1867-1868 ж.ж. Қазақстандағы реформалар.

Сабақ жоспары.

 

Сынып: 8 «А»                                                                                         Мұғалім: Мырзабекова Д.Е.

Пән: Қазақстан тарихы.                                                                      Мерзімі: 

Тақырып: §24. 1867-1868 ж.ж. Қазақстандағы реформалар.

Мақсат-міндеттері:

 а) білімділік: оқушылардың 1867-1868 ж.ж. реформалардың алғышарттарын, оның барысын,

әкелген өзгерістерді, нәтижесін оқып-түсінуіне жағдай жасау.

ә) дамытушылық: патша үкіметінің отарлау саясатының ары қарай тереңдеуін түсіну, өздік

жұмыс, топтық жұмыс, логикалық ойлау дағдыларын дамыту.

б) тәрбиелік: егемендігімізді бағалауға, құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімдерді меңгеріп, бастапқы бекіту сабағы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: ауызша баяндау,ізденіс,көрнекілік,сұрақ жауап, топтық жұмыс, өзіндік жұмыс әдістері.

Ұйымдастыру формасы: ұжымдық.

Пәнаралық байланыс: дүние жүзі тарихы,география.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер,оқулық,схемалар,интерактивтік тақта.

Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу,зейіндерін аудару.

ә) үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырып бойынша шолу тест беріледі. Орындалып болған соң,өткен сабақ қорытындыланып жаңа сабақ басталады.

Жаңа сабақты оқыту. Жаңа сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстырып өткен мұғалім сабақтың жоспарын айтады.

  1. Реформаның алғышарттары. Дайындық кезеңі.
  2. Реформаның мағынасы, мәні.
  3. Реформаның нәтижесі.

Оқулықтағы реформаны дайындау атты алғашқы тақырыпшаны бір оқушыға оқытып, сол уақытта сынып тақтада берілген талдау сұрақтарына жауап беріп отырады.

  • Реформаға дейін қазақ жері неше генерал-губернаторлыққа бөлінді?
  • Неліктен жаңа реформа қабылдау қажеттілігі туды?
  • Әкімшілік тарапынан реформаны дайындауда қандай шаралар жасалды?
  • Реформаға дайындық барысы қалай жүргізілді? Комиссияның қызметі қандай еді?
  • Патша реформаларды бекіткен күндерді атап, дәптерге жазып алып есте сақтаңдар.

Оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру. Талдап болған соң мәтіннің екінші тақырыпшасын оқушылар екі топқа бөлініп зерттейді.

1 топтың тапсырмасы: реформаның нәтижесінде әкімшілік салада болған өзгерістер.

2 топтың тапсырмасы: реформаның нәтижесінде сот саласында болған өзгерістер.

 

Басқару жүйесінің сатылары

Реформаға дейінРеформадан кейін
3 сатылы5 сатылы
ОкругГенерал-губернаторлық
БолысОблыс
АуылУезд
Болыс
Ауыл

 

 

 

 

 

 

Қазақ жері

( 3 генерал-губернаторлық)

 

Орынбор

(орталығы Орынбор)

Батыс-Сібір

(орталығы Омбы)

Түркістан

(орталығы Ташкент)

Облыстар Облыстар  Облыстар
Орал            ТорғайАқмола      СемейЖетісу        Сырдария
Уездер Уездер Уездер
Орал Гурьев

Калмыково

Жем (Темір)

Елек (Ақтөбе)

Николаев (Қостанай)

Ырғыз

Торғай

Ақмола

Көкшетау

Петропавл

Омбы

Атбасар (Сарысу) 1869 ж. қосылды

Павлодар

Қарқаралы

Өскемен

Зайсан

Көкпекті

Баянауыл

Сергиополь

Қапал

Верный

Жаркент

Ыстықкөл

Тоқмақ

Қазалы

Перовск

Түркістан

Шымкент

Әулиеата

Ходжент

Жизақ

 

 

Реформа бойынша құрылған әкімшілік бөлініс

Әкімшілік құрылымБасқарушысыҚұрамы
Генерал-губернаторлықГенерал-губернаторОблыстар
ОблысӘскери губернатор (атаман)Уездер
УездУезд бастығыБолыстар
БолысБолыс сұлтаны1-2,3мың шаңырақты ауылдар
АуылАуыл старшыны100-200 шаңырақ

 

Сот ісін басқару құрылымы:

Әскери сот комиссиялары

 

Уездік соттар

 

 

Билер мен қазылар соты

 

Реформаның отаршылық сипатын көрсететін жағдайлар:

  • Қазақстанның кең-байтақ жері Ресей империясының меншігі болып жарияланды;
  • Қазақтар жоғары әкімшілік қызметтерге тағайындала алмады;
  • Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды және өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етілді;
  • Салық мөлшері өсті;
  • Әскери және әкімшілік билік генерал губернатордың қолына шоғырланды.

Оқушылар орындап болған соң әр топ өз тапсырмаларын тақтаға шығып жазып түсіндіреді, сынып көшіріп алады.

Бекіту. Бекіту мақсатында төмендегі сұрақтар қойылады:

  • И.И.Бутков қандай ұсыныс жасады?
  • Реформа барысынды қай қазақ зиялысы өз пікірін ұсынды?
  • Реформаның қысқаша мазмұнын айтып бер.
  • Қай генерал губернаторлыққа Қытай, Иранмен дипломатиялық келіссөз жасауға рұқсат берілді?
  • Қай облыста басқару билігі ақсақалдарға берілді?
  • Сот жүйесінде қандай өзгерістер болды?
  • Реформаның салдарын атаңдар.

 

Соңында тақтада тест беріледі.

  1. Әкімшілік реформалар қай жылдары  жүргізілді?

А) 1822-1824 ж.ж.

В) 1865-1866 ж.ж.

С) 1867-1868 ж.ж.

  1. D) 1871-1872 ж.ж.

Е) 1875-1876 ж.ж.

  1. 1867-1868 ж.ж. жүргізілген реформаның басты мақсаты?

А) Қазақстан территориясын облыстарға бөлу

В) Қазақстан территориясын арақашықтыққа бөлу

С) Басқарудың билік жүйесін өзгерту

  1. D) Революциялық қайта құрулар

Е) Хандық билікті қалпына келтіру

  1. Ресей үкіметі қазақ жерін басқару туралы Ереженің макетін дайындау үшін Дала комиссиясын қай жылы құрды?

А) 1865 ж.

В) 1866 ж.

С) 1867 ж.

  1. D) 1868 ж.

Е) 1869 ж.

  1. 1865 ж. 5-маусымда қазақ жерін зерттеп білу сұрақтарын дайындауға әмір берген патша?

А) І Александр

В) ІІ Александр

С) ІІ Павел

  1. D) І Николай

Е) І Петр

  1. ХІХ ғ. 60-ж.ж. И.Бутков  құрған комиссия қазақ  жерін қалай бөлуді ұсынды?

А) 3 облысқа (батыс,шығыс,орталық)

В) 4 облысқа (батыс,шығыс,оңтүстік,солтүстік)

С) 5 облысқа (батыс,шығыс,орталық,оңтүстік,солтүстік)

  1. D) 2 облысқа (батыс және шығыс)

Е) 1 облысқа (орталық)

  1. Реформа жобасын дайындау жөніндегі комиссияға кім басшылық етті?

А) Ішкі істер министрлігінің кеңес мүшесі Гирс

В) Премьер-министр Перовский

С) Генерал-губернатор Гасфорт

  1. D) Генерал-губернатор Гутковский

Е) Патша Александр

  1. Реформаға дейін қазақ жері неше генерал-губернаторлыққа бөлінді?

А) 3 (Түркістан,Орынбор,Батыс Сібір)

В) 4 (Орынбор,Омбы,Түркістан,Батыс Сібір)

С) 2 (Орынбор,Батыс Сібір)

  1. D) Генерал-губернаторлықтарға бөлінбеді

Е) 1 (Орынбор)

  1. Реформа бойынша қазақ даласы неше генерал-губернаторлықтаға бөлінді?

А) 3 (Түркістан,Орынбор,Батыс Сібір)

В) 4 (Орынбор,Омбы,Түркістан,Батыс Сібір)

С) 2 (Орынбор,Батыс Сібір)

  1. D) Генерал-губернаторлықтарға бөлінбеді

Е) 1 (Орынбор)

  1. Реформадан кейін неше сатылы басқару жүйесі қалыптасты?

А) 3

В) 4

С) 2

  1. D) 5

Е) 1

  1. Реформадан кейін қандай басқару жүйесі қалыптасты?

А) Генерал-губернаторлық,облыс,уезд,болыс,ауыл

В) Генерал-губернаторлық,облыс,уезд,село

С) Генерал-губернаторлық,болыс,ауыл

  1. D) Генерал-губернаторлық,облыс,село

Е) Генерал-губернаторлық,село

  1. ІІ Александр  патша  Жетісу және Сырдария облыстарында басқару туралы ережеге қашан қол қойды?

А) 1868 ж. 21 қазанда

В)  1867 ж. 22 қыркүйекте

С)  1867 ж. 11 шілдеде

  1. D) 1869 ж. 10 мамырда

Е) 1870 ж. 1 ақпанда

  1. 1867-1868 ж.ж. реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторы дипломатиялық келісім-шарттар жасауға құқылы болды.Қай елдермен?

А)  Қазақстан, Қырғызстан

В)  Қытай,Иран

С)  Ресей,Греция

  1. D) АҚШ,Жапония

Е) Италия

  1. Реформа бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторлыққа кірген облыстар:

А) Ақмола,Семей

В) Түркістан,Перовск

С) Орынбор,Ақмола

  1. D) Павлодар,Алматы

Е) Орынбор,Семей

  1. Торғай,Орал,Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы ережеге патша қашан қол қойды?

А) 1867 ж. 11 шілдеде

В) 1868 ж. 21 қазанда

С) 1868 ж. 11 қарашада

  1. D) 1869 ж. 2 маусымда

Е) 1870 ж. 10 тамызда

  1. Облыстар қандай әкімшілік бірлікке бөлінді?

А) Ауыл

В) Село

С) Уезд

  1. D) Қала

Е) Аудан

  1. Реформаның таптық сипатын неден көруге болады?

А) Қазақтарға жер берілмеді

В) Шыңғыс тұқымдары салықтан босатылды

С) Қазақтардың малдарын  тартып алды

  1. D) Қазақтардың жерін тартып алды

Е) Ешқандай таптық сипат болмады

  1. 1867 ж. 11 шілдеде қандай оқиға болды?

А) Патша қайтыс болды

В) Қазақстанда хандық билік жойылды

С) Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы ережеге патша қол қойды

  1. D) Торғай,Орал,Ақмола,Семей облыстарын басқару туралы ережеге қол қойды

Е) Қазақстанға дүнгендер көшіп келді

  1. Реформа бойынша кімдер салықтан босатылды?

А) Патша

В) Шаруалар

С) Шыңғыс тұқымдары

  1. D) Генералдар

Е) Қазақтар

  1. 1868 ж. 21 қазанда қандай оқиға болды?

А) Патша қайтыс болды

В) Қазақстанда хандық билік жойылды

С) Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы ережеге патша қол қойды

  1. D) Торғай,Орал,Ақмола,Семей облыстарын басқару туралы ережеге қол қойылды

Е) Қазақстанға дүнгендер көшіп келді

  1. 1867-1868 ж.ж. реформа бойынша қазақтың қай ғалымы өз ұсынысын жасады?

А) М.Бабажанов

В) Ы.Алтынсарин

С) А.Құнанбаев

  1. D) Ш.Уәлиханов

Е)  М.Қаратаев

  1. Реформа бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны қалай аталады?

А) Билер мен қазылар соты

В) Патшалық сот

С) Губернатор соты

  1. D) Хан соты

Е) Әкім соты

  1. Уездер бөлінген әкімшілік буын:

А) Ауыл

В) Село

С) Болыс

  1. D) Қала

Е) Аудан

  1. 1867-1867 ж.ж. жылғы реформа бойынша қазақ далалық әкімшілік басқару жүйесінің басты принципі:

А) Көшпелілердің өмірі патриархалдық-рулық қауымда

В) Қазақстан әкімшілік басқаруында өзін-өзі басқаруға көшуі

С) Әлеуметтік-экономикалық жаңалықтарды енгізу

  1. D) Қазақтардың материалдық жағдайларының жақсаруы

Е) Әскери және азаматтық басқарудың генерал-губернатор қолына шоғырлануы

  1. Қай облыста басқару билігі ақсақалдарға берілді?

А) Орал

В) Торғай

С) Сырдария

  1. D) Омбы

Е) Орынбор

  1. Уезд бастығын тағайындаған басшы:

А) Патша

В) Генерал-губернатор

С) Әкім

  1. D) Генерал

Е) Халық

Тест орындағаннан кейін жаңа сабақ қорытындыланады.

Үй тапсырмасы.

Бағалау.