Дәстүрлі қазақ мәдениеті

Cабақтың тақырыбы: Дәстүрлі қазақ мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның ХІҮ-ХҮғ мәдениеті

жөнінде мағлұмат беру әлемдік өркениеттегі еліміздің

сәулет өнерінің тамаша туындыларымен таныстыру.

 Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру

мәдениеттің даму барысы мен сәулет өнері жайлы өз

беттерінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: .Оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге,тарихи мәдени ескерткіштерді қорғауға баулу,мәдениетті жас ұрпақты тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: Интерактивті (топтық жұмыс) оқыту

 

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгеру

 

Сабақ типі: Біріктірілген

 

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд.

 

Техникалық құрылғылар: Компьютерлер, интерактивті тақта

 

Сабақ барысы:

  1. Сабақты ұйымдастыру:

—  студенттермен сәлемдесу;

—  Сабаққа келгендерін және аудитория әзірлігін тексеру.                            2 мин.

  1. – Үй тапсырмасына берілген материалды баяндау және бекіту( баяндау процесінде студенттердің өз беттерімен жұмысын ұйымдастыру)                           35           мин

3   Тақырыпты және жоспарды хабарлау                                                              4 мин.

  1. Әңгімелесу әдісімен тірек білімін өзектендіру.                                             3 мин.
  2. Студенттердің оқу қызметін негіздеу.                        2 мин.
  3. Материалды баяндау ( мазмұндау) және бекіту (баяндау процесінде студенттердің өз беттерімен жұмысын ұйымдастыру)                                                                                  35мин.
  4. Оқып-үйренетін материалды жинақтап қорыту.             6 мин.
  5. Сабақты қорытындылау және үй тапсырмаларын беру.                        3 мин

І. Сабақты ұйымдастыру.

Сәлеметсіздерме оқушылар! Біз өткен сабақта «Қазақ мәдениетінің бастаулары»тақырыбын өткен болатынбыз.

Қане, үй тапсырмасын еске түсірейік.

 

Кім жылдам ойыны.

Шарты:Оқушылар алдарына парақшалар таратылады.Парақшаларға оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтар жазып қарсы топқа кезекпен беріледі.Әрбір дұрыс жауапқа 5 балдан беріледі

 

  1. Номадизм түсінігінің мәнін ашып көрсетіңіз?
  2. Номадтар мәдениетінің белгілерін атап беріңдер?
  3. Б.з.д ҮІІ-ҮІғғ,Орта Азия,Қазақстан ,Сібір тайпаларының қолданбалы өнерінде «аңдық стиль» пайда болды.Неліктен осылай аталды ? ол суретттердің семантикасы қандай ?
  4. Түрік өркениетінің ерекшелігі қандай?
  5. Сіздің ойыңызша, неліктен ежелгі көшпенділерде діни нанымдардың басымы аруақтарға табыну болып табылды? Қазіргі заманда бұл діни-наным сақталған ба? Өз ойларыңызды дәлелдеңіздер.
  6. Тәңіршіліктің философиялық мағынасын ашып көрсетіңіздер.

 

 

Сабақтың барысы:
І Қызығушылықты ояту
Сабағымызды бастамас бұрын оқушылардан «Мәдениет» сөзін топтастыру арқылы
мағынасын ашып алу
ІІ. Мағынаны тану
Сабақтың жоспарымен таныстыру:

Жаңа сабақ жоспары.

  1. Қазақ қоғамының этникалық құрамы.
  2. Қазақ хандығының құрылуы –ұлттық мәдениеттің қалыптасуының негізі.
  3. Қазақ тұрмысының эстетикасы: киіз үй,әшекейлер,киім.
  4. ХҮІ-ХҮІІғғ жазба мәдениетінің дамуы.(М.Х.Дулати және оның еңбегі «Тарих-и-Рашиди», Қадырғали Жалайри «Жамих-ат Тауарих» )
  5. Халық ауыз әдебиеті.Ақындар мен жыраулар. (Асан Қайғы,Шалкиіз,Қазтуған,Доспанбет,Жиембет,Марқасқа,Ақтамберді,Бұқар жырау ж.т.б).Олардың мұраларының негізгі идеялары.Шешендік өнер.
  6. Қазақ халқының ғылыми даналығы-астрономия (күнтізбе) ,метерология,медицина.
  7. Әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, ырымдар.
  8. Мейрамдар мен ойындар.
  9. ХҮІ-ХҮІІғғ қазақ халқының материалдық мәдениеті(қалалық мәдениет,еңбек құралдары,қару-жарақ ,қолөнер)

Жоспар бойынша оқушыларға кітаптан және қосымша мәліметтерді беру арқылы түсіндіру.

ІІІ. Ой толғаныс
  Кубизм (сұрақ — жауап) (оқушыларға кубик беріледі кубикті ортаға тастап түскен саны бойынша сұраққа жауап беруі тиіс)
1. (жасыл түс жағы) Қазақ мемлекеті қандай жағдайда қалыптасты?
2. (Қызыл түс жағы) Қазақтардың ою-өрнек өнерінің ерекшеліктерін атап көрсетіңдер.
3. (Көк түс жағы) Ақындар шығармашылығын сипаттаңдар.
4. (сары түс жағы) Қазақтың космологиялық көзқарасының негіздерін ашып көрсетіңдер.
5. ( қара түс жағы) Осы кезеңдегі қазақтардың материалдық мәдениетін айтып беріңдер.
6. (қоңыр түс жағы) Осы кезеңдегі қазақтардың рухани мәдениетін айтып беріңдер.
 

 

ІІІ. Әңгімелесу әдісімен  тірек білімін  өзектендіру.

Сұрақ:

  1. Студенттер сіздер күнделікті өмірде қолданып жүрген қаңдай салт-дәстүрлеріміз туралы өз ойларыңызды айтсаңыздар.
  2. Үйлену тойына байланысты салт-дәстүрлеріміз «Бет ашар », «Жар-жар»,
  3. «Той бастар»,ал сәби дүниеге келген соң «Бесікке салу», «Тұсау кесу» т.б

салт-дәстүріміз туралы өз ойларыңызды айтсаңыздар.

  1. Студенттердің оқу қызметін негіздеу.

Оқушы білуі керек:

  • Ежелгі көшпелілер тарихындағы мәдениеттің алатын орнын ,маңыздылығын білуі керек
  • Салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды ,тілімізді ділімізді дәріптей білуі керек.

 

  1. Материалды баяндау және бекіту

Бекіту сұрақтары:

 

 

  1. Оқып-үйренетін материалды жинақтап қорыту және жүйелеу

ІХ. Сабақты қорытындылау және үй  тапсырмаларын беру.

Үйге тапсырма: Дәстүрлі қазақ мәдениеті

.Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.