«1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс»
Сабақтың тақырыбы: «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және тарихы мәліметтерді пайдалана отырып қорытындылау.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын
арттырып, ойлау, сөйлеу, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Қазақ халқының тарихын оқып білуге үйрете отырып, ұлтжандылық пен
патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, тірек -сызба, дидактикалық материал, қажетті
сөздер.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: білімді жинақтау, қорыту, сұрақ- жауап, ойын әдістері
Сабақтың типі: қайталау
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру (сынып екі топқа бөлінеді, әр топтың аты, ұраны топ
басшысы болады )
ІІ. Ойынның мақсаты мен жоспарын айту
ІІІ. Ойынды кезең бойынша өту
ІҮ. Қорытындылау
І-кезең «Тарихқа шолу» тікелей сұрақтар қою. (сұраққа тез жауап беру, әр сұрақ 1 ұпай)
ІІ-кезең «Белес» (берілген сұрақтарға жауап, қосымша көмек бойынша)
ІІІ-кезең «Ұяшықты таңдау» кезеңі (ұпай жинау)
ІҮ –кезең Сұрақ-жауап. Семантикалық карта « Мағынану айыру»
Ү-кезең «Тұлғаны таны және кім айтқан»
ҮІ . бес жол өлең (әділқазылар бағалауы бойынша)
І-кезең «Тікелей сұрақтар»
Шарты: Екі топқа сұрақтар қойылады, әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады
І-ші топқа
- Орта жүзде хандық өкіметті жою ісін патша кімге тапсырды?
- Ташкентте шығарылған «Бірлік туы» газетінің редакторы кім? 3. Орынбор туралы жарғы бойынша кіші жүзде хандық билік қашан жойылды? 4. Уақытша үкіметтің Қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары қашан құрылды?
- Торғай облысының Уақытша үкіметінің комиссары кім болды? 6. Жас арбакештер одағы қай қалада құрылды7. Семейдегі кадет ұйымы өз бағдарламасын тарату үшін қандай газет шығарды?
- Жетісу облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына
қазынадан қанша сом бөлінді? 9. 1916жылғы оқиғалар қарсаңында Қазақстанда енгізілген салық түрі (әр үйден алынатын соғыс салығы)
- «1921 жылы құрылған кедейлер одағы қалай аталады»
ІІ топқа
- С.Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды?
- «Қазақ» апталық газеттің редакторы А
- 1822жылғы жарғы бойынша сот істері нешеге бөлінген ? 1836-38 жылдардағы шаруалар көтерілісін ұйымдастырушы кім?
- Қазақтың тұңғыш педагогы
- Н.Назарбаевтың кітаптарыҚазақтың тұңғыш демократиялық партиясын ата? Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің құпия бұйрығы қашан шықты? Шерубай-Нұра болысында хан болып сайланған кім?
- 1916 жылғы көтерілістің ірі орталықтары Торғай және Жетісу
ІІ кезең
«Белес» (берілген сұрақтарға жауап, қосымша көмек бойынша 5 ұпай)
Басталу себебі: 1916ж 25 маусым патша өкіметінің «Түркістан мен дала өлкесінен 19-43 жас аралығында 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы шықты
Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртүрлі болды:
- Жарлықты қолдады
- Қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды ( топ өкілдері Ә.Жангелдин, А.Иманов , Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов)
- ( Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов) патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды. Олардың мақсаттары:
— қазақтарды тыл жұмысына шақыруды дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асырып, уақыт ұту
-қарусыз халықты патша жазалауының құрбаны етпеу
-ұлттық автономия құру
3 кезең
- 1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам көтерісшілер жазалаушы отрядын
талқандап, басып алған жәрмеңке:
- 1916 жылғы көтеріліс барысында Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардың
қытайға ауып кетуге мәжбүр болған халық саны
3.1916 жылғы Торғайда болған көтеріліс ерекшеленді:
- 1916 жылғы қоғалыстың негізгі сипаты қандай?
- Орыс зияларының көзқарастары да болды. 1916 жыл 1-3 желтоқсан- ІҮ мемлекеттік думада А.Ф. Керенский Түркістанға барған сапары туралы баяндамасында нені қатты сынға алды.
- 1916 жылы 10мыңнан астам қазақ-қырғыз көтерілісшілері басып алған елді мекен
- Ол 1873-1919 жылдары өмір сүрді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі және 1917-1919 жылдары Кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске белсене қатысушы.
- Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі, үгіт насихат жұмысын жүргізуші.
— соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді,- феодалдар тобының сатқындық рөлін әшкерелеп, патша жарлығын орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, ақпан төңкерісіне дейін отырды.1918 жылы саяси күрестің құрбаны болды.
- 1884-1953 жж өмір сүрді. Қоғам мемлекет қайраткері, Қазақстанда кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске белсенді қатысушы, Азамат соғысының ардагері.
- 1890-1941жж өмір сүрді. Партия және мемлекет қайраткері, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына, Орта Азия мен Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға қатысушылардың бірі.
- Көтеріліс жетекшілерінің бірі, бейбіт халықты ойрандалудан, көтерілісшілерді жазалаудан құтқару мақсатымен өкімет орындарына өз еркімен берілген. 1916ж
9 қыркүйекте – жазалаушылар Боралдай асуында дарға асқан
- «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды?»
- «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды»
- «Қазақ секілді іргелі жұрт өрелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ, қара жұмысқа байлануын кемшілік деп санаймыз» деп жазды
- «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипаты белгісіне айналды» -деп жазды
Ү кезең «Мағынаны ажырату» семантикалық картаны толтыру
1916 жылғы көтеріліс туралы жазылған шығармалар туралы не білеміз?
Тар жол, тайғақ кешу | Қилы заман | Ж.Аймауытов | С.Мұқанов | |
Қартқожа | ||||
М.Әуезов | ||||
Ботакөз (Жұмбақ жалау) | ||||
С.Сейфуллин | ||||
ҮІ кезең Сабақты қорытындылау (Кестені толтыру )
Жылы | Территор-иясы
| Көтеріліс басшылары | Себебі | Сипаты | Қозғаушы күші | Жеңілу себептері | Тарихи маңызы |
1916- 1917 | Қазақ өлкесі, Орта Азия, Сібір мен Кавказ дың бір бөлігін | А.Иманов Б.Әшекеев Т.Бокин Ж.Мәмбетов Ұ.Саурықов Т.Рысқұлов
| 1916 ж 25 мау сымдағы патша жарлығы | Империализ ге және отаршылдық қа қарсы | Халық бұхарасы қазақ жұмысшы лары, шаруалар, қолөнершілер | Бытыраңқылы ғы, әскери қарудың жеткіліксіздігі руаралық тартыстар ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірліктің болмауы қазақ феодалдарының сатқындығы | Қазақ халқының революция лық таптық санасы өсті, Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды, Қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. |