Мәтінмен жұмыс
№93 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Мәтінмен жұмыс
Сабақтың мақсаты: а) Мәтін туралы алған білімдерін одан әрі қалыптастыру ә)оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын қалыптастыру б) Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:суреттер,дидак материалдар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-Жуан дауыстыларды атаңдар.а,о,ы,ұ- Жіңішке дауыстыларды атаңдар ә,і,ү,ө,и,е,- Жалғау дегеніміз не?Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.
- Мақсат қою кезеңі:Өткен тақырыпты білетін болсақжұмысымызды одан әрі жалғастырамыз
- Жаңа сабақ:Сурет бойынша әңгіме құрастырайық. Тақырыбы: «Үй құстары» 166-жаттығу Мәтінге ат қою Сергіту сәті
VI.Жаңа материалды пысықтау:168-жаттығу тақтада, жазбаша орындауОқулықтағы 167-жаттығу (ауызша) Мәтінге ат қою
VII.Бекіту кезеңі:Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемдегі сөздердің байланысы сұрақтарына жауап беру.
VIII. Үйге тапсырма, бағалау