Интеллектуальды ойын тарих сабағынан
Интеллектуальды ойын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тарих сабағынан алған білімдері бойынша қайталау арқылы жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру;
Тәрбиелігі: Достарын таңдай білуге, өзін дұрыс ұстап мәдениетті түрде ойын, пікірін дұрыс жеткізуге үйрету;
Дамытушылығы: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейін байқауға, тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан-жақты толық жеткізе білуге қосымша іздену.
Көрнекілігі: Карта, карточкілер, портреттер, сөзжұмбақ.
Түрі: Дәстүрлі емес.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Жоспар:
- «Бәйге» ( сұраққа тез жауап қайтару).
- «Кім тапқыр» ( цифрлы диктанттың күндерін анықтау)
- «Көкпар» ( топпен ақылдаса отырып, сұраққа жауап қайтару)
а) «Портреттер сөйлейді» ( көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу).
ә) Әрбір топ қарсылас топқа қазіргі Қазақстандағы жаңалықтарға байланысты 5 сұрақ дайындайды.
- Деректік қатемен жұмыс ( карточкіде берілген тарихи деректерді мәтінмен салыстыра отырып қажетін табу).
- «Мені түсін» ( карточкіге жазылған көрнекті қайраткерлердің сөздері кімге арналғанын табу) .
- 2-топқа сөзжұмбақ шешу.
- Қорытындылау, бағалау.
- «Бәйге»
І топ сұрақтары:
1) Қай болльшевик Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату үшін күресті?
2) 1917ж Қосөкіметке қандай үкімет органдары кірді?
3) 1916ж ұлт-азаттық көтерліс Торғайда ең күшті, табанды және ұзақ болды, көтерліске шыққан адамдар саны қанша?
4)Черкасск қорғаушылары кімнің әскерімен шайқасты?
5) Ш.Уәлихановты әлемге әйгілі еткен қандай еңбегі?
6) Қазақ АҚСР-ін құрған құрылтай съезі қайда және қашан шақырылды?
7) 1916ж ұлт-азаттық көтерліс кезінде Верный уезінің ханы болып сайланған кім?
8) «Алаш» партиясы қашан құрылды?
9) 1921ж жер-су реформасының негізгі мақсаты қандай болды?
10) Патша өкіметінің 1916ж жарлығы бойынша қара жұмысқа кімдерді алу көзделді?
ІІ топ сұрақтары:
1)ЖЭС жылдары Ембі мұнайын өндіруден түскен пайданың қанша пайызы қазақ өлкелік бюджетіне түсті?
2) Орал майданы қашан жойылды?
3) Азамат соғысы жылдарында Атбасар уезіндегі партизан қозғалысының ірі орталығын атаңыз? 4) Жангелдиннің экспедициясы Қазақстандағы қай майданға қару-жарақ әкелді?
5) Азамат соғысы жылдарында қаза тапқан адамдар саны қанша?
6) Семей қаласында 1927ж шілдеде ашық сот процесінде қай атаман жазаға тартылды?
7) Черкасск қорғанысының Қазақстандағы азамат соғысында қандай рөлі болды?
8)1916ж ұлт-азаттық көтерлісінде Торғайдағы сардарбек болып кім сайланды?
9) Жаңа экономикалық саясат неге рұқсат берді?
10) Атамандар Анненков пен Дутовтың казактарының ерекше қатігездігі мен жауыздығы туралы қандай газетке жазылды?
- «Кім тапқыр» І топ.
1) Азамат соғысының басалуы
2) І-ші дүние жүзілік соғыстың басталуы
3) Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы
4) Патша өкіметі Сібір мен Орал казак әскерлеріне берген жерді қазақ еңбекшілеріне қайтару туралы декрет қашан шығарылды?
5) Нешінші жылы республиканың едәуір бөлігінде, әсіресе, Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар саны 82 % дейін жетті.?
6) Қай жылы азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім қабылданды? 7)Ғани Мұратбаевтың өмір сүрген жылдары?
8)Ә. Жангелдиннің «Қызыл керуен» экспедициясы ұйымдастырылған жыл?
9) 1917 ж мамырда Бүкілресейлік мұсылмандар съезінде әйелдерге еркектермен тең құқық беруге қанша молда қарсы болды?
10) С.Датұлы бастаған көтерліс неше жылға созылды?
ІІ топ.
1)І дүние жүзілік соғыстың аяқталуы?
2) Азамат соғысының аяқталуы?
3) Ғ. Мұратбаев неше жасқа аяқ басқанда жалынды өмірі үзілді?
4) Қазақстандағы индустрияландыру кезеңі?
5)Патша өкіметінің 1916ж жарлығы бойынша қара жұмысқа кімдерді алу көзделді?
6)Қазіргі Қазақстанда неше облыс бар?
7) ІІ-ші дүние жүзілік соғыстың басталуы?
8)Қазақ АКСР-де «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы қай жылы ұйымдастырылды?
9) ІІ-ші дүние жүзілік соғыс аяқталды?
10) Семей қаласында атаман Б.Анненковқа ашық сот процесі қай жылы жүргізілді?
3.«Көкпар».
І топ.
а) Әліби Жангелдин Тоғжанұлы
ә) Қазіргі Қазақстанның оқиғаларына байланысты 5 сұрақ:
1) ҚР- мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қашан Қабылданды?
2) Желтоқсан оқиғасы болған жылды атаңдар?
3) Қай жылы Ресей елі Қазақстан еліне арнады?
4) ҚР «Ата Заңы» қашан қабылданды?
5) О. Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабы қашан жарық көрді?
ІІ топ
а) Мендншов Сейтқалидың туған жылы?
ә) ҚР –на байланысты 5 сұрақ:
1)Қазір дүние жүзінде қанша қазақ бар?
2)Қазақ халқы қай нәсілге жатады?
3)Қазақстанда қанша қазақ тұрады?
4) «Невада- Семей»антиядролық қозғалысы қай жылы құрылды және оның көшбасшысы кім?
5) 1992ж 2 наурызда Қазақстан өмірінде қандай оқиға болды?
4.«Деректі қатемен жұмыс».
Ітоп. 10 сынып. «Қазақстан тарихы»59 бет (деректі материал)
ІІ топ. 10 сынып. «Қазақстан тарихы». 100 бет(деректі материал). ( карточкі қатемен беріледі, соны оқушы мәтіндегі материалмен салыстырып қатесін табады)
- «Мені түсін».
І топ. а) «Күйзеліс, қайыршылану» деп кімнің, қай жағдайда айтылған сөзі?
ә) «Қазақ елін билеудің екі жолы бар, бірі күшпен билеу үшін генерал губернаторлар сияқты диктатураларды тағайындау, екіншісі қазақ елін өзін-өзі билеу жролы бар» екенін ашық айтқан кімдер?
ІІ топ. а) «Сіздерде Арал теңізінде балықтың аулануы жаман емес.. Өздеріңіз аулаған балықтың бір бөлігін аштықтан ісінген қарттар мен қарияларға бөліңіздер»- деген сөздерді кім айтқан?
ә) «Торғай облысында ескі .үкіметтің жазалау отрядтары өздерінің зорлық-зомбылық жасап,ойран салған арам істерін осы кезге дейін жалғастырып отыр» деп кеңестік өкіметтің назарын аударған кім?
- Сөзжұмбақ:
Жасырын сөзі- Жаңа Экономикалық саясат.
1.1921ж 20-31 қаңтарда әлеуметтік қазақ және қырғыз кедейлерге қандай реформа жүргізілді?
- 1921ж істан шыққан зауыттардың бірі ?
3.Қазақстанда жэс жүргізушілер кімдер?
- 1921ж қаңтар-ақпан айында жер-су реформасы көптеген уездерде жүргізілді, сол уездердің бірі? 5. Қазақ АКСР-де одақтық маңызы бар трестердің бірі қалай аталады?
- «Қосшы» одағы, кейін( 1930ж) қандай атауға ие болды?
- 1921ж құрылған кедейлер одағы қалай аталады?
- «Күйзеліс, жоқшылық, қайыршылану» деген сөздің иесі кім еді?
- 1921ж маусым айында облыстық І-ші құрылтай партия конференция өткен еді, бұл конференция қай жерде өтті?
- Алтайда 1925ж қандай трест құрылды?
- Азық –түлік салғыртының жанама аты?
- «Қосшы» одағының ұйымдастырушыларының бірі кім?
- Ауыл шаруашылығын қалпына келтіру ісін ұйымдастыру үшін ауыл шаруашылық қоғамы құрылды, ол қандай қоғам?
- «Қосшы» одағының мүшесі кім?
- 1921ж жазында Қазақстан жері қандай өзгеріске ұшырады?
16.1921ж наурыз айында Орал губерниясның аумағында қаруланған отряд бүлікшілері әрекет етті, оның бастаушысы кім?
- 1921ж мамырдың 24-де шыққан декрет не туралы еді?
- Қазақ жерінде капитализм кезінде тап ретінде қалыптасуы аяқталмаған тап?
- Бокиннің есімін жаз?
- 1921ж қай қалада 17 мыңнан астам мүшесі бар «Қосшы» одағының 99 ұясы жұмыс істеді?
7.Қорытынды шешім: Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына байланысты баға қою.
Үйге тапсырма беру