«Атажұрт» интеллектуалдық-тарихи-танымдық ойын

«Атажұрт» интеллектуалдық-тарихи-танымдық ойын

Мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасы туралы оқушылардыңалған білімін жинақтап, одан әрі танымдығын арттыру

2)Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту. Өз ойын мәдениетті  түрде білуді қалыптастыру.

3)Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.

 

Көрнекілік: Интерактивті тақта,«Атажұрт» жазуы бар плакат, видео, телевизор, шарлар, ҚР картасы, безендіру құралдары

 

Қатысушы: 9 –сынып оқушылары. «Жас қыран» және «Өркен»

 

Жоспары:

І тур: «Қанат қақты»-капитандар сайысы 30 сек. ішінде 5 сұраққа тез жауап беру

ІІ тур: «Самғау»- ұпайы көп команда бастайды. Қосымша көмек беріледі. 3 мин-3 сұрақ беріледі.

ІІІ тур: «Шарықтау» -жанкүйерлер сайысы

ІҮ тур: «Шырқау» -бейнесюжет арқылы сұрақтарға жауап беру

Ү тур: «Жерұйық» — соңғы сайыс

 

Барысы:

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар! Армысыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар. Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген –жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу-әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. «Қазақстан –елім менің» тақырыбы аясында өтетін «Атажұрт» интеллектуалды тарихи-танымдық ойының бастауға рұқсат етіңіз.

Ойынымызға қатысып отырған оқушылар өздерін таныстырады.

Ал, іске сәт дей отырып ойынымызды бастайық.

! тур «Қанат қақты» деп аталады, мұнде әр команда капитандары 30 сек. ішінде 5 сұраққа тез жауап берулері керек

«Жас қыран» командасына сұрақтар:

  • Қазақстанның ең биік шыны-(Хан Тәңірі)
  • ҚР 1920 жылы болған астанасын атаңыз –(Орынбор)
  • ҚР территориясы көлемі бойынша дүние жүзінде нешінші орында? –(9)
  • Абылай хан қай жылдары хандық билік атқарды? (1771-1781 жж)
  • Қазақстан қай жылы БҰҰ мүше болды? (1992)

«Өркен» командасына сұрақтар:

  • Қазақстанның оңтүстігіндегі шеткі үстірт? – (Шардара)
  • «Ақтабан шұбырынды» қай жылдары болды? (1723-1728 жж)
  • Қазақ хандығының негізін қалағандар? (Жәнібек, Керей)
  • Қазір дүние жүзінде қанша қазақ бар? (15 млн)
  • Қазақстанның шығысындағы үлкен өзен? (Ертіс)

 

Ұпай санын белгілеу.

Келесі турымызға көшейік Көп ұпай жинаған команда бастайды.

Әр командаға 3 сұрақ беріледі,  әр сұраққа жауап таңдауға 1 мин. беріледі.

Жауапты таба алмаған жағдайда қосымша көмек беріледі.

«Жас қыран» командасына сұрақтар:

  • Сталиндік жазалаудың құрбаны болған «Алаш» партиясының негізін қалаушы, автономиялық қазақ үкіметінің басшысы. «Айқап», «Қазақ», «Қазақстан» газеттеріне мақалалар жазып тұрған. Бұл тарихи тұлғаны атаңыз?

/Қосымша көмек/ — 1894 жыл Петербург орман шаруашылығы институтын бітірген. Тобылда  және Омбыда түрлі қызметтер атқарған. 1897-1903 жж. Дала генерал-губернаторлығында қызмет атқарып, Самарада банк директоры болған. (Ә.Бөкейханов)

2)    Қазақстаннан шыққан тұнғыш саяхатшы. Шығыс Түркістанда Орта Азияны зерттеген ойшыл, кемеңгер ғалым. 1853ж оқуды бітіріп, корнет офицерлік атағын алып, Батыс Сібір генерал-губернаторлығы жанында Төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарып жүрді. 1856ж Ыстықкөлдің топографиялық суретін түсірді. Осы тарихи тұлға кім?

/Қосымша көмек/ — Ол 1858 -59 жж. Кашғарияға барып әлемге алты шатыр елдің тарихын ашады. «Жоңғария очерктері»,  «Ыстықкөл сапарының күнделіктері» деген бірнеше еңбек жазды. (Ш.Уәлиханов)

  • Мына әуенді тыңдап, атын және авторын атаңыз

Музыка қосылады

«Адай -Құрманғазы»

«Өркен» командасына сұрақтар:

1) 1890ж Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ташкент гимназиясын, Петербург университетінің заң факультетін тәмамдаған. Ол ағылшын, орыс, француз, поляк тілдерін меңгерген. 1917ж құрылған Түркістан автономиясының М.тыныштыбаевтан кейінгі президенті болған. Кеңес үкіметі қудалауы нәтижесінде Түркия, Грузия, Франция жерлерінде эмиграцияда болған. Бұл тарихи тұлғаны атаңыз?

/Қосымша көмек/ — 1935ж «Түркістан кеңестер билігінде» атты кітабы жарық көрді. 1940ж неміс фашистерінінң қолына түсті. 1941ж Түркістан легионында болғн кезінде Берлинде қайтыс болды.  (М.Шоқай)

2)    Педагог, тарихшы, қоғам қайраткері. 1900ж . Верный гимназиясын бітірген. 1906ж. Петербург транспорт инженерлер институтын теміржол инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. Түркістан автономиясының президенті қызметін атқарған. 1937ж. сталиндік репрессияның құрбаны болған. Бұл тарихи тұлғаны атаңыз?

/Қосымша көмек/ — 1907ж. Жетісу губерниясынан ІІ Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған. 1926ж. Түрксіб темір жол құрылысына қатысқан. (М. Тынышбаев)

3)Мына әуенді тыңдап, атын және авторын атаңыз

Музыка қосылады

«Аққу – Н.Тілендиев»

Келесі ІІІ турымызға көшейік.

«Шарықтау» — жанкүйерлермен сайыс

  • Ресейдің отарлау саясатына шек қою, патша үкіметінің құрамына кірмеген өңірлердің дербестігін сақтау, қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салынуын тоқтату, қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету. Көтерілістің қозғаушы күші қарапайым қазақ шаруалары болды.

Көтеріліске үш жүздің қазақтарымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері қатысты. Дерек бойынша бұл көтеріліске 80 таяу старшын мен сұлтан қатысқан . Қанқожа. Шерген, Тани Тортайұлы, Күшік сияқты сұлтандар көтерілісті қолдаған. 1841ж. тамызда бұл  адам хандық билікті қалпына келтіріп, хан атанып, феодалдық мемлекет  құрады. Бұл көтеріліс қай жылы болды және кім басқарды? /К.Қасымұлы. 1837-1847 жж/

  • Осы көтерілістің мақсаты қазақтардың бұрынғы жерлерін қайтарып алу, Жайық қазақтарының, Нұралы ханның озбырлығына шек қою. Басты қозғаушы күштер көшпенді қазақ шаруалары болды. Бұлармен қатар патша үкіметінің саясатымен келіспеген үстем тап өкілдері де қатысты. Көтеріліске қатысқан Кіші жүз рулары: жағалбайлы, шекті, беріш, алаш, байбақты. Көтерілісті байбақты руынан шыққан адам басқарды. 1802ж. Хиуада қайтыс болды. Бұл кім және көтерілістің болған уақытын атаңыз?

/С.Датұлы. 1783-1797 жж/

Келесі ІҮ турға көшеміз.

 

«Шырқау»-мына тақтайшада цифрлар бейнеленген. Осы тақтайшаны ашып, әр цифрға Қазақстанның облысын белгілейді.

Сұрақтар:

  • Алматы облысы –Б.з.б. 3 мыңжылдықтақола дәуірі кезінде арғы атабабаларымыз дүние мен оның жаратушыны түсінуде қолжеткен рухани тәжірибелерін түрлі тастар мен қола жыныстарында бейнелеген. Бұлар тасқа салынған суреттер-петроглифтер. Мына бейнесюжетте қандай тарихи ескерткіш бейнеленген? /Тамғалыдағы тас шатқалы/
  • Бейнесұрақ. Сұрақты қоятын география пәні мұғалімі – А.Ж.Жусупова
  • Оңтүстік Қазақстан облысындағы сақтардың ескерткіші. Баланды ескерткіші. Бұл күмбезді ескерткіш б.з.б. 1 мыңжылдықта салынған. Бұл ескерткішті зерттеген ғалым Толстов Орта Азиядағы ең бірінші көтерген күмбез деп атайды. Бұл ескерткіш қай өзен маңында орналасқан?
  • Мына суреттің авторы мен атын табыңыз.

 

 

  • «Жерұйық»

Сұрақ: Көне түріктердің негізгі жазуы руна деп аталды. Руна жазуының айқын үлгілері Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде сақталған. Бұл жазулар Солтүстік Моңғолиядан  Орхон өзені маңынан табылған. Осы құлпытасты тапқан адамды атаңыз? /Н.М.Ядринцев/

Бағалау. Ойын қорытындысын шығару.

Осы ойынға белсенді қатысқандарға және көрермендерімізге үлкен рахмет айтамыз.