Архитектура және өнер(ҮІ-ІХғғ)
Сабақтың тақырыбы: «Архитектура және өнер(ҮІ-ІХғғ)»
Күні:
Мақсаты:
Білімділік: Түркі тілдес халықтардың мәдениетінде айшықты орын алатын сәулет,
бейнелеу және қолданбалы өнер ескерткіштерімен оқушыларды таныстыру;
Дамытушылық: Ерте орта ғасырдағы түріктердің өнері мен мәдениетінің дамуы
туралы ой саптау;
Тәрбиелік: Оқушыларды түркі тілдес халықтардың мәдениетімен және өнерімен
таныстыра отырып, оларға эстетикалық тәрбие беру, өнерге, сұлулыққа деген
құштарлығын ояту.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: карта, суреттер
С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы:
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеріп,
сабаққа назарын аудару
Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:
- Түріктердің мал шаруашылығының дамуы туралы айтып беріңдер
- Түріктердің қалалық өмірі мен отырықшылық мәдениеті жайлы әңгімелеңдер
- Түріктердің материалдық мәдениеті қалай дамыды?
- Түріктердің тұрғын үйлеріне сипаттама беріңдер
- Металл өңдеу ісі қалай дамыды?
- Сауда мен ақша айналымы туралы не білесіңдер?
Мағынаны тану
Жоспар:
- Архитектура(сәулет өнері)
- Діни сәулет өнері
- Бейнелеу өнері
- Мүсін өнері
- Қолданбалы өнер
Мәтінмен жұмыс арқылы кесте толтыру
Сәулет өнері ескерткіштері | Негізгі сипаттамасы |
Ақыртас (Тасақыр) | ҮІІ-ҮІІІғғ басталып, бітпей қалған құрылыс. Тараздың шығыс жағынан 40км жерде орналасқан. Зерттеуші К.Байпақов. Алан-Хазар аңызы. |
Білеулі | Қазақстан мен Қарақалпақстан шегінде орналасқан |
Мырзарабат, Якка сардобасы | ҮІ-ІХғғ жататын құдық үстіне салынған күмбездер |
Дың ескерткіштері | Ислам дініне дейінгі киіз үйге ұқсас діни құрылыстар. Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай, Маңғыстауда сақталған. |
Ақбешім, Суяб будда ғибадатханалары
| ҮІІғ.а.-ҮІІІғ.б салынған. Будда құдайларының мүсініне табынушылық өріс алған. |
Баба-Ата мешіті | Ислам дінінің архитектуралық құрылысы ретінде жартылай сфера тәрізді бес күмбезден құралған. |
Балбал тас, кемпіртас немесе таскеліншектер | Орталық Қазақстан, Жетісуда кездеседі. Ол қаза болған басшы, атақты адамның басына қойылған |
Терракота | Өрнектелген кірпіш |
Ойтолғаныс
Не таңқалдырды? Неге таңқалдырды?
Қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма беру:§8 оқу, аталған ескерткіштер туралы мәліметтер жинақтау