Қазақ халқының қалыптасуы
Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасуы
Сабақ мақсаты: білімділік-оқушыларға қазақ халқының қандай тайпалардан құрылғаны, қазақ халқының қалыптасуының басында кімдер тұрғаны жайлы, қазақ атауының шығуы туралы, “қазақ жүздері” сөзінің мағынасын ашу, “жеті ата-тегі” жайлы түсінік беру
дамытушылық— Оқушылардың ойлау қабілеттерін жеткізу, есте сақтау қасиеттерін дамыту, тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету
тәрбиелік-еңбек етуге, ізденуге, шапшандыққа тәрбиелей отырып, білімін жинақтап жеткізуге баулу
Сабақ түрі: ашық сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, кесте, оқулықпен, өздігінен жұмыс істеу.
Көрнекі-құралдар: интерактивтік тақта, слайдтар
Сабақ барысы:
Ұйымдастырушылық кезең.
- сәлемдесу.
- оқушыларды түгендеу
- сабаққа қатысуын, дайындығын қадағалау.
Үй жұмысын сұрау.
- «Моңғол шапқыншылығы» тақырыбын мазмұнын ашу
Негізгі бөлім: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жоспар.
- «Қазақ» сөзінің мағынасын ашу
- Қазақ халқының құрамына кірген тайпалар
- «Жүз» сөзінің мағынасын ашу
Ертеде қазақ жерінде өмір сүрген сақ тайпалары бет-әлпеті жағынан еуропалық нәсілге, моңғолдық нәсілге бөлінеді.
Халық — бір елдің барлық тұрғыны, тілі, тұрмыс тіршілігі, рухани мәдениеті ортақ, бір-бірімен туысқан, сыртқы бет-бейнесі ұқсас, белгілі бір жерде бірлесіп мекендейтін адамдар қоғамы.
Қазақ — “қазақ” атауы Көне түркі тілінде “еркін адамдар” деген мағынаны білдіреді.
Қазақ халқының құрамына: арғын, найман, дулат, керек, үйсін, қаңлы, қыпшақ, алшын, қоңырат, уақ, жалайыр, табын, адай
Жүз — тайпалар одағының аумақтық ірі бірлестігі.
Ұлы жүз құрамына: жалайыр, албан, суан, дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы, қаңлы
Орта жүз құрамына: арғын, найман, қыпшақ, уақ, керей, қоңырат
Кіші жүздің құрамына: 12 ата Байұлы, жетіру 6 ата әлімұлы
Сабақты бекіту.
Дәптермен жұмыс
- Жаңа сөздермен жұмыс- «қазақ», «халық», «жүз».
Кестемен жұмыс
Жүздер | Территориясы |
Ұлы жүз Орта жүз Кіші жүз
|
Берілген сұрақтар бойынша өз ойларын білдіру
- Қазақ халқының өткен ғасырларда қалыптасуы
- Қазіргі кездегі қазақ халқының қалыптасуы
- Қазақ халқының Болашақ өмірі
- Сабақты қорытындылау
Сұрақтарға жауап беру.
- Қазақ халқы қандай тайпалардан құралды?
- Қазақ халқының қалыптасуының басында кімдер тұрды?
- “Қазақ” атауының шығуы туралы не білесіңдер?
- “Қазақ жүздері” сөзін қалай түсінесіңдер?
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: «Менің жеті атам», «Менің ата-тегім» деген тақырыптп хабарлама дайындандар