Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Солтүстік Қазақстан жайлы оқушыларға мағлұмат алуға жағдай жасау, Солтүстік Қазақстан аймағында ерте темір дәуір ескерткіштерінің мәдениетінің әсерін білуге көмектесу
Дамытушылық: Оқушыларға өз елі, Отаны туралы түсініктерін тереңдетіп өмірде қолдана білуге дағдыландыру, өз беттерінше ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: тақырыпты оқыта отырып қызығушылықтарын арттыру,Отанына өз еліне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР саяси картасы.
Сабақтың әдісі: дәстүрлі сабақ.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау. Осыдан кейін сол тақырып бойынша қорытындылауға сұрақтар қою.
1.Сарыарқа, Арқа- Қазақстанның қай бөлігін алып жатқан аймақ ?
2.Ежелгі заманда Сарыарқаның батысында қандай тайпа тұрған еді?
- «Мұртты » қорғандар ненің ролін атқарды?
4.Орталық Қазақстан ескерткіштеріндегі «мұртты» обалар неше жерлеу орындарынан тұрады?
- Сарыарқаның ерте темір дәуір ескерткішіне қандай мәдениет, қай тайпадан қалған?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақ жоспары:
1.Солтүстік Қазақстанның табиғат ерекшелігі.
- Тұрғындар туралы жазба деректер
- Мал бағу ерекшелігі.
4.Ерте темір дәуірі ескерткіштері.
- Металл ұқсату.
Жүру барысыы.
Солтүстік Қазақстанға қазіргі Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облысының солтүстік бөлігі жатады. Солтүстік Қазақстанда өзендер мен тұщы сулы көлдер мол.
Ертедегі грек тарихшысы Геродоттың айтуынша, савроматтар « биік таулардың бауырында» тұрған аргиппейлермен көрші болған.
Тіл білімі мамандары «аргиппей» сөзін латын тілінен аударғанда «ақ жалды жүйрік аттардың иелері» деген.
Б.з.б. 1 мыңжылдықта Солтүстік Қазақстанның тұрғындары егіншілік пен отырықшылықтан біртіндеп көшпелі өмір салтына ауыса бастады. Осында табылған өнер үлгілері «аң стиліне» жатады. Көшпелілердің қойлары көп болған.
Қазақ даласында «Жұт» болып тұрған. Жұт 6-8, кейде 10-12 жылда бір қайталанып тұрған. Жайық пен Ертіс өзендері арасында сақ үлгісіндегі мәдениет қалыптасуына Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің әсері болған.
Ұлыбай атырабының ескерткіштері Тасмолаға ұқсас кеген.
Сақ дәуірінің ерте кезеңіне жататын 3 қоныс: Қарлыға, Бөркі,Кеңөткел зерттелген. Археологтар Есіл өзенінің оң жағалауынан орналасқан Ақтау бекініс қалашығын зерттеген. Оның биіктігі 5-6 метр. Бекініс жеке-жеке 5 қорғаныс қақпасынан тұрады. Б.з.б.3-1 ғасырларда Шығыс Еуропа жерінен, Кавказдан Қазақстан жеріне дейін металдан жасалған заттар табылған. Бұл Қазақстан даласында ерте кезден бастап темір қорытудың алғашқы орталықтары болғанын көрсетеді.
Маңғыстау жеріндегі Дықылтас және Үстірт аймақтарындағы Бәйте, Қарамөңке, Терең қорымдары жатады.
Бекіту сұрақтары:
1.Солтүстік Қазақстан деген тарихи-географиялық ұғымға бүгінгі қай облыстар кіреді?
2.Жұт дегеніміз не?
3.Солтүстік Қазақстан мен Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірін мәдениеттеріндегі ұқсастықтарды ата?
ІҮ. Қорытындыға тест сұрақтары беріледі.
Ү. Оқушыларды бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма беру: Солтүстік Қазақстан.
Солтүстік Қазақстан тақырыбына 6 сынып
- Бекііту сұрағы.
1.Сарыарқа, Арқа- Қазақстанның қай бөлігін алып жатқан аймақ ?/Қазақстанның бүкіл орталық бөлігін алып жатыр/
2.Ежелгі заманда Сарыарқаның батысында қандай тайпа тұрған еді?/Аргиппейлер/
- «Мұртты » қорғандар ненің ролін атқарды?/Бағдаршам рөлін/
4.Орталық Қазақстан ескерткіштеріндегі «мұртты» обалар неше жерлеу орындарынан тұрады?/ 2/
- Сарыарқаның ерте темір дәуір ескерткішіне қандай мәдениет, қай тайпадан қалған?/Тасмола мәдениеті, ол исседон тайпасынан/
2.Бекіту сұрағы.
1.Солтүстік Қазақстан деген тарихи-географиялық ұғымға бүгінгі қай облыстар кіреді?/Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар/
2.Жұт дегеніміз не?/ Жерді қалың мұз басып, малдың қырылуы, шөп, жемнің жоқтығы/
3.Солтүстік Қазақстан мен Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірін мәдениеттеріндегі ұқсастықтарды ата?/ Ұлыбай атырабының ескеткіштері Тасмолаға ұқсас/
Тест сұрақтары
- Шығыс Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар
а) аргиппейлер ә) сарматтар б) исседондар
в) аримаспылар г) савроматтар
- Шығыс Қазақстандағы алып патша қорғандар кездесетін аудан
а) Іле ауданы ә) Зайсан ауданы б) Тасмола алқабы
в) Алакөл ауданы г) Екібастұз ауданы
- Берел кезеңінің уақыты
а) б.з.б. 2-1 ғасыр ә) б.з.б. 5-4 ғасыр б) б.з.б. 2 ғасыр
в) б.з-ң 3 ғасыры г) б.з-дың 8 ғасыры
- «Аң стилінің» пайда болған мерзімі
а) б.з.б.5 ғасыр ә) б.з.б. 6 ғасыр б) б.з.б.7 ғасыр
в) б.з.б 8 ғасыр
- «Аң стилі» дәстүрімен сақтардың танысқан жорығы
а) Индияға ә) Алдыңғы Азия мен Қытайға
б) Алдыңғы Азия мен Иранға в) Қытай мен Үндістанға
- «Алтын киімді адам» табылған қорған
а) Есік қорғаны ә) Бесшатыр қорғаны
б) Бөріқазған тұрағы в) Ботай қонысы
7.Орталық Қазақстандағы ерте темір дәуірі ескерткіштерінің атауы
а) шағын қорғандар ә) үлкен обалар
б) «мұртты қорғандар» в) патша қорымы
- Тасмола мәдениетінің ерекшелігі
а) көп адамдар жерленген ә) қыш ыдыстар қойылмаған б) алтын әшекейлер кездеспейді в) адам мен жылқыны қатар жерлеген
- Тасмола мәдениетін қалдырған тайпа
а) аргиппейлер ә) исседондар б) аримаспылар в) дайлар
- «Ақ жалды жүйрік аттың иелері» деп аталатын тайпа а) аргиппейлер ә) исседондар б) аримаспылар в) дайлар
11.Солтүстік Қазақстан тұрғындарының көшпелі өмір салтына ауыса бастаған кезеңі
а) б.з.б.1 мыңжылдық ә) б.з.б. 3мыңжылдық
б) б.з.б.6мыңжылдық в) б.з-дың 4 ғасыр
12.Жайық пен Ертіс өзендері арасында сақ үлгісіндегі мәдениеттің қалыптасуына әсер еткен мәдениет
а) Беғазы-Дәндібай мәдениеті ә) Андрон мәдениеті б) Тасмола мәдениеті в) Шілікті мәдениеті