Ғылым мен білімнің дамуы.
Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Х-ХІІ ғасырлада ғылымның даму себептері көрнекті ғалымдар жайлы кеңінен мағлұмат бере келіп, олардың еңбектерінің тарихи маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың рухани дүниесін дамыту.Ғылыми еңбектерді , көркем шығармаларды түсініп оқуға , ізденіске дағдыландыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, имандылыққа, кішіпейілділікке
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, әңгімелеу, тірек –сызба, зымыран сұрақтар
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Ұлы Жібек жолының карталары, ҚР картасы, Әл Фараби, М. Қашғари, Ж. Баласағұни, Қожа Ахмет Яссауидің портреттері
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасы
- Өткен сабақты қорытындылау
- Жаңа материалды түсіндіру
Үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтар
1.Ислам дініне дейін қазатардың сенген діни-сенімдері?
2.Тәңіршілдік дегеніміз не?
3.Отқа, суға және т.б. заттарға сену. Түсіндір.
4.Ислам діні туралы не білесіздер?
5.Ислам дінінің қасиетті кітабы?
6.Ислам дініндегі парыздар?
Сабақтың жоспары:
- Ғылымның дамуы
- Тіл білімінің дамуы
- Әдебиет.
Жаңа сабақты бастау алдымен сабақтың мақсатымен жоспарымен таныстырамыз.
Х-ХІІғасырларда қала мәдениетінің дамуы,ислам дінінің қанат жаюы Қазақстан жерінде ғылыммен білім салаларының дамуына ықпал етіп, Сайрам, Отырар, Түркістан қалаларының біршама гүлденгеніне тоқталамыз.
Шығыстың дүние жүзіне әйгілі көрнекті ғалымы Әл Фараби туралы баяндағанда оның суретін картаны пайдалана отырып, өмірі , ғылыми еңбектері жайлы толық мағлұмат беру керек. Тірек кестені пайдалануға болады.
Келесі мәселеде тіл білімінің дамуы ерекшеліктеріне тоқталамыз. Х ғ. Дейін түркі тілдес халықтардың бірнеше қоғамдық мемлекеттік құрылыстардың бастан кешіруі тілдің дамуына кедергі болғаны сөсіз.
Тіл білімінің дамуы туралы түсіндіргенде оқушыларға түсінікті болу мына тірек сызбаны қолданамыз.
Х-ХІ ғасырладағы тіл білімінің дамуына үлес қосқан ғалымдар.
Аты-жөні | Еңбектері | Не айтылатыны? |
1. Махмуд Қашғари (1030-1090) | «Диуани лұғат ат- түрік» (Түрік тілдерінің сөздігі) | Түрік дәуірінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы. Тіл тарихы түрік мекендерінің аталуы, тарихи, этнографиясы, ауыз әдебиеті туралы мағлұматтар. |
2. Жүсіп Баласағұни (1021-1075) | «Құтадғу білік» (Құт негізі- білік) | Онда түрік тілдес халықтарымен қөоғамдық-саяси өмірі , әдет-ғұрып, наным-сенімдерінен мағлұмат береді. Философия мен астрономия, алгебра сияқты ғылым салалары да қамтылған |
Үшінші мәселеде жазба әдебиетінің даму барысында жазба әдебиетінің көрнекті өкілдеріне тоқталамыз. Көзінің тірісінде- ақ «Ақындардың ақыны», «Даналардың көшбасшысы» деген атқа ие болған әйгілі ақын Ахмед Иугнеки туралы айта келіп, оның бізге жеткен еңбегі «Ақиқат сыйына» тоқталуға болады. Қарахан халқыны түсінікті түрік тілінде жазылған бұл дастанында ақын халықты инабатты болуға, әділеттілікке, білімді болуға жағымсыз қасиетттерден аулақ болуға шақырады.
Оқушыларға шығыстың ұлы ғұламаларының бірі Қожа Ахмет Яссауидің өмірбаяны, білім алған қалалары жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, олардың А. Яссауи туралы, оның Түркістандағы кесенелері туралы не білетінін сұрап, толықтыра түскен жөн. «Диуани хикмет».
ХІ ғасырда жазылған Ж. Баласағұни «Құтадғу білік» және М. Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбектерімен таныстыра отырып, осы еңбектерден үзінділер оқылып, оған әдеби талдау жасалуына жағдай туғызса оқушының әдеби білімі, тарихи танымымен ұштасып, онды нәтижеге қол жеткізуге болар еді.
Сабақты қорытындылау:
- Х-ХІІ ғ.ғ. ғылымның дамуына не себеп болды?
- Дүние жүзіне белгілі ғалым Әл Фараби қай жылдары өмір сүрген?
- Әл Фарабидің қандай еңбектерін білесің?
- Түрік тілінде алғаш еңбек жазған ғалым кім? Ол еңбек қалай аталады?
- Түрік тілін алғаш зерттеген ғалым кім?
- Жазба әдебиетінің көрнекті өкілі Қарахан мемлекеті кезінде ақын кім?
Үйге тапсырма: 20-параграф. Тест, сөзжұмбақтар құрастыру.