Оңтүстік Америкаға саяхат
Сабақтың тақырыбы: «Оңтүстік Америкаға саяхат»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оңтүстік Америка тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылау, пәнге деген қызығушылығын арттыру, материалды меңгеру дәрежесін тексеру.
Дамытушылық: Оқушылардың топпен жұмыс істеу қабілетін арттыру, есте сақтау дағдыларын дамытып, өтілген материалды жүйелей білуге баулу.
Тәрбиелік: Тапқырлыққа, белсенділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау, жинақтау сабағы
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес, сайыс сабағы
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс
Көрнекіліктері: Дүние жүзілік саяси картасы, Оңтүстік Американың физикалық картасы, атлас, қосымша сурет, интерактивті тақтадан көрсетілетін тапсырмалар, ТСО
Дидактикалық материалдар: Үлестірмелі конверттер
Пәнаралық байланыс: Тарих, биология
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу
- Сынып оқушыларын 3 топқа бөлеміз
- Топтарға бағалау парағын тарату
Балалар, бүгін біз «Оңтүстік Америка» тарауы бойынша алған білімімізді жүйелеп, қорытындылау мақсатында сабағымызды сайыс түрінде өткізгелі тұрмыз.
І кезең: «Нақты сұрақ – ұтымды жауап»
ІІ кезең: Ғалымдар сөйлейді
ІІІ кезең: Геологтар байқауы
ІV кезең: Сәйкесін тап
V кезең: Мені орналастыр
VI кезең: Географиялық лото
VII кезең:Ойлан тап!
VIII кезең:Сен білесің бе?
IX кезең: Кестені аяқтау
X кезең: Әріптер сыры
XI кезең:Саяхат диктант
XII кезең:Венн диаграммасы
І кезең: «Нақты сұрақ – ұтымды жауап»
Әр топтың капитан командаларына 10 сұрақ оқылады, әрбір дұрыс жауап 1 – ұпаймен бағаланады.
Амазонка тобы:
1.Дүниежүзіндегі ең үлкен арал: Гренландия
- Ресейден кейін жер көлемі бойынша 2 -ші орын алатын жоғары дамыған ел: Канада
- Оңтүстік Американың жер көлемі: 18,3 млн км кв
- “Миссисипи” атауы қандай мағына береді: су атасы
- Солтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі: Кордильера
- Американы алғаш зерттеген саяхатшы: Х.Колумб
- Материктің батысын тынық, ал шығысын қай мұхит шайып жатыр: Атлант
- Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама: Анхель
- Материктің мұнайға бай көлі: Маракайбо
- Амазония ормандарының топырағы: қызыл – сары ферралитті
Анд тобы:
- Дүниежүзіндегі ең ұзын ел: Чили
- Ньюфаундленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашқан саяхатшы: Джон Кабот
- Солтүстік Американың жер көлемі: 24,2 млн км кв
- «Канада» атауы үндістер тілінде қандай мағына береді: қоныс, қауымдастық
- Лос – Анжелес қаласындағы кино өндірісінің орталығы: Голливуд
- Солтүстік Америкадағы дүниежүзіндегі ең дамыған ел: АҚШ
- АНДттауларын зерттеген: Гумбольдт
- Жер шарындағы, еің жасыл материк: Оңтүстік Америка
- Оңтүстік Американың ең ірі көлі: Титикака
- Тайга зонасының топырағы: Күлгін
Анхель тобы
- Дүниежүзіндегі ең ұзын тау: Анд
- Еуропалық пен үндістердің некесінен тараған ұрпақ қалай аталады: метистер
- Жер шарындағы ең мол сулы өзен: Амазонка
- Х.Колумбтан кейін материкке қадам басқан саяхатшы: А.Веспучи
- Ақш солтүстігінде Канадамен, оңтүстігінде қай елмен шектеседі: Мексика
- Магеллан бұғазы арқылы материктен бөлініп жатқан арал: Отты жер аралы
- Титикаканың оңтүстігінде ыстыққа кеуіп қалатын тұзды көл: Поопо
- Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен биік нүктесі: Аканкагуа
- Автомобильдер астанасы: Детройт
- Анд тауында Тынық мұхит жағалауындағы шөл: Атакама
ІІ кезең: Ғалымдар сөйлейді
Әр топ өздерінің топ атауын таныстырып, слайдпен жұмыс жасайды.
ІІІ кезең: «Геологтар байқауы»
Төменде көрсетілген материктің әрбір бөлігінде орналасқан құбылыстар мен нысандарды талда, оларды табиғи орталық компанеттерінің типтеріне қарай топтастыр:
Ла – Плата, Амазонка, Поопо, Перуана, Дрейк, Тынық, Анд, Анхель, Парана, Ориноко, Пантанал, Маракайбо, Эл-Ниньо, Магеллан, Атакама, Гран – Чако, Атлант,Патагания, Перу, Титикака, Бразилия, Колумбия.
Мысалы: жазықтар: (Гран – Чако, …)
ІV кезең: Сәйкесін тап (климаты бойынша)
- Экваторлық а) бұл белдеумен жазда ылғалды экваторлық, ал қыста құрғақ тропик ауа массаларының ықпалында болады.
- Субэкваторлық ә) Материктің оңтүстігі жіңішке бөлікті. Белдеулердің шығысында фолкленд суық ағысының әсерінен осы күнгі климат қалыптасты
.
- Тропиктік б) Бразилия таулы үстіртінің Оңтүстік – шығыс жағалық бөлігін, Ла – Плата ойпатының солтүстігін алып жатыр, жазда орталығы температурасы +28С-қа дейін жоғарылайды.
- Субтропиктік в) Жауын – шашын жылы бойы мол түседі.
- Қоңыржай: г)Экваторлық белдеу аймағындағы шыңның басында жыл бойы қар жатады, ал тропиктік белдеу қамтитын таулы аудандарда климат құрғақ келеді.
- Биік таулы д) материктің 30 және 40 градус оңтүстік ендігі аралығын алып жатыр.
1.В 2.А 3. Б 4.Д 5.Ә 6.Г
V кезең: Мені орналастыр… (қай табиғат зонасына тән )
- Ылғалды экваторлық орман Пума, шиншилла
- Саванналар мен сирек ормандар Нанду, кактус
3.Субтропиктік дала Колибри, гевея
- Шөлейт зонасы Теңіз шошқасы, оцелот
VI кезең: Географиялық лото
Әрбір топтан бір оқушы шығып, жасырып сөзді таңдап, ол қай елде екенін анықтап, картаға жабыстыру.
Анд – мыс Эквадор – 30 жанартау
Бразилия – темір Перу – Титикака көлі
Чили – Атакама шөлі Боливия – биік қала
VII кезең: Ойлан тап!
Берілген елдердің астанасын табу.
Дұрыс жауаптары:
Кито —
Лима —
Сантьяго —
Каракас-
Буйнос — Айрес —
Бразилиа —
Монтевидео —
Парамаримо —
VIII кезең: Сен білесің бе? (иә, жоқ)
1. Христофор Колумб Америкаға 4 рет саяхат жасады: иә
- Испанша Рио – де – Жанейро «Аспан өзені» деп аталады: жоқ
- Оңтүстік Америка ең ыстық материк: жоқ
- А.Гумбольдт Оңтүстік Америка табиғатын зерттеп, алғашқы геологиялық картасын жасады: иә
- Батыс жарты шардың ең биік нүктесі – Аконкагуа: иә
- Боливия жеріндегі әйгілі алтын белдеу батыстан шығысқа қарай 940 км – ге созылып жатыр: жоқ
- Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы Суэц каналы бөліп тұр: жоқ
- Материктің батысында Анд тауы орналасқан: иә
- Титикака көлінде жапырағының диаметрі 2 метрге жететін виктория – регия кездеседі: жоқ
10: Оңтүстік Американың негізгі халқы үндістер мен негр ұрпақтары – самболар кең тараған: иә
IX кезең: Кестені аяқтау (Шеткі нүктелерін табу )
Шеткі нүктелері | Географиялық координаттары | |
Солтүстік | ||
Оңтүстік | ||
Батыс | ||
Шығыс |
X кезең: Әріптер сыры
Б – Мемлекеттік құрылымы 22 штаттан тұратын Федерациялық Республика: Бразилия
В – Оңтүстік Америка материгін картоп, жүгері, қызанақтың отаны екенін дәлелдегенорыс ботанигі: Вавилов
Г – Табиғи каучук алынатын ағаш түрі: Гевея
Д – Отты Жер аралының батысымен оңтүстікке қарай Тынық пен Атлант мұхитын жалғастырып жатқан бұғаз: Дрейк
К – XIX ғ. Испания мен Португалиядан келгендер материктің оңтүстік – шығысына қоныс аударған олардың ұрпақтары өздерін қалай атайды: Креолдар
С – Жергілікті халық материктің қалың орманын қалай атайды: Сельвас
XI кезең: Саяхат диктант
Әр топтан бір конверт таңдалады. Оның ішіндегі жасырын сөзді табу керек.
№1 Біз Оңтүстік Американың солтүстігіндегі ең шеткі нүтесі . . . .. мүйісінен якорьді көтеріп, саяхатқа ….. теңізінің суымен жүзіп отырдық. Оңтүстік шығысқа бағыт алып, … мұхитына шықтық.
№2 Капитан кешені материктің шығыс жағалауымен алып жүрді. Кенет кеме, тез жүре бастады. Неге: Біз … жылы ағысына түсіппіз. Ағыс бізді материктің Оңтүстік жағалауына алыпкелді. Кешікпей жіңішке…. бұғазы көрінді. Бұғазбен жүзе отырып, сол жақтан … аралын көрдік
№3 Әрі қарай солтүстікке бағыт алып, … мұхит суымен жүзе келе, тағы бізді ағыс әкетті, бірақ бұл … суық ағысы еді. Әйтеуір, біз … каналына жақындадық, ол екі мұхитты жалғастырып, екі материкті бөліп тұр.
XII кезең: Венн диаграммасы (жалпы қорытынды жасау)
Солтүстік Америка Оңтүстік Америка
Инсерт кестесі:
Білемін
| |
Білмеймін
| |
Мен үшін жаңа ақпарат | |
Мені таңқалдырды
|
Бағалау: А) жалпы топқа баға беру
Б) жеке оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: Оңтүстік Америка материгіне эссе жазу