10 «Ә» сыныбы «Мәдени мұра» қолданбалы курсының жұмыс жоспары
Алматы облысы
Қарасай ауданы
Еңбекші орта мектебі
Избасарова М.У
Түсінік хат.
Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқыту ерекше маңызды. Өйткені кез-келген мемлекеттің азаматы өз елінің, мемлекеттің, сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың тарихын білуге құштар. Тоталитарлық тәртіп кезіндегі моноидеологияның күйреуі және дүниетанымдық көзқарастағы өзгерістер тарихи түсініктерге жаңа бағыттар алып келуде.
Төл тарихымыз қайта жазылып, қасиетті Қазақ елінің тарихы өз халқының талабына сай қызмет ете бастады. Елімідің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірінде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар, жаңа үрдістер адамзат баласы ғасырлар бойы жинақтаған құндыылықтары мен игіліктерін қайта зерделеп, жаңаша көзқарастар мен тұжырымдарды қалыптастыруда.
Жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету мақсатында мектептерде бағдарлы оқыту енгізілуде.
Бағдарлы оқыту жоғары сынып оқушыларының қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін толық ескеруді көздейді.
Бағдарлы оқытуда оқушылардың бағдарлы пәндер бойынша білімдерін кеңейту мен тереңдету жүзеге асыру мақсатында қолданбалы курстар ерекше болып табылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша тарихи-қоғамдық бағдарының «Бабалар тарихы-асыл қазына» атты қолданбалы курсы оқушылардың Отан тарихының негізгі оқиғаларына байланысты білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді.
Мақсаты: Жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, адамзат басынан кешірген аса елеулі тарихи оқиғалармен, ол жинақтаған бағалы құндылықтармен таныстыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу болып табылады.
Міндеттері: 1. Оқушылар бойына патриоттық-азаматтық құндылықтарды дарыту.
- Туған халқына деген құрмет, мақтаныш сезімін ұялату.
- Ұлттық рухты дамыту.
- Маңызды істерді шешуге қабілетті, іскер,жауапкершілікті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Курс елтану, аймақтану, саясаттану, тарих сияқты мамандықты қалаған жеткіншектерге бағыт-бағдар көмек береді. Курс оқушылардың талап-тілектерін қанағаттандырып, мамандыққа баулумен қатар, олардың жалпы білім көлемін, мәдени деңгейін көтеріп, гуманитарлық даярлығын жақсартады.
Қазақстан тарихын басқа пәндермен, курстармен әсіресе тарихтың басқа курстарымен, сондай-ақ әдебиет, география, құқық негіздері, философия, экономикат.б байланыстыра отырып, ғылымның сол салаларынан қажетті мәліметтер енгізілді. Курс бағдарламасы 34 сағатқа лайықталып жасалған. Аптасына 1 рет өткізіледі.
10 «Ә» сыныбы
«Мәдени мұра» қолданбалы курсының жұмыс жоспары
№ | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны | Мерзімі |
1. | Кіріспе | 1 | 5.09 |
2. | Қалалық мәдениеттің дамуы | 1 | 12.09 |
3. | Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы | 1 | 19.09 |
4. | Архитектуралық құрылыс жүйелері | 1 | 26.09 |
5. | Бабаджа-қатын, Айша бибі кесенелері | 2 | 3-10.10 |
6. | Отырар(Фараб) қаласы | 1 | 17.10 |
7. | Қарахан кесенесі | 1 | 24.10 |
8. | ХІІІғ аяғы мен XIVғ басындағы қалалар | 1 | 31.10 |
9. | Қалалардағы қолөнер, зергерлік кәсіп, әйнек жасау | 1 | 14.11 |
10. | XIVғ- XVғ ірі архитектуралық құрылыс жүйелері | 1 | 21.11 |
11. | Жинақтау тесті | 1 | 28.11 |
12. | Арыстан баб кесенесі | 1 | 5.12 |
13. | Қожа Ахмет Йасауи кесенесі | 1 | 12.12 |
14. | Көккесене | 1 | 19.12 |
15. | Алаша хан кесенесі | 1 | 26.12 |
16. | Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі | 1 | 9.01 |
17. | Қазақ хандығының орталығы-Түркістан | 1 | 16.01 |
18. | Сарайшық қаласы | 1 | 23.01 |
19. | Сайрам қаласы | 1 | 30.01 |
20. | Сығанақ | 1 | 6.02 |
21. | Махаббат пен сұлулық рәмізі(Қозы Көрпеш-Баян Сұлу) | 1 | 13.02 |
22. | Қасиетті Қазығұрт | 1 | 20.02 |
23. | Жанкент шаһары | 1 | 27.02 |
24. | Жинақтау тесті | 1 | 6.03 |
25. | Ежелгі Қойлық қаласы | 1 | 13.03 |
26. | Тараз қаласы | 1 | 20.03 |
27. | Алмалық(Алмату) қаласы | 1 | 8.04 |
28. | Райымбек батыр кесенесі | 1 | 15.04 |
29. | Жамбыл ата мавзолейі | 1 | 10.04 |
30. | Сауран қаласы | 1 | 22.04 |
31. | Шаш( Ташкент) қаласы | 1 | 29.05 |
32. | Жинақтау тесті | 1 | 5.05 |
33. | Қорытынды қайталау | 1 | 12.05 |