Тақырыбы: 1930 жылдардағы қоғамдық саяси өмір

Тақырыбы: 1930 жылдардағы қоғамдық саяси өмір

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1920-30 жылдардағы Қазақстан қоғамында болған саяси және мәдени өзгерістер туралы, осы өзгерістердің нәтижелері және кейінгі дамуға тигізген әсері туралы алған білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: 30 жылдардағы тарихи оқиғаларды, саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс бағалай және тұжырымдай білуге үйрету, деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып, қажетіне сай пайдалану, ғылыми бағыт-бағдар беру. Ізденушілікке баулу, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің зиялыларын құрметтеу, қадір — қасиетін қастерлей білуге ұлтжандылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тарауды қайталау, білімді жинақтау, қорыту.

Оқытудың әдістері: жеке жұмыстар, ой қозғау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: тірек-сызбалар, кестелер, интерактивті тақта.

 

Сабақтың барысы:

І. Жолбастар     (ұйымдастыру кезеңі )

ІІ. Жолсапар     (дайындық кезеңі )

ІІІ. Аялдама      (тапсырмаларды орындау )

  1. Жолбекет (қорытынды )

 

«Ой қозғау»

Біз өткен сабақта «1930 жылдардағы қоғамдық саси өмір» бөлімін аяқтадық. Бүгін сол бөлім бойынша қайталау сабағы. 20-30 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірін 20-жылдардың соңында орныққан тоталитаризм жүйесінсіз көзге елестету мүмкін емес.

  • Тоталитаризм дегеніміз не?
  • Тоталитаризм – адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларына мемлекет тарапынан қатаң бақылау мен белгілеуді ұйғаратын саяси режим.

30 жылдары КСРО-да социалистік қатынастар орнығып болды.

  • Социализмнің тоталитарлық, казармалық сипатының көрінісі қандай?
  • Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетілді.
  • Бюрократиялық орталық нығайып, республикалар іс жүзінде толық егемендік алмады.
  • Республикалардың заң шығару бастамасы болмады.

Елде «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі»             деген сталиндік теория үстемдік етті. Нәтижесінде:

  • Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі Кеңестер қызметі шектелді.
  • Жазалау органдарының қызметі күшейтілді.
  • Әміршіл — әкімшілік жүйе қалыптасты.

Қандай жазалау шаралары іске асырылды?

 

 

 

 

            Кімдер «Халық жауы» қатарына  жатқызылды?

 

 

Қазақстанда 30 жылдардың басында лагерлер жүйесі қалыптаса бастады. Қандай лагерлер жүйесі құрылды?

 

«Қасіретті жылдар»

(Кестені толтыр)

 

Қазақстан аумағында қандай лагерлер болды?Кімдер қамауға алынды?

 

Карлаг азабын көргендер арасында одақ көлеміндегі ғалымдар, мемлекет қайраткерлері болды ма?

Олар:

  1. Ғалым А.Л.Чижевский – салмақсыздық жағдайындағы қан айналымы теориясы жөніндегі еңбектің авторы.
  2. В.Л.Пржецлавский – жылу техникасы жөніндегі ірі маман.
  3. Нәдірбай Айтауов – түркімен КСР Орталық Атқару комитетінің төрағасы.
  4. А.П.Безруков – спортқа еңбегі сіңген шебер.
  5. П.С.Степанов – қарт большевик. Сталин заманының идеологиялық аппараты халықтың тарихи зердесін жоюға бағытталды.
  • Сталиншілдіктің басты қылмысы неде?
  • Сталиншілдіктің зардаптары қандай?
  • 30 жылдары Қазақстан қоғамында көптеген саяси және мәдени өзгерістер болды. Мәдени революцияның мақсаты не?
  • Мәдени революция – қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып, жаңа мәдениет түрін жасау және жаңа адамдарды тәрбиелеу мақсат қойды.
  • Қазақстанда мәдени революцияны түпкілікті жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттерді шешу қажет болды. Міндеттері?
  • Жергілікті жерде нақты мәдени база жасау үшін сауат ашу және саяси білім тарату шараларын жүзеге асыру.
  1. Қазастандағы оқу ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру, оқытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу.
  2. Рухани өмірге жаңа мазмұн беру үшін қазақ соц-н музыка мәдениетін дамыту.
  3. Қазақстанда ғылымды дамыту үшін ғылыми мекемелер жүйесін құру.
  4. Қазастанда орта арнаулы және жоғары білім жүйесін құру.

 

 

 

 

«20-30 жылдадардағы Қазақстандағы ғылым мен білім»

(Жылдармен жұмыс)

 

 

Нәтижесінде 57 ғылыми мекемелерде  1700-ден астам ғалым еңбек етті.

  • Өнерде қандай жетістіктер болды?

 

«Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы»

 

 

Құрылған жылыТеатрларҚалаларыАлғашқы қойылымдары
1926 ж.   
1933 ж.   
1937 ж.   
1934 ж.   
1934 ж.   
1936 ж.   

 

— Қазақстанның барлық жерінде театрлар жұмыс жасамағанменде өнер қайраткерлері, талантты актерлер өмірге келіп, қазақ мәдениетінің дамуына өзіндік үлестерін қосты.Енді сол кезде қазақ әдебиеті саласындағы майталмандардың, ақын-жазушылардың қандай еңбектері өмірге келді.Әдеби шығармалармен бірге, олардың авторларын сәйкестендірейік

 

                                                      Сәйкестендір

 

 

— Тағы да қандай мәдени жетістіктер болды?

 

 

Деңгейлік тапсырмалар

 

1.

 

С.Сейфуллин

 

 

 

А.БайтұрсыновТ.РысқұловМ.ЖұмабаевҒ.МүсіреповМ.ӘуезовБ.МайлинШ.Құдайберді

 

  1. «Декреттер, қаулылар, жобалар, заңдар»

 

  1. «Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру туралы» (қаулы, 1930 ж., мамыр)
  2. «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» (декрет, 1919 ж., 26 желтоқсан)
  3. «Қазақ АСКР-де халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» (қаулы, 1930 ж., 11 ақпан)
  4. «Латын қарпі негізіндегі қазақ әліпбиі» (жоба, 1928 ж., күзде)
  5. «Латынданған қазақ жазуын орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» (заң, 1940 ж., 10 қараша)
  6. «Шіркеуді мемлекет пен мектептен ажырату туралы» (декрет, 1918 ж., 21 қаңтар)
  7. «Бастауыш және орта мектептер құрылымы туралы» (қаулы, 1934 ж., 15 мамыр).

 

3.Кино өнерінің дамуы туралы              

 

 

«Мені таңқалдырған мәлімет»

                                                (Ізденіс, шығармашылық жұмыс)

 

 

Тест

 

  1. ХХ ғасырдың 30 жылдары тоталитарлық, казармалық жүйені енгізген қайраткер кім?
    1. И.В.Сталин+
    2. К.С.Хрущев
    3. В.И.Ленин
    4. М:Т.Троцкий
  2. 1920-30 жылдары қазақ зиялылары қудалауға белсене араласқан кім еді?
    1. Н.Ежов+
    2. Ф.Голощекин
    3. А.Андреев
    4. Е.Ерназаров
  3. «Қазақстанда ғылым дамуының жағдайы мен негізгі міндеттері» деген тақырыпқа баяндама жасаған тұңғыш президенті?
    1. А.Байтұрсынов
    2. Қ.Сәтбаев+
    3. С.Асфендияров
    4. В.Сталин
  4. 1930 жылы 4 сәуірде кімді атуға үкім шығарды?
    1. Ж.Аймауытов+
    2. М.Жұмабаев
    3. С.Сейфуллин
    4. М.Дулатов
  5. «Орал-Қазақстан-Сібір» үшбұрышы нені өндірді?
    1. Мыс, темір, қалайы
    2. Алтын, күміс, платина
    3. Мырыш, қорғасын, малибден+
    4. Болат, шойын, темір
  6. А.Байтұрсынов 1934 жылы кімнің өтініші бойынша айдаудан босатылды?
    1. Е.Пешкова+
    2. А.Панкратова
    3. Т.Рысқұлов
    4. Ә.Бөкейханов
  7. 1930-32 жылдары аштық тарихта қалай аталды?
    1. Зұлмат
    2. «Жасанды аштық»
    3. Ұлы жұт+
    4. «Кіші қазан»
  8. 20-30 жылдары мәдениет саласындағы жағымсыз құбылысты атаңыз?
    1. Сауатсыздықты жою қарқынды жүрді
    2. Жаппай идеологияландыру халықтық мәдениетке нұқсан келтірді+
    3. Зиялылардың жаңа топтары қалыптасты
    4. Бастауыш білім берілді
  9. 1920-30 жылдары араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандарға қандай айып тағылды?
    1. Ұлтшыл
    2. Шовинист
    3. Халық жауы
    4. Пантюркист +
  10. Қазақ КСР-і Қазақстан Республикасы болып қашан өзгертілді?
    1. 1937 ж., 9 ақпан
    2. 1930 ж., 9 ақпан
    3. 1936 ж., 9 ақпан+
    4. 1934 ж., 9 ақпан
  11. Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет қашан құрылды?
    1. 1920 ж., 14 қараша
    2. 1919 ж., 10 шілде+
    3. 1922 ж., 14 сәуір
    4. 1924 ж., 10 қаңтар
  12. КСРО Конституциясы қашан қабылданды?
    1. 1932 ж., 5 желтоқсан
    2. 1934 ж., 5 желтоқсан
    3. 1936 ж., 5 желтоқсан+
    4. 1938 ж., 5 желтоқсан
  13. Ақмола мен Семей облыстары қашан ҚазАКСР құрамына кірді?
    1. 1920 ж.
    2. 1922 ж.
    3. 1921 ж.+
    4. 1919 ж.
    5. 1923 ж.
  14. 1922 жылы Ә.Жангелдин бастаған «Қызыл керуен» жолының бағыты
    1. Орынбор, Ақмола, Семей+
    2. Ақмола, Қарағанды, Алматы
    3. Торғай, Жезқазған, Ақмешіт
    4. Орал, Ақтөбе, Маңғыстау

 

  1. «Бесеудің хатында» не туралы жазылды?

А.Аштық апатымен себептері туралы

В. «Кіші қазан» төңкерісіне қарсылық туралы

С.Ұлттық мемлекеттік статус алу туралы

D.Қостанай, Ақмола, Семейде республика құрамына қосу туралы

  1. 1930-33 ж.ж аштықтан қанша адам қырылды

А.500 мың

В.1 млн

С.1,5 млн

D.2,1 млн

Е.2,5 млн

17.Жаппай ұжымдастыру саясатына қарсы 5000 шаруа бірігіп, көтеріліс жасаған қай аймақ?

А.Батпаққара

В.Қарақұм

С.Созақ

D.Қарқаралы

Е.Семей

  1. 1932 жылы шілдеде аштық апаты туралы Ф.И Голощекинге хат жазғандар?

А.Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов

В.С.Сейфуллин, І. Жансүгіров

С.Ғ.Мүсірепов, М.Даулетқалиев

D.Ә.Жангелдин, А. Акулов

Е.Б.Майлин, Д. Серікбаев

19.1929-33 ж.ж аралығында ОГПУ үштігі қанша адамды ату жазасына кесті?

А. 21 000 адам

В.4247 адам

С.3386 адам

Д.2193 адам

Е.750 адам

20.Республика аумағында 80 мың адам қатысқан қанша толқулар мен көтерілістер болды?

А.145

В.219

С.317

Д.372

Е.400-ге жуық

 

 

 

Терминдермен жұмыс

 

  1. Геноцид –
  2. Декрет –
  3. Ұлтшылдық –
  4. Пантюркист –
  5. Степлаг –
  6. Гулаг –
  7. Тоталитаризм

 

 

 

 

Жорамал диктант

 

 

  1. … жылы қазанда Алматы ауыл шаруашылығы техникумының базасында … институты ашылды.
  2. Республикадағы тұңғыш жоғары медицина институты … жылы ашылды.
  3. … Семей геологиялық барлау техникумының базасында … институты ашылды.
  4. … Коммунистік журналистика институты ұйымдастырылды.
  5. Республикадағы І аспирантура … — …, ал 1938 жылы … құрылды.
  6. … Гурьев мұғалімдер институтында — …, Қостанайда — …, Қызылорда педагогика институтында — … адам ғана оқыды.

 

Қорытынды.