ХV- ХVІІІ ғасырдағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
Сабақтың тақырыбы: ХV- ХVІІІ ғасырдағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы.
Сабақтың мақсаты: ХV- ХVІІІ ғасырдағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысын тереңдете түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға қазақ хандығының басқару жүйесі, хан сайлау дәстүрі мен қазақ халқының әлеуметтік құрамы, «Жеті жарғы» заңы туралы меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін, теориялық білімді игеру және зерттеу қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Туған халқына, Отанына, тарихи тұлғаларға, елінің тарихи даму кезеңіне құрмет етіп, саяси- тарихи көзқарасын қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Онлайн- сабақ.
Сабақтың әдістері: Тест, ауызша баяндау, сұрақ- жауап, Т- кестесі, зерттеу т.б.
Көрнекіліктер: Кесте, кластер, сызбалар т.б.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Топқа бөлу 4 топ.
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс.
- Қазақ хандығының 1465-1466 жылдары құрылғандығы туралы орта ғасырлық қай тарихшы жазды?
А) Ж.Баласағұни В) М.Қашғари С) Х.Дулати
Д) Қ. Жалайри Е) А.Йассауи
- Әбілқайыр хан 1468 жылы қай жерге жорыққа аттанған жолда қайтыс болды?
А) Ойраттарға В) Мәуеренахрға С) Қазақ хандығына
Д) Моғолстанға Е) Ноғай ордасына
- ХVғ. аяғында қазақ хандығының ұзаққа созылған күресі нәтижесінде, қандай қалалар хандықтың құрамына кірді?
А) Отырар, Йасы В) Үзгент, Аркөк С) Созақ, Сауран
Д) Ташкент, Сайрам Е) Тараз, Хорезм
4.Қасым хан Қ.Жалайридың дерегі бойынша қай жерде қайтыс болған?
А) Түркістанда В) Сығанақта С) Хорасанда
Д) Сауранда Е) Сарайшықта
- Қазақ хандығын 1523-1532 ж.ж кім басқарды?
А) Бұрындық хан В) Қасым хан С) Мамаш хан
Д) Хақназар хан Е) Таһир хан
- Тәуекел хан Мәскеуге Құл-Мұхамед бастаған елшілікті қашан жіберді?
А) 1594 В) 1586ж С) 1595ж
Д) 1577ж Е) 1543ж
- «Мұсылман дініндегілердің ішіндегі ең көбі және күштісі қазақтар Ташкентке шабуыл жасаған. Оған баратын керуендердің еркін жүруіне кедергі жасаған.» -деп жазған кім?
А) В.Степанов В) А.Джениксон С) С) Х.Дулати
Д) Қ. Жалайри Е) А.Йассауи
- Өзін ханмын деп жариялап, Ташкентті билеген ханды атаңыз:
А) Тәуке хан В) Имамкули хан С) Тұрсын хан
Д) Есім хан Е) Жәңгір хан
- Орбұлақ шайқасы қай жылы болды?
А) 1643ж В) 1650ж С) 1645ж
Д) 1661ж Е) 1640ж
- Тәуке ханның кезіндегі қазақ хандығының астанасы:
А) Мерке В) Түркістан С) Сығанақ
Д) Тараз Е) Ташкент
- Тәуке ханның алдына қойған мақсаты:
А) Қазақ жерін кеңейту
В) Жоңғарлармен келісімге келу
С) Қытаймен одақ құру
Д) Хан билігін нығайту
Е) Бұқарамен қатынас орнату
- Оңтүстік Қазақстандағы Ордабасы деген жерде қай жылы жиын болып, жоңғарларға қарсы соққы беру үшін әскер құрылды?
А) 1723ж В) 1732ж С) 1720ж
Д) 1726ж Е) 1724ж
- 1643ж Орбұлақ шайқасында Жәңгір ханның қанша сарбазы болған?
А) 100 мың сарбаз В) 50 мың сарбаз С) 600 сарбаз
Д) 973 сарбаз Е) 1 мың сарбаз
- Тәуке хан қай жылдары Сібірге бес рет елшілік жіберді?
А) 1686-1693ж.ж В) 1670-1697ж.ж С) 1680-1684ж.ж
Д) 1686-1690 ж.ж Е) 1644-1632ж.ж
- Тәуекел хан Өзбек заны ІІ Абдаллахпен шартын бұзып, 1586 жылы қай қаланы басып алды?
А) Түркістанды В) Меркені С) Сарайшықты
Д) Сайрамды Е) Отырарды
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Хандық үкіметтің басқару жүйесі.
- Хан және хан сайлау.
- Ұлыстың құрамы, әлеуметтік құрам.
- «Жеті жарғы» және билер кеңесі, меншік мәселесі.
- Салықтар мен міндеткерліктер.
- Қорытындылау.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа әзірлігі, өткізу барысымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушыларға жаңа тақырыпты таныстыру. Үйге берілген тапсырмалар бойынша оқушылардың түсіндіруі, мұғалімнің баяндауы. 1-сұрақ бойынша мұғалім баяндайды.
Қазақ хандығының басқару жүйесі 7 тармақтан тұрды
ХV- ХVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығының басқару жүйесі
Саты- лары | Басқа ру дың ұлттық жүйесі | Бірігудің түрлері | Басшы- сы | Басшының міндеттері | Басшының негізгі қасиеттері |
1 | Ауыл | Туыстас, қандас жақын адамдар- дан немесе бірнеше отбасы-нан | Ауыл- Басы | Ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көші-қон уақытын белгілеу, адам, көлік күшін дұрыс пайдалану, салықтың уақытында төленуін қадағалау | Білгір, тәжірибелі, саяси беделге ие, ауқатты |
2 | Ата аймақ | Жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан | Ақсақал | Шаруашылықты, алым-салықты қадағалау, ақсақалдық шешімін екі айтқызбай орындап отыруы / ақсақалы бар ауыл азбайды/. | Жоғары мәртебеге ие, жасы келген |
3 | Ру | 10 немесе 15 аймақтан | Рубасы | Рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты | Көпті көрген, мол тәжірибелі, білікті, білгір |
4 | Арыс | Бірнеше рудан | Би | Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті, би әділетті болуы керек /тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ/. | Әділ, шешен, ақыл- кеңес бере алатын |
5 | Ұлыс | Бірнеше арыстан | Сұлтан | Ұлыс ішіндегі жер, барымта, алым-салық, әскер, көші-қон мәселелерімен айналысты. Халықтың жағдайы сұлтанның қабілетті басқарумен байланысты | Ақсүйектер әулетінен |
6 | Жүз | Бірнеше ұлыстан | Хан | Жер мәселесі, әскер, ішкі, сыртқы тұрақтылық, сот мәселесінің барлығы ханның тікелей араласуымен жүзеге асырылып отырды | Тек қана хандар әулетінен |
7 | Хандық | Үш жүзден | Қаған /ұлы хан, хандар- дың ханы/. | Үш жүздің жер, даудамай мәселелерін шешті. Хандықтың сыртқы саяси жағдайын қадағалады. Алайда үш жүз арасындағы алауыздық, сыртқы саяси жағдай қағандардың билігіне нұсқау келтірді. | Ақсүйек, шонжарлар |
- сұрақ. Хан және хан сайлау.
ХV- ХVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығында ең жоғарғы билеуші хан болды.
Топтастыру.
Батыр Дана, ақылды Елді билейді
Шыңғыс ханның Ақсүйек, беделді
Ұрпағы
Іскер
Парасатты
Әскердің жоғарғы Көреген
қолбасшысы болды
Хан көтерудің екі жүйесі қатар қолданылды:
- Мұрагерлік жол Сайланып қойылуы
Ханның құқықтары мен міндеттері:
1.Билік жүргізу құқығы 2.Соғыс жариялауға, билік жасау құқығы 3.Шет мемлекеттермен келіссөз жүргізу құқығы 4.Өзіне бағынышты адамдарды жазалауға құқылы 5.Заң шығару, бұйрық беруге құқылы | 1.Елді сыртқы жаудан қорғау 2.Әскерді басқару 3.Мемлекеттің сыртқы саяси бағытын белгілеп отыру 4.Елдің бірлігін сақтау, қылмыстың алдын алу 5.Халықтың бейбіт тұрмысын, тыныштығын қамтамасыз ету |
Хан кеңесі Ұлысбектер, сұлтандар, билер, баһадүрлер қатысқан. | Билер кеңесі Ең ықпалды рубасылары кірген. |
Жиында мемлекеттің ішкі-сыртқы саяси жағдайы, көші-қон, талас- тартыс т.б мәселелер қаралды. | 1. Әскербасылық 2. Әкімшілік 3. Билік 4. Ақсүйектердің өкілдік қызметі. |
2-сұрақ. Ұлыстық және әлеуметтік құрам.
Ұлыс – қазақ хандығының басты саяси- экономикалық жүйесі. Ұлыс бірнеше ру- тайпалардан тұрып, «ел» немесе «халық» деп ұлыс тұрғындарын атаған. Ұлыс жерін «жұрт» деп атаған. Ұлыстың белгілі бір аты болмаған, ұлыс иесінің атымен аталып отырған.
Қазақ халқы, әлеуметтік құрамы екі топқа бөлінеді:
- сұрақ. Меншік мәселесі, салық пен міндеткерлік.
Қазақ қоғамында меншік мәселесі күрделі болған. Кейбір зерттеушілер: «Қазақта жерге меншіктің түрі болмады, тек малға меншік болған» дейді. Кейбір тарихшылар малға жеке меншікпен қатар жерге жеке меншіктің болғандығын айтады. «Жеті жарғы» мазмұнында: «Әрбір ру – тайпаның, олардың бөлімшелерінің не тармақтарының таңбасы болсын» делінген.
Қорытындылау.
ХV- ХVІІІ Қазақ хандығы Қазақстан Республикасы
Хандық басқару Республикалық басқару
Мемлекет басшысы – хан Президент
Билер кеңесі Парламент
«Жеті жарғы» заңы ҚР Конституциясы
Бағалау.
Үйге тапсырма. 21- тақырып.