Сабақ тақырыбы : Біздің Елбасы

Сабақ тақырыбы : Біздің Елбасы

Сабақ  мақсаты :

Білімдік : Оқушыларға Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә . Назарбаев туралы жан – жақты түсінік қалыптастыру , елбасының қоғамға  және мемлекетке  сіңірген еңбегі , экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық : Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында сабақ мазмұнын дамыта отырып , тарихи оқиғаларды , фактілерді салыстырып , талдауға үйрету , білім алуға құштарлығын арттыру . Оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту .

Тәрбиелік :.Елбасының халқына сіңірген еңбегін , ерлігін , жүргізген саясатын үлгі ету , оқушылар бойына демократиялық құндылықтарды

сіңіріп ,толерантылыққа бейімдеу. Туған жерге , отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

А) ұлттық тәрбие беру

Ә) саяси тәрбие беру

Б ) патриотизмге тәрбиелеу

 

Сабақ түрі :.Конференция сабақ

 

Сабақ әдісі : Дөңгелек – үстел түрінде .Ауызша баяндау , сұрақ – жауап

әдісі , топпен жұмыс , диаграмалармен, кестелермен , тірек -сызбалармен жұмыс , топтастыру стратегиясы .

 

Сабақ көрнекіліктері :  Елбасының суреті , карта , тірек – сызбалар , кесте .

 

Пәнаралық байланыс :.Жалпы тарих , Қазақ әдебиеті . География . Адам және қоғам .

 

Қосымша материалдар  мен  пайдаланылған әдебиеттер :

1.Жалпы тарих және Қазақстан тарихы — әдістемелік журналдары

  1. «Қазақстан » энциклопедиясы

3 . «Қазақстан — 2030» — стратегиялық бағдарламасы

  1. Н. Ә .Назарбаев «Тарих толқынында»

5 . Н. Ә . Назарбаев «Әділеттің ақ жолы »

6 . Махмұт Қасымбеков , «Елін сүйген , елі сүйген елбасы»

  1. Ольга Видова «Нурсултан Назарбаев – портрет человека и политика»
  2. Егеменді Қазақстан – газетінің материалдары .

9 . Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ барысы :

І-Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу , конференцияға дайындығын тексеру . Оқушыларды дөңгелек үстелге төрт топқа бөліп отырғызу .

  1. Тарихшылар тобы
  2. Экономистер тобы
  3. Саясатшылар тобы
  4. Мәдениеттанушылар тобы .

 

  ІІ –  Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін сұрақтар қою .

  ІІІ – Конференция сабақты өткізу .

  ІҮ – Бекіту сұрақтары .

  Ү – Сабақты қорыту.

  ҮІ – Үйге тапсырма .

 

ІІ – Сабаққа қызығушылығын оятатын сұрақтар беру .

1 . Қазақстан қай құрлықта орналасқан .

2 . Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орнында .

3 . Орта ғасырда Қазақ хандығының астанасы қай қала болды .

  1. Қазақтар қай тілдес халық ?
  2. Қазақстанда неше облыс бар ?
  3. Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев қай жерде туды .

7 . Қазақстанның мемлекеттік тілі ?

8 . Ұлттық валюта қай жылы енгізілді ?

9 . Н. Ә. Назарбаев қай жылы дүниеге келді ?

  1. Астана қаласы қай жылы Қазақстанның астанасы болды ?

11 . Қазақ елімен көршілес елдерді ата ?

12 . Түркияның алғашқы президенті ?

  1. Қазақстан қай жылы БҰҰ – ның мүшесі болды ?

14 . Конституциямыз қай жылы , қай айда қабылданды ?

15 . Қазақстандағы саны жағынан  ең үлкен партия ?

 

ІІІ – Конфенция сабақты өткізу

 

1 .Ой шақыру стратегиясы .

Мұғалім : Қазақстан Республикасының алғашқы және қазіргі президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тек қана біздің ел ғана емес , әлем таныған саяси тұлға . Елбасының саясаты арқасында қазіргі кезде елімізде тыныштық пен татулық орнап отыр . Бүгінгі конференциямызда елбасы туралы жан – жақты танысатын боламыз .

 

2 . Ой қозғау стратегиясы .

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі , саясаттағы , экономикадағы , мәдениеттегі атқарған істерін талдау үшін конференцияға қатысушыларға сөз береміз .

 

 

 

 

 

 

  Тарихшылар :

                              Мемлекетіміздің  басшысы   Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы

1940 жылы Жетісу жерінде , яғни Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында  туған . Елбасының атасы Назарбай өз аймағында билік жжүргізген , қолында мөрі болған , ел басқарған адам екен . Шамалған , Қаскелең , Үшқоңыр жайлауы деген жерлерді қоныс қылып мекендеген . Назарбай ақсақал – елді отырықшылыққа икемдеп , жерге тұрақтандыруға көп көңіл аударған адам екен.Елбасының әкесі Әбіш – Назарбай ақсақалдың кенжесі болған .Назарбайұлы Әбіш , қазақ халқының атақты батыры Қарасайдың жетінші ұрпағы .Болашақ мемлекет басшысының атын Нұрсұлтан деп , әжесі Тәтебала , қасиетті Құраннан алып қойыпты . Қасиетті Құран – Кәрімде Нұр деген сөз Құдайдың 99 атының бірі екен , ал сұлтан дегеніміз  Шығыстың ел басқарған адамдары.

Орта мектеп бітіргеннен кейін, 1958жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды  металлургия комбинатында жұмыс істеді . Қарағанды политехникалық институтын бітіргеннен кейін 1970 жылы Теміртау қаласының партия комитетінде басшылық қызмет атқарды . Теміртау қаласындағы металлургия комбинатында қарапайым жұмыскер болып , одан кейін, Қарағанды облысының комсомол және партия салаларының басшылығында жұмыс атқарған кезде , болашақ елбасы арқашанда адал , қажырлы , еңбекқұмар , жан-жақты білімді азамат болған . Өндірістік , экономикалық және әлеуметтік проблемаларды жетік білуі , халықпен тіл табыса алуы өз көзқарасын қорғай білуі , Н.Ә Назарбаевтың қызметінің өсуін тездетті

Н. Ә. Назарбаев 1979 жылы Қазақстан Компартиясының хатшысы , ал 1984 жылдан еліміздің Министрлер кеңесінің төрағасы болды . Қазақстан Республикасының үкіметін басқарған кезде , көптеген өнеркәсіп орындарының іске қосылуын және ауылды дамыту үшін көптеген іс – шаралар жүргізді .1989 жылы Қазақстан Компартиясының

1- хатшылығына сайланып , елді басқара бастады . 1990 жылы Қазақ КСР – інің президенті болып сайланды . Сол кезеңде елімізде өте қиын жағдай қалыптаса бастады . Қазақ елі бағынып тұрған КСРО мемлекеті құлдырап,

күйрей бастады .   1991 жылы 1- желтоқсанда Н. Ә . Назарбаев бүкіл халықтың дауыс беруі нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды . Еліміздің өтпелі де , ауыр кезеңінде Елбасы көптеген әлеуметтік , экономикалық және саяси реформалар жүргізіп қоғамызды тығырықтан алып шыға білді . 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет басшысы тынымсыз еңбек етіп , қаншама жұмыс істеді . Тұтас мемлекетті қалыптастырды , басқару жүйесін реттеді , шекарамызды нығайтты , халықтың жағдайын түзеді .

1997 жыл «Қазақстан – 2030 » стратегиялық бағдарламасын

қабылдап , қоғам мен мемлекеттің ұзақ жылдық  дамуын айқындап берді .

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1999 жылы және

2005 жылғы президент сайлауына түсіп , көп дауыспен жеңіске жетіп

отырды .  Халқымыз елбасыны айрықша жақсы көріп құрмет тұттады .

 

 

 

 

 

 

Тарихшылар тобына сұрақтар :

 

  1. Елбасының «Қазақстан — 2030» стратегиясы неше басымдықтан тұрады
  2. КСРО мемлекеті қай жылы құлап , ТМД ұйымы қай жылы құрылды ?
  3. Семей ядролық полигоны жабылған жыл ? .
  4. Қазақтың алғашқы хандары ?
  5. Астанадағы президент резиденциясы қалай аталады ?

6 . КСРО елін басқарған партия

7 . Парламент неше палатадан тұрады ?

8 . Қазақстанда қандай үлкен өзендер бар ?

 

 

 

 

 

 

Тарихшылар тобы жасаған хроногиялық кесте

 

 

1940 жылыҚазақстан Республикасының Президенті  Н. Ә . Назарбаев дүниеге келді
1958 жылыН. Ә. Назарбаев  орта мектепті бітіріп , Теміртау қаласына Қарағанды металлургия комбинатында жұмысқа тұрды
1958 жылыУкрайнада Днепродзержинск қаласында техникалық училищеге оқуға түсті
1962-1965 жылдарыҚарағанды политехникалық институтын оқыды .
1971-1984 жылдарыҚарағанда облысында партия және комсомол ұйымдарының хатшысы болып істеді .
1984-1989 жылдарыН. Ә. Назарбаев Қазақ КСР – нің үкіметінің төрағасы болды
1989-1990 жылдарыҚазақстан Коммунистік партиясының 1- хатшысы болды
1990 жылыҚазақ КСР – нің Жоғары Кеңесінің сайлауымен

Н.Ә. Назарбаев Қазақ КСР – нің президенті болды .

1991 жылыБүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болды
1997 жылыН. Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасын қабылдайды
1999 жылыБүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев тағы да

мемлекет басшылығына сайланды

2005 жылыБүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Елбасына халық тағы сенім көрсетіп , Н.Ә : Назарбаев Президент болып сайланды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономистер :

 

Мемлекетіміздің соңғы жылдардағы экономикасының шапшаң дамуына елбасының еңбегі айрықша зор . Себебі , өткен ғасырдың 90 жылдары Кеңес Одағы құлап , еліміз орасан зор экономикалық қиындыққа ұшыраған кезде мемлекет басшысы ,  ештеңеден қорықпай тәуекелге бел байлап  экономикалық реформалар жүргізе білді . Қазақстан сол кездері КСРО – ның қол астындағы шикізат беруші артта қалған ел болған еді . Барлығы мемлекет қолында болған әміршіл — әкімшіл жүйеге сүйенген жабық қоғам болды . Елбасының тікелей инциативасымен , әкімшіл — әміршілдік экономикадан — нарықтық экономикаға , жабық елден ашық қоғам құруға кірісті. 1995 жылдың қаңтардан 1995 жылғы қарашаға дейін тікелей президенттің қатысуымен 147 нарықтық заңдар шығарылды . Сол заңдардың арқасында ел экономикасы жекшелендірілді , елге шетел инвестициясы кеңінен тартылды . Өтпелі 90 жылдары төмендегідей заңдар қабылданды «Жекешелендіру туралы » , «Салық кодексі» , «Орташа кәсіпорындар» , «Жер туралы» , «Шетел инвестициясы туралы» ,

«Меншік туралы» т.б экономикалық және әлеуметтік заңдар қабылданды .

Елбасы Қазақстанның экономикасымен , бірге халықтың әлеуметтік жағдайынада көп көңіл бөліп отырды . Зейнетақы , жалақы және жәрдемақы уақытында беріліп отырды және жылдан – жылға өсуде . Қазақ елінің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы «Қазақстан — 2030» бағдарламасында кең орын алған . Президентіміз өз бағдарламасында экономикаға үшінші басымдық бере отырып , экономиканы дамытуға және реттеп отыруға мемлекеттің белсенді рөл атқаруын қолдай отырып , бірақ мемлекет органдарының , ел экономикасына жөнсіз араласқанын қолдамайтынын атап көрсетті . «Қазақстан — 2030» — стратегиялық бағдарламасында – нарықтық экономиканы тұрақтандырып дамыта беру , кәсіпкерлерге несие беру , теңгені тұрақты ұстап тұру ,озық технологияны тарту ,  инфляциямен күрес , шетел капиталын тарту мәселелері жан- жақты атап көрсетілді .Мысал ретінде  Президентіміздің экономикалық және әлеуметтік реформаларының нәтижесінде , қазіргі кезде Қазақстан Республикасы жақсы дамыған нарықтық экономикасы бар елге айналып келеді . Өте қуатты кәсіпкерлер мен фермерлер табы қалыптасты . Шетелден елімізге , әлемге танымал корпорациялар  мен фирмалар келіп жұмыс істеуде . Қазақстан кәсіпкерлеріде басқа елдерге инвестиция салып жұмыс істеуде .

Соңғы жылдары әлемді экономикалық дағдарыс жайлады .

Бірақта Қазақстан үкіметі дағдарыстың алдын алу үшін ,   елбасы

Н. Ә . Назарбаевтың басшылығымен тынымсыз жұмыс жүргізді . Осының арқасында ел экономикасына әлемдік дағдарыс онша қауіп төндірмей отыр .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономистер тобына сұрақтар беру :

 

1 . Қазақстан КСРО тұсында экономикасы қандай түрде болды ?

2 . Елімізде экономикалық реформалар қай жылы басталды ?

3 . Қазақстанда шетелдің қандай компаниялары жұмыс істеуде :

4 . Импорт – экспорт дегеніміз не ?

5 . Ата заңымыз бойынша елімізде меншіктің қандай түрлері рұқсат етілген ?

6 . Инвестиция , капитал дегеніміз не ?

7 . Қазақстанда экономиканың қай саласы күшті дамыған ?

8 . Еліміздің қандай банкілерін білесіңдер ?

 

 

Экономистер тобы жасаған  диаграмма .

 

 

      Мақсаты
        Қазақстанда дамыған

нарықтық экономика құру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саясатшылар :

 

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев сыртқы және ішкі саясатта данышпан да , алғыр саясатшы ретінде әлемге кеңінен танымал адам . Президентіміздің жүргізіп отырған сараптал саясатының арқасында еліміз тыныш жағдайда өмір сүріп жатыр . Ұлттық қауіпсіздік , ішкі және сыртқы саяси тұрақтылық – мемлекетіміздің  және елбасының ең басты саясаты болып отыр . «Қазақстан – 2030 » — стратегиялық бағдарламысында , мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев – ұлттық қауіпсіздік мәселесіне бірінші басымдық беріп отыр . Себебі адамзат баласында мемлекет алға басу үшін ең бірінші соғыс болмау керек , елде тыныштық болуы шарт . Елде тыныштық болу үшін Нұрсұлтан Әбішұлы сыртқы және ішкі саясаты өте дұрыс жүргізіп отыр .

Қазақстан сыртқы саясатта барлық елдермен тату – тәтті саясаты жүргізіп отыр . Қазақстан тәуелсіздікті бейбіт жолмен алғаннан кейін , әлем елдерімен көпвекторлы саясат ұстанды . 1993 жылы Қазақстан елі , Лиссабон хаттамасына қол қойып ядролық қарудан бас тартып , әлемге үлгі көрсетті . Барлық әлем елдеріне президентіміз өзара достық қарым – қатынас жасауға , бейбітшілік саясат жүргізуге шақыруда . Қазақстан сыртқы саясатта бірнеше елдермен көпвекторлы татулық саясат ұстанып отыр . Бұл елдер :

  1. Ресей бастаған ТМД елдері
  2. Түркия , Иран , араб елдері
  3. АҚШ , Еуропадағы Батыс елдері
  4. Қытай , Жапония , Корея бастаған Шығыс Азия елдері

Мемлекет басшысы ішкі саясатқада көп көңіл бөлуде . Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан , елбасы ұлттар арасындағы татулықты қолдап отыр . Қазақстандағы барлық ұлттар Ата заңымыз бойынша тең құқықты , өз тілдерінде сөйлеуге, өз діндерін ұстауға , өз мәдениеттерін дамытуға барлық рұқсат берілген . Елімізде Қазақстан халықтар ассамблеясы жұмыс істеуде , көптеген ұлттық — мәдени орталықтар еркін жұмыс істеп тұр . Қазақстан мемлекетінің негізін құраушы халық ретінде қазақ халқының тілі ,діні , мәдениетінің дамуына елбасы зор көңіл бөлуде.

Н.Ә. Назарбаевтың тікелей ықпалымен отаршылдық саясаттың кесірінен

жойылып кете жаздаған  қазақ тіліне мемлекеттік тіл статусы беріліп ,

қазақ тілінде көптеген мектептер ашылды . Қазақ тілі қоғамы жұмыс істеп ,

басқа ұлттың өкілдері қазақ тілін үйренуде . Мемлекет басшысы дінаралық

татулыққада барынша қолдауда . Елімізде мешіттер , шіркеулер ашылып

жұмыс істеуде . Қазақ халқы мұсылман дінін ұстанғандықтан , ислам

дінінің қазақ елінде жан – жақты дамуына , халқымыздың имандылыққа

беттеуіне көп көңіл бөлінуде .Елбасы мемлекетімізді және қоғамызды

біртіндеп демократияландырып келе жатыр . Бұған дәлел Парламенттің

билігі мен саяси маңызы күшеюде , елімізде көптеген саяси және қоғамдық

ұйымдар еркін жұмыс істеп жатыр .

 

 

 

 

 

 

 

 

Саясатшылар тобына сұрақтар :

 

1 . Қазақстанда қандай халықтар тұрады және олар қандай діндерді ұстайды ?

2 . Орташа тап деген не ?

3 . Қоғамызда жиі айтылатын толеранттық , көпвекторлы саясат , демократия деген сөздердің мағынасын түсіндіру .

4 . Қазақстан әлемдік қандай ұйымдарға толыққанды мүше болып отыр ?

5 . Қазақстанның тәуелсіздігін ең бірінші қай ел таныды ?

6 . Әлемде қандай діндер бар ?

7 . Түркі тілдес елдерді атаңдар ?

8  . ХХ ғасырдағы  Қазақ елінің астаналары ?

 

 

                         Саясатшылар жасаған кесте

 

 

                       Елбасының сыртқы және ішкі саясаты .

 

 

 

 

 

 

              Ішкі саясат

 

              Сыртқы саясат
1 . Ішкі саяси тұрақтылықты сақтау

2 . Ұлттар арасындағы келісім

3 . Мәдениетті , тілді өркендету

4. Дінаралық келісімді орнату

5. Қоғамды демократияландыру

6 . Нарықтық экономиканы одан әрі дамыту .

7 . Басқару аппаратын жетілдіру

8 . Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту .

9 . Білім , денсаулық , экологияны жақсарту

10 . Құқықты және зайырлы мемлекет орнықтыру

 

1 . Бейбіт қатар өмір сүру

2 . Көпвекторлы саясат

3 . Шетел капиталын тарту

4 . Ядролық қарудан бас тарту

5. Көрші елдермен достық қатынас

6 . Гуманитарлық байланыс

7 . Түркі тілдес елдермен мәдени және саяси байланысты күшейту

8 . ТМД елдерімен кедендік және әскери одақ құру

9 . Әлемдік ұйымдарға мүше болу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Мәдениеттанушылар :

 

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ елінде мәдениет саласында үлкен өзгерістерді басынан кешті . Халқымыз өз тілін , дінін , төл мәдениетін дамытуға кірісті . Мәдени мұраларымыз , салт – дәстүріміз қайта зереленіп , тарихи тұлғаларымыз халқымен қайта қауышты . Еліміздің ғалымдары қазақ елінің өткенін зерттеп , көптеген ақтаңдақтарды ашты . Елбасының тікелей қолдауымен көптеген тарихи даталармен қатар , ұлы тарихи тұлғалардың мерейтойлары аталып өтілді . Қаныш Сәтпаевтың , Жамбыл Жабаевтың , Абайдың , Алаш оқығандарының  , қазақ батырларының т.б . тойлары аталып өтілді , олардың рухани мұралары зерделенді . Қазақ хандығының орта ғасырдағы астанасы болған қасиетті Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы аталып өтіліп , осы мерейтойда «Қазақстан мен түркі әлемінің рухани тарихындағы Түркістан және Қожа Ахмет Йассауи » тақырыбында ғылыми – практикалық конференция ұйымдастырылды .Тәуелсіздік нәтижесінде  тарихи атаулар қайтарылды , көптеген қала атаулары , көше аттары қазақыланды . Елбасының қолдауымен Тәуелсіздік монументі және Астанада Кенесары , Абылайхан ,Төле би , Қазыбек би , Әйтеке би , Алматыда Жамбыл Жабаевтың т.б тарихи тұлғалардың ескерткіштері ашылды .

2003-2005 жылдары қазақ – американ кинематографистері «Көшпелілер» кинофильмін түсірді . Бұл кино қазақ мәдениетінде үлкен орын алды . «Көшпелілер» фильмін түсіруге тікелей Елбасының өзі қатысып отырды . Бұл кино Абылайхан бабамызға арналған еді .

Елбасымыз мәдениет , әдебиет қайраткерлерімен жиі кездесіп , олармен пікірлесіп отырады . Халқымыздың қаламгерлері Ақселеу Сейдімбеков , Төлен Әбдіков , Әзілхан Нұршайықов  т.б әдебиет қайраткелерімен Елбасы шығармашылық байланыста қатынасып отырады .

Жаңа заманға қадам басқан сайын қоғамызда білім мен ғылым саласыда өзгерістерге ұшырауда . Елбасының тапсырмасымен жаңадан ғылым және білім туралы заңдар қабылданды . Білім саласы жаңа заманға бейімделіп үлкен өзгерістерге ұшырауда .

Мәдени ескеркіштердің көбеюіне Астана қаласыда үлкен өзгрістер жасауда . Астанада тамаша мәдени ескерткіштер – Ақорда , Бәйтерек , Конгресс – Холл т.б еліміздің мақтанышына айналды . Мәдени ғимараттарды көруге Астанамызға мыңдаған адамдар жан – жақтан ағылып келіп жатады . Қазақстанның елордасы Астананы салу , президенттің тікелей еңбегі деп білеміз . Соңғы жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып , осының арқасында қаншама тарихи – мәдени байлығымызды зерделеп жинап алдық .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәдениеттанушылар тобына сұрақтар :     

 

1 . Елбасының өзі шығарған қай әндерді білесіңдер ?

2 . Астана қаласында қандай мәдени орындар бар ?

3 . ХХ ғ . өмір сүрген атақты қазақ жазушылар .

4 . Мәдени мұра бағдарламасы деген не ?

5 . Қазақтың ұлттық салт дәстүрлерінен не білесіңдер ?

6 . Ежелгі қазақ қалаларын атаңдар ?

7 . Тұңғыш қазақ киносы ?

 

 

 

 

Мәдениеттанушылар жасаған тірек сызба :

 

 

 

Қазақ халқының тарихи тұлғаларының қайта оралуы .Ұлттың дамуы . ..Ұлттықөркендеу

 

 

 

 

тарихтың

ІҮ . Бекіту сұрақтары .

 

1 . Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды ?

2 . Н . Ә. Назарбаев қай жылы қай жерде дүниеге келді ?

3 . 1991 ж . 1- желтоқсанда не болды ?

4 . Елбасының қандай әндерін білесіңдер ?

5 . Елбасы жас кезінде қай жерде жұмыс істеді ?

6 . «Қазақстан -2030» неше басымдықтан тұрады ?

7 . Елбасының биылғы жолдауы қалай аталады ?

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтастыру стратегиясы(Үлгермеуші оқушымен жұмыс)

 

 

 

 

 

 

Елбасы                                                     Дипломат

                Саясаткер                                                  Ғалым

 

 

 

 

 

 

Ү . Сабақты қорыту .

 

Оқушыларды бағалау , конференция жұмысын қортындылау .

 

 

ҮІ . Үйге тапсырма .

Үйге тапсырма ретінде Елбасыға арнап өлең шығарып келу және «Елі сүйген Елбасы» атты тақырыпта әңгіме құрастыру .