Ежелгі Македония
Ежелгі Македония
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі Македонияның орналасуын, табиғат жағдайларын, шаруашылығын,
басқару жүйесін, сонымен қатар даңқы дүние жүзіне мәлім Александр
Македонскийдің өмір жылдары мен маңызды шайқастарына тоқталып өту.
Дамытушылық: Тарихи даталармен, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік: Соғыс атаулыға жек көрушілік тәрбие беру.
Пәнаралық байланыс: география, қазақстан тарихы, әдебиет.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: тестілеу әдісі, ауызша баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекіліктері: Карта, А.Македонский суреті, интерактивті тақта, тест парақшалары, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Оқушылармен амандасу, сынып тазалығына көңіл бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ол үшін тест парақшалары үлестіріледі.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жоспары:
- Табиғат жағдайы мен халқы.
- ІІ Филипптің ішкі және сыртқы саясаты.
- Александр Македонскийдің Кіші Азияны бағындыруы.
- Парсы патшасын жеңу
- Македония — Грекияның солтүстігінде, Балқан түбегінде орналасқан. Оны картадан көрсетемін. Оның солтүстік-шығыс бөлігі биік таулармен қоршалған, ал оңтүстік-батыс бөлігі жазық болып келеді. Жазық жері ауыл шаруашылығына өте қолайлы болды.
Македония жерінде өмір сүрген тайпалар – фракийліктер. Олардың бойы ұзын, аса қайратты келетін.
Халқының көпшілігі ерікті, жарым –жартыс тәуелді малшылар мен
егіншілер еді.
Негізгі шаруашылығы – мал өсіру, әсіресе жылқы малын көп өсірген. Жері
орманды болғандықтан ағаш-орман шаруашылығы да өркендеген.
- ІІ Филипптің ішкі және сыртқы саясаты.
ІІ Филипп (б.з.б. 382-336 жж.) патша – Македонияның бірінші ірі мемлекет қайраткері. Ол өте іскер, ақылды патша болды, елде әкімшілік және әскери реформаларды жүзеге асырды.
Әскери реформа
Атты әскер Жаяу әскер Жаяу әскер
Македондықтардың әскери сап жүйесі – фаланга
ІІ Филипп парсыларға қарсы жорыққа әзірленіп жатқан кезд қастандықпен өлтірілді.
- ІІ Филипп өлтірілгеннен кейін, оның орнына ұлы Александр Македонский (б.з.б.356-323 жж.) таққа отрыды.
А. Македонскийдің Шығысқа жасаған жорық кезінде негізгі шайқастар.
Болған уақыты | Шайқас болған жер, елді мекен | Нәтижесі
|
Б.з.б. 334 жыл | Граник өзенінің жағасы
| А. Македонский парсылардың әскерін талқандады. Кіші Азияның ішкі бөліктеріне және Жерорта теңізі жағалауына оңтүстікке қарай жол ашылды. Финикия жеріндегі Тир, Библ, Сидон қалалары жаулап алынды.
|
Б.з.б 333 жыл | Исса қаласының түбінде
| Македондықтар жау әскерін талқандап, парсы патшасы ІІІ Дарийдің отбасын да қолға түсірді.
|
Б.з.б. 332 жыл | Египетке жорық
| Александр Египетті соғыссыз бағындырды. Ніл өзенінің атырауында жаңа қала — Александрия қаласының негізін қалады.
|
Б.з.б. 331 жыл | Гавгамелы елді мекені түбінде
| Ежелгі дүниедегі ірі шайқас парсылар мен грек-македондық әскері арасында болды. Саны жағынан көп ІІІ Дарий әскері талқандалып, Александр бүкіл Парсы елін өзіне қаратты. |
Б.з.б. 330-328 жж. | Орта Азия мен Қазақстан жеріне | Бактрия мен Соғды елі уақытша бағындырылды. Сақтар жеріне ішкері ене алмады |
Б.з.б 328 жыл | Үнді өзенінің жағалауы
| Үлкен қиындықпен Солтүстік Үндістан жаулап алынды. А.Македонский көптеген шығынға ұшырады.
|
Б.з.б 324 жыл | Он жылдық жорық аяқталды.
| Александр әскерімен Вавилонға келді.
|
Б.з.б. 323 жылы “Азияның патшасы” атанған Александр Македонский кенеттен
науқастанып қайтыс болды. Ол қайтыс болғанда небәрі 33 жаста болатын.
Александр өлімінен кейін оның империясы бірнеше патшалыққа ыдырап кетті.
Солардың ішінде ірілері : Египет, Сирия және Македония.
- Жаңа сабақты бекіту.
- Ежелгі Македония жерін картадан көрсет.
- ІІ Филиптің ішкі және сыртқы саясаты туралы әңгімелеңдер
- А.Македонский мен ІІІ Дарий арасындағы негізгі шайқастарды ата? Оны картадан көрсетіңдер.
- Александр қайтыс болған соң оның империясы қандай өзгеріске ұшырады?
- Оқушыларды бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: § 28. Ежелгі Македония.
Кесте толтыру
Мекендеген жері | Македондықтардың түр-сипаты | Негізгі шаруашылығы |
|