Қоғамдық сана және оның формаларының көп түрлілігі
Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық сана және оның формаларының көп түрлілігі
Сабақтың мақсты: білім жүйесіндегі оқушылардың танымдық белсенділігі мен іскерлік әрекетін айқындау.
Сабақтың міндеті:
а)Адам баласының қарапайым сана мен , қоғамдық сананың айырмашылығын түсінуге, сананың түрлі формаларға бөлінетіндігін айта отыра талдау.
ә) Оқушылардың білімін жетілдіре отыра, топқа бөлу сайысын жүргізуді қолға алу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арыттыру.
б) Оқушылардың тәрбиесіне ықпал жасау арқасында, ұлтжанды, патриот азамат болып өсуге бағыт беру.
Сабақтың түрі: Ашық және сайыс сабағы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін — өзі тану, психология, педогогика тарихы, қоғамдық білім негіздері.
Сбақтың барысы:
І – кезең: Шаттық шеңбері. Білім алушыларымыз шаттық шеңберінде тұрып, келген қонақтармен амандасады.
І — топ ІІ — топ
Қонақ күту салтымыз. Армысың, асыл күн.
Оқып біліп жатырмыз, Армысың, асыл жер,
Келген қонақ сіздерге Армысың, көк аспан
Сәлем бердік жалпымыз. Армысың, дос жаран.
Армысың, қонақтар.
ІІІ — топ ҮІ — топ
Қане, достар, пікірлесіп қарайық Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап,
қилы,-қилы ойды ортаға салайық. Шағылыссын найзағайдай жарқылдап.
Сан – салалы асыл ойлар тоғысып, Бойда, қайрат, алда арман шақырған
толғандырған жайды шешіп алайық. Қолдан әсем жалын атқан жастық шақ.
ІІ – кезең: Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Тест тапсырмалары арқылы.
1.Өмір шындығын жай аңғарып қана қою емес, оны мақсатқа сай бейнелеу:
а) сана , б) білім, с) таным, д) тәжірибе.
- Ертедегі грек философы айтқан: «Мен ештеңе білмеймін»:
а) Плутарх. б) Платон с) Демокрит д) Сократ
- Танымның субъектісі:
а) Бүкіл әлем б) Қоғам с) Құбылыс д)Процес
- Материалдық оъектілердің, заттардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі
а) түйсік, б) қабылдау, с) елестету, д) ұғым
- Адамның дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын бағыт:
а) агностицизм, б)дуализм с)идеализм д)гносеология
- Рационалдық (логикалық) танымның формалары:
а) қабылдау, түйсіктер б) ұғым, пікір, ой, тұжырым.
с) гипотеза, теория д) елестету.
- Танымның негізі:
а) философиялық таным, б) ғылыми таным
с) күнделікті таным, д) өнер арқылы таным
- «Мына кітап өте қызықты» — бұл сөздер:
а)ұғым, б)пікір, с) ой тұжырымы д) дарын
- Танымның объектісі;
а) қоғам, б) бүкіл әлем,
с) адамның ішкі рухани өмірі. д) қоршаған орта
10.Заттың тұтас образы:
а) ұғым, б) қабылдау, с) түйсік, д) елестету
ІІІ – кезең. Тақырыпты ашу кезеңі.
Кісіге адамшылық неге керек?
Адамдық өзге айуаннан артық демек.
Ит талаған төбеттен қалай дейсің,
Аямай, әл келгенді жұлып жемек?
Үнемі сен жеріңді қайдан білдің,
Бұл дүние кезек берер істі өңгелеп.
Онан қорқып обырлықты қоймасаң да,
Адам боп, айуаннан болсаңшы ерек.
Жалмағанша жәрдемің тигізсеңші,
Жығылған, жылағанға болып көмек.
Махаббатты теріс деп кім айтады,
Адамшылық сол дейді тамам зерек.
Мейірім жақсы, зұлымдық жаман дейсің,
Қасқырлыққа қайтасың құр дөңгелеп?
Жаны ашып, жәрдем қылмай өткен адам,
Өсіп – өшіп құлаған бір бәйтерек. (Ш.Құдайберді ұлы)
Аңыз әңгіме:
Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан құлақтарына құя берген екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып беріпті:
Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі – сенім, шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады…
Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:
— Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді?
Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:
— Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді.
(осы өлең шумағы мен аңыз әңгімені талдау жасау арқылы тақырыпты табу керек)
Сабағымыздың тақырыбы «Қоғамдық сана және оның формаларының көп түрлілігі»
ІҮ – мәтінмен жұмыс
Сенім – топ
Бұл сананың түрі, таптардың, ұлттардың, мемлекеттің түбегейлі мақсаттарын қолдайтын қоғамдық ойлар формасы. Идеологиялық таптық күрес, партиялар мен мемлекеттердің мүддесін қорғау қажеттілігінен пайда болып, соларды іске асырады. Оның нақты белгісін, идеологиясын, партия программасынан, мемлекеттердің конституцияларынан, мемлекеттік еңбек қайраткерлерінің сөйлеген сөздерінен көруге болады.
Бұл сана түріндегі көзқарастар әр түрлі болып келеді. Олар прогрессивті не кертартпа, ғылыми не ғылымға жат болып келеді. Осы санадағы идеялар қоғамдық сананың барлық формаларын қамтып, оларға ықпалын тигізеді.
Шындық – топ
Осы бір сананың түрлерін жасайтын тап үстем тап өілдері, және олардың көзқарастары. Мақсаты оның экономикалық және саяси мүддесін жақтап оны нығйту. Заң айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі. Ол мемлекет шығаратын заңдардың белгілі бір жүйесі түрінде білінеді.Бұл заңдардың күштеу сипаты болады, яғни оларды орындау қоғамның барлық мүшелеріне бірдей міндетті.
Адалдық – топ
Адамдардың жақсылық, жамандық, борыш, ар-ұждан, әділеттілік, тағы сол секілді түсініктерін белгілейтін осындай ережелердің, немесе нормалардың жиынтығын тағы бір сананың түріне жатқызуға болады. Бұл санада адамгершілік , борыш, ар, ұждан, жақсылық, жамандық, әділеттілік деген ұғымдардың негізгі категориялары болып табылады. Осы категорияларға сүйене отырып, қоғам, тап немесе адамдардың әлеуметтік тобы қандай адамның болсын іс әрекеті мен қылығына баға береді. Сондықтан бұл санада нормалардың, мінез – құлық ережелерінің жиынтығы ғана емес, сонымен қатар адамгершілік сезімдерінен де құралады.. Бұл сана праводан бұрын пайда болды, одан кейін де өмір сүрді.
Мейірімділік – топ
Бұл сана қоғамдық сананың тағы бір көне формасы. Ол объективтік шындықты образдар арқылы бейнелейді. Көркемдік образ құбылыстардың нақтылы сезімталдық түрде барынша ерекше, типтік тұрғыдан көрсетеді. Көркем образ негізінде дараланған, нақтыланған бейне, сонымен қатар ол дара, жеке, нақтылы адам кейіптері арқылы көпшілікке белгілі, құбылыстарды сомдап, бейнелейді, жаманнан жирендіреді, жақсыға еліктіреді.бұл сана қоғамдық өмірдің қай саласына болса да әсер етеді. Алдымен ол сұлулыққа, мәдениеттілікке баулиды.
(Осы берілген мәтіндер бойынша әр топ өзіне берілген мәтіндерінің мағынасын аша отырып, қай санаға байланысты айтылғанын табулары керек).
Ү – суретті сөйлету кезеңі.
Әр топқа әр санаға байланысты әр түрлі суреттер беріледі, осы берілген суреттен мәтін құрап қай санаға байланысты екедігін айтып берулері керек.
ҮІ – Абайдың қара сөздерінен философиялық мәселелерді талдау кезеңі.
Сенім –топ
- Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалай бітіргенінен емес.
- Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.
Шындық – топ
- Өзің үшін еңбек қылсаң, өзің үшін оттаған хайуанның бірі боласың: адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың.
- Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің , бағың өскен соң – өзің ғана тілейсің.
Адалдық – топ
- Жаман дос – көлеңке,
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың.
Басыңда бұлт шалса,
іздеп таба алмайсың.
Мейірімділік – топ
- Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.
ҮІІ – ой толғау кезеңі
Әр топқа берілген тапсырмаларға оқушылар өз ойларын қорыта айта білулері керек.
Сенім – топ
Арқ ішу, темекі тарту және бұрын қазқта аты жоқ қылмыстар жасау көбейіп кетті. Осының себебін түсіндіре отыра, мағынсын ашып беру.
Шындық – топ
Тәуелсіздік алып, халқымыздың салт – дәстүрлерін де өмірімізге сіңіре бастадық. Сұрақ: Тәуелсіздіктің ақ таңының бізге берген сыйы ма?
Адалдық – топ
Ертеде ата – бабаларымыз амандасқанда: «Мал—жан аман ба?» — деп сұрайтын. Осы бір ауыз сөздің мағынасын аш.
Мейірімділік – топ
Қазақтың басқа халықтардан сал – дәстүрі жағынан айырмашылығы бар, соның ішінде уақыт өлшеу кезеңдеріне тоқталып кету керек.
ҮІІІ –қорытындылау кезеңі
Қорытындылау сөздің басын моралдық сананы құптаушы Абылхасан Рудакидің (иран – тәжік әдебиетінің негізін салушы)
«Білсем маған біреудің дұшпандығын,
Зұлымдықты жаныма тосқандығын.
Сол адаммен келіп мен жылы сөзге,
Достасуға ауады құштарлығым». — деген өлең жолдарынан адам баласы қоғамда өзін жақсы қырларынан көрсетуге тырысуы қажет екендігін айтып отырғанын естіп отырмыз.
ІХ – бағалау кезеңі.
Х – үйге тапсырма. Санаға байланысты мақал – мәтелдер жаттап келу