Жайлау. Сөйлемдегі сөздердің байланысы
№104 сабақ.Сабақтың тақырыбы: Жайлау. Сөйлемдегі сөздердің байланысы
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға сөйлемдегі сөздердің байлвнысы туралы түсінік
беру.Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы білімдерін бекіту.Жайлау туралы түсініктерін пысықтау. ә) Оқушылардың сөздік қорын молайту ,сөйлеу тілдерін дамыту.б) Үй жануарларын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер,сұрақтар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:-Балалар, үйге берілген І.Жансүгіровтың «Жазғы шілде өлеңін мәнерлеп оқыту 196- жаттығуды тексеру.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Сөздерге дыбыстық талдау жасау туралы алған білімдерін пысықтау мақсатында, тақтада жазулы үш сөзге талдау жасату.197-жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді жазу.Жау, жаңбыр, сұлудай
- Мақсат қою кезеңі:-Сөйлемдегеніміз не?
- Жаңа сабақ:Тақтада үш сөз жазулы тұрады.Оқушылар (гүл) аулаға отырғызды.Осы сөйлемнің мағынасына қарай өзгертіп оқимызОқушылар гүлді аулаға отырғызды.Кестемен жұмыЕРЕЖЕСөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы білеміз.Мыс: Оқушылар гүлді аулаға отырғызды.1.Оқушылар не істеді? Оқушылар отырғызды.2.нені отырғызды?Гүлді отырғызды.3.Қайда отырғызды? Аулаға отырғызды.Дәптермен жұмысКүн ретін жазу.1 мин таза жазу.С дыбысы199-жаттығуды (сөздік диктант ретінде)орындау.Отыз, он бірінші, жиырма екі, елу, жүз, елу үш, сексен төртінші, бес жуз алты, екіншіОсы сөздерге сұрақ қою ауызша орындалады.Сергіту сәті
VI.Жаңа материалды пысықтау:200-жаттығу. Сөйлемді оқыңдар. Таңертең бақшада бұлбұл сайрайды. Сызбадағы сұрақтардың орнына сөйлемнен керекті сөздерді қойып жазыңдар.
Не?
Қайда? сайрайды
Қашан?
201-жаттығу (тақтамен жұмыс)
Кім?
Неге? тікті
Не?
Тапсырма: Берілген сөздерді қойып, төрт сөзден жасалған сөйлем құрап жазыңдар
Көйлек, қуыршаққа, Нағима.
Сұрақ-жауап арқылы орындалады.
Жазда малдарды қайда айдап кетеді?Жазда малдар қайда тұрады?
Жазда малды жайлауға айдап кетеді.Оны жайлау деп атайды.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Жайлау» түсіндіре отырып мәнерлеп оқып беру.Сұрақ-жауап арқылы түсіндіру.Оқушыларға тізбектей оқыту.
VII.Бекіту кезеңі:Сұрақ қою арқылы түсінгенін пысықтау-.Сөйлемдердің байланысын не арқылы білеміз?-Қандай мәтінмен таныстық?
VIII. Үйге тапсырма, бағалау:202- жаттығу ,мәтінді мәнерлеп оқып,мазмұндау, ережені жаттау.