Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланысы

Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланысы

Сабақтың мақсаты: Оқушының таным мүмкіндігін, оқу мақсатын, оқушы тұлғасын қалыптастыру.

Білімділік: XІХ ғасырда Қазақстанның экономикалық дамуы туралы алған білімдерін ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және  шығармашылық зерттеу жұмыстары арқылы тереңдетіп қорытындылау.

Тәрбиелік: Тарихи сананы қалыптастыра отырып өз елінің тарихын, мәдениетін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып, қажетіне сай пайдалану дағдыларын дамыту.

 

Сабақтың түрі: Интегральды сабақ

Сабақтың тәсілі: Компьютерде жұмыс жасау, ауызша баяндау, шығармашылық ізденіс.

Көрнекіліктер: Қазақстан картасы ( ХІХғ), қысқаша тест, тірек қималар.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үй тапсырмасын тексеру.  Сыныпты екі топқа бөліп, 1 топ компьютерде топтастырылған «Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы» тақырыбында тест сұрақтарына жауап береді. Жауаптардың дұрыстығын компьютер тексеріп бағалайды.

 

Тест

1.Орыс, украйын шаруаларын Ақмола, Семей, Жетісу, Торғай облыстарына қоныстандыру қай жылдары жаппай етек алды?

 

а) ХІХғ. 70жыл;    ә) ХVІІІ ғ. 70жыл;     б) ХІХғ. 40жыл;      в) ХІХғ. 50жыл

 

2.ХІХ ғасырдың 90 жылдары темір жолдың ұзындығы қанша шақырым құрады?

 

а) 513;        ә) 482;      б) 181;    в) 818.

 

3.Қандай мыс өндіру кеніші шет елдердің өнеркәсіп иелеріне сатылады?

 

а) Екібастұз;      ә) Риддер;         б) Спасск кеніші;              в) Қарағанды.

 

4.1832 жылы қай жерде жәрмеңке ашылды?

 

а) Семей қаласы;  ә)  Орал қаласы;     б) Ақмола қаласы;    в) Бөкей ордасы.

 

  1. ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанда қанша жаңа қала пайда болды?

 

а) 10;   ә) 20;   б)  14;     в)   19.

 

Осы уақытта 2-ші топ үй  тапсырмасы бойынша мына сұрақтарға жауап береді: Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру барысына сипаттама жасаңыз.Екінші топ жауабы тыңдалған соң топтар орындарын ауыстырып, 2-ші топ компьютерге отырып Microsoft Word программаcына еніп «Қазақстанда капитализмнің дамуы» деген тақырыпта кесінділермен жұмыс жасайды. Берілген сұрақтардың дұрыс жауабын тауып мониторға шығарып , мұғалімге көрсетеді.

 

 

Өндіріс  орындарын орналастыр

 

               

Семей                                                    Балық аулау кәсібі

Балқаш көлі                                           Тұз өндіру

Каспий Арал теңіздері                         ХІХғ. Соңында белгілі болған көмір алабы

Басқұншақ                                             1848ж. Қарқаралы уезіндегі жәрмеңке

Талдықорған                                         1887ж. Ашылған банк бөлімшесі

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тақтаға сөздер жазылады. Қазақстан, Қытай жәрмеңкелері. Тақтадағы сөздерге түсінік беріле отырып, оқушылардан тақырып не туралы екенін болжаулары  сұралады.

Жоспар:

1.1851жылғы Құлжа, 1881жылғы Петербург келісімдері;

2.Қазақстан мен Қытай сауда байланысының дамуы;

Осы жоспар бойынша тақырып ауызша түсіндіріліп, екі келісімнің сипаттамасы ілінеді. Оқушылар қайсысы қай келісім екенін белгілейді.

 

                            ?                             ?
1.Батыс Қытайда Ресейдің елшілік орталығы, орыс көпестеріне сауда орындары ашылды1. Шекаралық аудандарда сауда жүргізу құқығы бекітілді
2. Троицк, Орынбор, Семей, Өскемен кедендерінің сауда құқықтары кеңейді2. Шекарадан 60-65 шақырым жерге дейінгі қашықтықта шайға баж салығын  алмау
3. Қазақтардың күнделікті тұрмысқа пайдалануына қажет тауарлар көлемі артты.3. Су жолымен экономикалық қатынастарды реттеу.

 

Картадан сауда аймақтарын көрсету арқылы бекіту:

Жәрмеңкелер: Қазақстанда                                       Кедендік бөлімшелер:

1.Жетісу  Қарқара                                                        1. Қатын  Қарағай

  1. Қонды 2. Зайсан

Қытайда                                                                          3. Бақты

  1. Құлжа
  2. Шәуешек
  3. Қашғар

Қорытындылау. Тақырып ХІХғ тарихын зерттеген тарихшы Е.Бекмахановтың пікірімен аяқталады. «ХІХ ғасыр орта тұсында Қазақстанның экономикалық өмірде жаңа әлеуметтік топ байлар көрнекті рөл атқара бастады. Байлар жаңадан болып келе жатқан ұлттық сауда буржуазиясының өкілдері болып табылады». Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан шет  елдермен сауда байланыстарын орнатуда. Ендеше ұлттық сауда буржуазиясы ХХІ ғасырда әлі қалыптасуда.

  1. Оқушыларды бағалау
  1. Үйге тапсырма беру §22 .  Оқушыларға таспырма беру. Қазіргі күнгі Қазақстан мен Қытай сауда байланыстары туралы деректер жинақтау.