1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары.
Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары.
Сабақтың мақсаты: 1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін, сипатын, қозғаушы күштері мен маңызын білдіру, ұлттық қатынастағы жылдар бойы қордаланған шиеленіс пен жүйенің ұлт – саясатын өзгертуге қабілетсіздігін таныту.
Сабақтың міндеттері:
а) 1980 жылдардағы пленумдар мен конференциялардың мазмұн-мағынасы, мәніне талдау жасау, қоғамдық саяси өмірдің іріп-шіріп бара жатқан принциптерін таныстыру;
ә) — тақырыптың себеп-салдары байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білуге және өз пікірін дәлелдей алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау:
б) — ата-бабамыз армандаған тәуелсіздікті нығайтуға, Отанын сүюге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу:
Оқыту технологиясы:
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сабақтың типі: жаңа білімді өз бетімен игерту:
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: ЖИГСО әдісі, топтастыру, сұрақ-жауап. бағытталған оқыту.
Пәнаралық байланыс: саясаттану.
Көрнекілігі: карта, оқулық, суреттер
Құрал-жабдық: интерактивті тақта.
Күтілетін нәтиже:
— оқушылар жаңа тақырып бойынша мәлімет алады:
— бірлесіп жұмыс жасайды:
— өз бетінше ізденіп, шығармашылық жұмысынан қорытынды жасау:
Сын тұрғысынан ойлауға қолайлы орта туғызу:
- Оқушыларға ұнайтындай мүмкіндік туғызу.
2 Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
- Ойлануға уақыт беру.
- Жәрдем беру.
- Сын тұрғысынан ойлауды бағалаңыз.
Сабақты жүргізудің формалары:
1, жеке 3.топтық
- жұптық 4. ұжымдық
I Ұйымдастыру кезеңі:
1) оқушыларды түгендеу.
2) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
3) топтарға бөлу.
II .Оқушылардың қызығушылығын ояту.
1 — топ «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын ашу.
2 — топ «Еркіндік» сөзінің мағынасын ашу.
3 — топ «Бейбітшілік» сөзінің мағынасын ашу.
4 — топ «Отан» сөзінің мағынасын ашу.
Әр топ бөлінген 3-минутта өз ойларын қағазға жазып қорғайды.
III. Мағынаны ажырату.
Мұғалім түсініктеме береді
80 жылдардың басында КСРО-да аса ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдай қалыптасты. Ел күрделі дағдарыс алдында тұрды. Қазақстанның халық шаруашылығының құрылымы келеңсіз сипат алды.
Халық шаруашылығындағы тоқырау құбылыстары, онда орын алған қарама-қайшылықтар мен кемшіліктерді айқын көрсетті. Олар негізінен әміршіл-бюрократиялық жүйенің жоспарлау мен өндіргіш күштерді орналсатыруға жіберген қателіктеріне байланысты болды. Мәселен, орта қорғаныс министрліктері республика мен оның еңбекшілерінің мүдделерімен санаспады. Экономиканың отарлық бағытта қалыптасуына байланысты қажетті тауарлардың 60% -ы республикаға КСРО –ның басқа аймақтарынан әкелінген еді. Рухани мәдениет құлдырады. Ұлттық мәдениетке менсінбей қараушылық қазақ тілінің жағдайына кері әсер етті. Ана тілін білмейтін, тіліне, дініне, ұлтына менсінбей қарайтын мәңгүрттер тобы пайда болды. Бұрынғы – экономикалық жүйенің арнасымен алға қоғамды түбегейлі өзгерту қажеттігі туындады.
- Мәтінмен жұмыс істеу. ЖИГСО 1
1) Жанұя
- Бетбұрыс алдында қалыптасқан жағдайлар
- Демократияшыл жастар қозғалысының себептері.
- Жаппай жазалау.
- Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы.
2) «Жұмысшы» тобына барады. Бірінші топ бірінші бөлікті, екінші бөлікті, үшінші топ үшінші бөлікті, төртінші топ төртінші бөлікті оқып талдау
\талқылау картасына өз талдаулары мен түсініктерін сурет ж\е сызба түрінде түсіреді\ Тақырыпты жан-жақты талқылайды.
3) «Жанұя» тобына келеді.
Бір-біріне оқыған және талдаған бөліктерін мазмұндайды.
\ өз оқыған бөлігінен басқа бөлімді баяндайды.\
Әр сөйлеушіге \1 минут\ 5 минут.
Әр топтан бір адам шығып қорғайды.
- Жаңа сабақты қорытындылау.
Желтоқсан оқиғасы – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды. Сондықтан оның жүгі ауыр шығыны мол оқиға. Бұл оқиғалар арқылы республикада жаңа бағыттың экономикалық реформалардың, әлеуметтік бетбұрыстардың қарқынымен өрістеуіне себепші болды.
- Үйге тапсырма:
Эссе жазу. «Құйынның құрығына түскен құрбандық»
- Бағалау.
Бағалау кестесі.
Оқушының аты-жөні | Мәтінмен жұмыс
| Талқылауға қатысуы | Топ жұмысына араласуы, қатысуы | Тақырыпқа байланысты ой қозғауы немесе мазмұндауы | Жалпы әрекетін бағалау. |
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
4 | |||||
5 |
VII. Кері әсер парағы.
1.Бүгін мен не үйрендім?
2.Маған не ұнады?
- Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің…
……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………Аты-жөні ………………………………….