Жаңа сабақ түсіндіру Америка Құрама Штаттары
Жаңа сабақ түсіндіру Америка Құрама Штаттары
Сабақ жоспары :
- Бірінші дүниежүзілік соғыстың АҚШ – қа тигізген әсері
- 1922-1929 жылғы АҚШ – тың саясаты . Гүлдену кезеңі
- 1929 – 1933 жылдағы АҚШ – тағы экономикалық дағдарыс .
- Президент Ф. Рузвельттің «Жаңа бағыты»
- АҚШ – тың сыртқы саясаты .
1.Бірінші дүниежүзілік соғыстың АҚШ – қа тигізген әсері
Бірінші дүниежүзілік соғыс АҚШ экономикасына өте пайдалы болды. Соғыс кезінде Америка қатты байып алды. Елде өнеркәсіп шапшаң дамыды. АҚШ әлемге ықпалын жүргізуге тырысты , бірақ Оған Еуропада Англия мен Франция , Азияда Жапония кедергі келтірді . АҚШ басшылығы дүниежүзі демократиялық жолмен дамуы керек деп есептеді .
2.1922-1929 жылғы АҚШ –тың саясаты .
ХХ ғасырдың 20 жылдары АҚШ әлемде өндіретін өнімнің 44% шығарды . Машина жасау , ұшақ шығару , химия салалары маңызды орын алды .Корпарациялар елдегі өндірістің жартысын өндірді . Халықтың жағдайы едеуір жақсарды. 1928 жылы АҚШ президенті Гувер сайланды . Гувер халыққа Америка гүлденген заман деп атады . Халықтың қолында акциялар болды . Америка жұрты ақшаларын банкіге сеніп тапсырып қойды .
Дүниежүзіндегі өнеркәсіп көлемі -1928жылы
АҚШ | КСРО | Германия | Ұлыбритания | Франция | Жапония | Италия |
44% | 12% | 10% | 7% | 4% | 3% | 2% |
3.1929 жылғы АҚШ – тағы экономикалық дағдарысы .
1929 жылы АҚШ дүркіреп тұрғанда күтпеген жерден экономикалық дағдарыс болды. Тарихта «Ұлы дағдарыс» деп аталды. Төменде тірек –сызбаға көңіл аударайық .
Өнеркәсіп 50 % қысқарды
Ұлы дағдарыс 5 мың зауыт пен фабрика жабылды
5,5 мың банкі күйреді
13 миллион адам жұмыссыз қалды
Елді қайыршылық жайлады.
Ұлы дағдарыс АҚШ халқының тағдырына ауыр әсер етті . Елді ашаршылық , жоқшылық жайлады . Президент Гувер дағдарыстан шығару үшін түк істеген жоқ . Осындай қиын жағдайда АҚШ президенті Ф. Рузвельт сайланды .
Америка тарихында Рузвельт 4 рет сайланған президент болды . Рузвельтке Конгресс төтенше билік берді . Рузвельт реформаларын тарихта «Жаңа бағыт » деген атпен қалды. Төмендегі кестеден біз реформалар жүйесімен танысамыз.
- Президент Ф. Рузвельттің «Жаңа бағыты»
Қай жылы | Қабылдаған заңы | Мақсаты |
1. 1933ж 4- наурыз | Алтын қоры туралы | Алтынды сыртқа шығармау , жасырмау |
2. 1933 ж 6-наурыз | Банкілерді реттеу заңы | 19 мың банкіні жауып,800 банкі қалдыру |
3. 1933 ж 22-наурыз | Құрғақ заңды жою | Арақ сатуға рұқсат |
4.1933 ж 16-мамыр | НИРА(ҰӨҚК)- заңы 1. Әділ бәсеке 2. Кәсіпкер мен жұмыскер 3. Өнеркәсіпке несие беру | Өнеркәсіпті қалпына келтіру |
5.1933 ж 20-мамыр | ААА(АШҚК)- заңы | Ауыл шаруашылығына көмектесу. Фермерлерді қолдау |
6.1935 ж 14-тамыз | Әлеуметтік қамсыздандыру заңы | Жәрдемақы мен зейнетақыны төлеу |
7.1937ж 5-шілде | Жоғары сот реформасы | Сот жүйесін өзгерту |
4 . Бекіту сұрақтары – жұптық жұмыс . Деңгейлік тапсырма.
- Жұпқа
- АҚШ тың тұңғыш президенті -5 балл
2.Бірінші дүниежүзілік соғыс қай жылдары болды . АҚШ кімді қолдады -10
- НИРА – заңын түсіндір-20 балл
2-жұпқа
- АҚШ тың ұлттық валютасы -5 балл
- Ф. Рузвельт кім -10 балл
- Банкі деген не , Банкілерді реттеу заңы – 20 балл
3-жұпқа
1.АҚШ парламенті қалай аталады -5 балл
- Жаңа бағыт реформасының басты мақсаты – 10балл
- Гүлдену дәуірі деген не ?-20 балл
- Қортындылау
Қортындылау Венн диаграмасы арқылы және топтасыру арқылы жүргізіледі.
Қазақстан — ерекшелігі | Ортақ белгілері | АҚШ — ерекшелігі |
Топтастыру
Оқушыларды бағалау , жаңа тақырыпты пысықтап беру . Оқушылардан түсінбеген болса сұрақтар бергізу.
Үй тақырыбы $ 9