Сындарлы оқытуда дарынды және талантты балалармен жұмыс.

 

Тақырыбы:   Сындарлы оқытуда дарынды және талантты балалармен жұмыс.

Сабақтың эпиграфы:    Қазақстан                Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында айтқандай:

 

«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажетҚазақстанды дамыған

50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім»

 

Тақырыбы Оқытудағы Кембридж тәсілі арқылы оқушыларды дарындылық қабілеттерін анықтау.
СілтемеМұғалімге арналған нұсқаулық
Жалпы мақсаттарОқушылардың  дарындылық  және таланттылық көзін ашу, табиғи саласын анықтау, оқыту арқылы олардың дарындылық қабілеттерін дамыту,көшбасшы дайындау. Әрбір шәкірттің жеке дара ерекше қабілеттерін ілгері дамыту, дарындылығы анықталған оқушыны қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп қалыптастыруға жағдайлар жасау аясында жұмыстар жүргізу.
Күтілетін  нәтиже ·         талантты және дарынды оқушылардың бір бағытқа ғана бағытталмағандығын ескеру;

·         неге қызығатындығына көңіл бөлу;

·         дарынды оқушыларды орта буынға келгенде таңдап алып, бағдарламаға ғана тоқталмай, жан – жақты қалыптастыру

 

Міндеттері

 

 

есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;

өз білімін жетілдіру: олар оқыту үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп , өздерінің оқуын реттей алады.

ойлау қабілеттінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді;

мәселені шешу: олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;

 икемділік: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған,  дегенмен олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;

күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін  олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады.

шоғырлану: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар;

ерте символдық белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды

Жұмыс жоспары мынадай жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді— Ерекше қабілетті  оқушыларды анықтау

—  Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау

 — Ой өрісін дамыта түсу үшін  жұмыс жүйесін құру

  -Дарынды оқушыларға берілетін тапсырмаларды күрделендіру \

Мұғалім оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтайды? Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін. Балалар бір ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық музыкалық және басқа таланаттарымен танылуы ықтимал.Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін;олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерде қабілеттерін танытпауы мүмкін.Балалардың қабілеттіліктерін,біліктілігін,әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін.
Талантты немесе дарынды оқушылардың қасиеттері Дарынды әншінің қасиеттері: әнге құштар, зейінді, белсенді, икемді, қиялшыл, ізденімпаз, сезімтал,ортаға бейімді, арқалы.

Дарынды спортшының бойындағы қасиеттері: денсаулығы мықты, қызығушылығы жоғары, ынта жігерлі, жеңіске жетуде төзімді, сабырлы, өзін ерекше ұстайды, ашушаң, қызу қанды, оқуға ынтасы аз.

Гуманитарлық саладағы ерекшеліктері: есте сақтау қабілеті жоғары,қызуғышылығы жоғары ұзаққа созылады, олар ақпаратты біліп қана қоймай өз тәжірбиесінде пайдаланады, ойы ұшқыр, сөзі өткір, саяси, мәдени оқиға ойлайды және талқылауда мұқият орындайды, пікірін еркін жеткізе алады, өлең шығарады, әңгіме, ой толғау, мақалалар жазуда ерекшеленеді.

Дарынды суретшінің қасиеттері: әсершіл, сезімтал, жан дүниесі нәзік, тұйық, төзімді, табанды еңбекқор, байқампаз,  қиялы жүйрік, шығармашылық шаттығы кең.

Тапсырмалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1) Экрандағы  суретке қарап  сұрақтар қоя білу. Ол сұрақтар  ашық сұрақ, жабық сұрақ болуы керек .

Мысалы:  Қашан? Кім? Қайда? Не?  Не ойлайсың?

—  жабық сұрақтар

Неге? Қалай? Не үшін? Неліктен? Неге олай ойлайсың? Қалай білесің? Оған себебің бар ма? Сенімді бола аласың ба? Мұның басқа жолы бар ма?  — ашық сұрақтар.Сыни тұрғыдан дамыту үшін екі технология қолданса, баланың дарындылығын ашамыз.

А) Ашық сұрақ

Б) Проблемалық сұрақ қою керек.

2. 10 суретке бір минут уақыт беріледі, мұқият зер салып, қай суреттің, қай жерде орналасқанын, не бейнеленгенін айтып берулеріңізді сұранамын.Бұл әдіс баланың есте сақтау қабілетін дамытады.

3. Тренинг ( Кедергілерден сүрінбей өту)

ҚорытындыБалаға өз бетімен  зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан  әрі  жақсы оқи түседі.                                                                           

                                                                    Питер Клайн

Әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отырылады:

Дарынды балаларды мектепішілік, аудандық,облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу.Әр дарынды баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып,шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер ба;

Осы жағдай дарынды баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызады:

Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отырса келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесі зор болады.

РефлекцияМұғалімдерге стикер таратып, өз ұсыныстарын жазып беруді сұрану.