Демократия-халық билігі
Сабақтың тақырыбы: Демократия-халық билігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Түрлі басқару жүйелерінің ішінде демократиялық билік жүйесінің алатын орнын көрсету. Оның өзіндік ерекшелігін негізгі қағидаларын ашу, түсіндіру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды демократиялық құндылықтарды құрметтеуге, саяси мәдениетке, саналылыққа, белсенділікке тәрбилеу.
Дамытушылық: Оқушылардың білімін жетілдіріп, ой-өрісін, қиялын дамыту, көзқарасын қалыптастыру, пікір айтуға баулу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (түрлендірілген)
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, интерактивті
Сабақтың көрнекілігі: ҚР конституциясы, кесте сызба, топшама, нақыл сөздер
Пәнаралық байланыс: тарих, экономика
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа білімге даярлық кезеңі
ІV. Жаңа білімді меңгеру кезеңі
- Бекіту
VІ. Сабақты қорытындылау
VІІ. Үйге тапсырма беру
VІІІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру бөлімі
Сыныпты ІІ топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- «Ой талқы» сұрақтар арқылы жүзеге асырылады
- саясат деген не?
- саясаттағы ең маңызды мәселе не?
- саяси мәселелердің сипаттары қандай?
- саясаттағы аса ыждағаттылықпен шешілуге тиісті ерекше мәселелер
- саяси жүйе дегеніміз не?
- саяси билікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар
- елдегі саяси ахуалды қалыптастыратын субьектілер
- билік деген не?
- адамдар билік не үшін қажет деп есептейді немесе қолында бар билікті қалай пайдаланады?
- халық пен тобырдың айырмашылығы неде?
- Топшамамен жұмыс
— төмендегі мысалдардың ішінен билік байқалатын жерлерге «+» белгісін қой
А-тобы
- Көрменің шешінетін жеріндегі кезекші миллиционердің сөзі:
«келесі секторға қарай өтіңіз, онда кеңірек»
2.Мемлекеттік ірі оқиғаға байланысты парламенттің рақымшылық туралы заң қабылдауы.
- Президенттің соғыс мүгедектерінің зейнетақыларын екі есе көбейту туралы жарлыққа қол қоюы.
Б-тобы
- Шығынды кәсіпорынды жабу туралы өкім.
- Шешесінің ұлына айтқан сөздері: «Сенің бұл балалармен араласуыңа тыйым саламын, өйткені олардың тәрбиесі жаман».
- Атасы немересіне: «Мен сенің орныңда болсам, бұл институтқа түспес едім»
3.Халық – билік қайнары болуы үшін қандай болуы керек деп ойлайсыңдар?
ІІІ. Жаңа білімге даярлық кезеңі
Тұтқа болатын сөздер
- әділеттілік — құқықтың сақталуы
- халық билігі — сөз бостандығы
- еркіндік — сайлауға қатысу
ІV. Жаңа тақырып түсіндіру
Жаңа сабақ жоспары:
- Демократия ұғымы
- Халық еркінің байқалу тетіктері
- Демократияның қозғаушы күштері
- Саяси мәдениеттің тұрпаттары
- Демократияның орнығуына қажетті шарттар
- Демократиялық емес режимдер
- Бекіту
- Халық билігі жөнінде айтылатын конституция баптарын атау
- Топтастыру стратегиясы (тоталитаризм, авторитаризм)
- Мына суреттелген жағдайлардың қайсысында авторитарлық билік қолданылған
- Автобус жүргізушісі есікті босатып, салонның ортасына қарай ығысуларын талап етті.
- Шешесі ұлының көшеде сағат 9-дан кейін кешігуіне тыйым салды
- Әкесі ұлына «Екілік» алып қалса, сойып салатынын ескертті
- Атасы немересінің Заң институтына түсуін талап етті
- Тексеруші жолаушылардан билеттерін көрсетуін сұрады
- Министр шығынмен жұмыс істейтін кәсіпорындарды жабуға бұйырды
- Қазіргі Қазақстан қоғамына, халқына қандай саяси мәдениет тән? (потриархалдық, бодандық, азаматтық)
Екі топ (А;Б) арасында пікірталас
VІ. Сабақты қорытындылау.
Қорытындылау тұтқа болатын сөздер арқылы жүзеге асырылады.
VІІ. Үйге тапсырма
- 22 оқып мазмұнын айту. «Адамдар демократиядан не күтеді?» пікір жазу.
VІІІ. Бағалау