәрігерлер)
- Оңтүстік және Оңтүстік – шығыс Азия елдерінде аяқпен ойнайтын, волейболға ұқсас кең таралған ойын түрі («Сипактакро»).
- Шығыс елдерінде кеңінен тараған сауда орталықтары қалай аталады?(Базар)
- Қаскелең қаласында орналасқан печенье мен конфеттер шығаратын кәсіпорын («Хамле»).
- Компьютерде ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі (бит)
- Қазақстанның пайдалы қазбалар көмбесі (Сарыарқа).
- Бұғының баласы (Бұғышақ)
(Оқушылардың шешендік өнері тыңдалғаннан кейін, әділқазылар қорытынды сөзді айтады)
Жүргізуші: Сонымен ойынымыз аяқталды. Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі ойынымызға келгендеріңізге, белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!