1920 – 1930-жылдардағы Қазақстан мәдениеті
Сабақ тақырыбы: 1920 – 1930-жылдардағы Қазақстан мәдениеті
Мақсаты:
Б. Оқушыларға 20-ғасырдың 20-30 жылдардағы Қазақстан мәдениетінің жай-күйі туралы жан-жақты мағлұматтар беру, ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін тестілерді шешкізу арқылы ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын жүргізу.
Д. Тарихи оқиғалар мен үдерістердің дамуын тарихи — әдеби деректер арқылы баяндатып оқушыларда өткенге ғылыми көзқарас қалыптастыру, салыстыра алу, талдай білу, пікірін білдіру қабілеттерін дамыту. Тарихи таным-түсініктерін арттыру.
Т. Оқушылардың бойында өз Отанына , халқына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып, патриоттыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ типі: Сын тұрғысынан дамыта оқыту
Пән аралық байланыс: Адам және қоғам, әдебиет, география
Өмірмен байланыс: ҚР-ның Президентінің 2030 бағдарламасы мен 2012 және 2013-жылғы Жолдаулары.
Аймақтық компонент: Өз өлкеміздегі мәдениеттің дамуына тоқталу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, штор, слайд, фотосуреттер, Қазақстанның 20-30 жылдардағы картасы.
Әдіс-тәсілдер: Топпен жұмыс, сәйкестендіру, Венн диаграммасы, ассосация жекелей, фронтальді, жартылай ізденушілік, шығармашылық, сұрақ-жауап, проблемалық , оқулықпен жұмыс, эссе жазу, Т – кестесі
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру: Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, сыныпты топқа бөлу
1- «Қызығушылықты ояту»
- Үй тапсырмасын тексеру: «Ой қозғау»
Қазақстанның 20-30 жылдардағы қоғамдық – саяси өмірі.
1 – топ:
20-жылдардағы қоғамдық – саяси өмірдің сипаты, республикада
партия мен комсомолдың орталық органдарының құрылуы.
2 – топ:
Ауылдық жерде мәдени-ағарту жұмыстарының өрістеуі.
3 – топ:
Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып құрылуы.
Өткенді қайталау: өткен тақырыптар бойынша тест жұмысын алу.
- «20-ғасыр басында қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» — деген пікірді кім айтты?
А.Байтұрсынұлы
- «Түрксіб» темір жол құрылысы қай жылы басталды?
1927 – жылы
- Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик?
Губкин
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясын ашқан ақын?
Жамбыл Жабаев
- 1924-1929 жж. Қазақстанның астанасы қай қала?
Қызылорда
2 — «Мағынаны тану»
- Жаңа сабаққа даярлық: Үй жұмысын жаңа тақырыппен байланыстыра отырып, сабақтың мақсатын оқушыларға таныстырып өту.
“Ассосация”
Мәдениет |
- Жаңа сабақ: 1920 – 1930-жылдардағы Қазақстан мәдениеті
Жоспар:
- Ересек адамдардың сауатсыздығын жою.
- Халық ағарту ісінің дамуы.
- Кәсіптік білім берудің жайы.
- Ғылыми – зерттеу жұмыстарының дамуы.
- Әдебиеттің дамуы.
- Қазақ өнерінің гүлденуі.
- Мәдениетті дамыту жолында кездескен қиындықтар мен нәубеттер.
2 тақырыпшадан топтарға бөліп беру. Сұрақтар беру арқылы қорыту.
«Мағынаны тану»
1 – топ:
- 20-30 жж. әдебиеттің дамуына үлесін қосқан қайраткерлер мен олардың жарық көрген еңбектері?
- 20-жылдардың аяқ кезінде әдебиетке келіп қосылған жастар:
- Аудармалар; Халық ақындары, олардың жырына арқау болған тақырыптар; басқа
ұлттар әдебиеті
- “Қазақтың 1000 әні” еңбегінің авторы?
- 1925-ж. Парижде өзінің орындаушылық шеберлігімен көзге түскен қазақ әншісі?
- Сандар сөйлейді: 1926-ж. , 1933-ж. , 1937.,1938-ж.
Жалпы сыныпқа бейне сұрақ: Амангелді Иманов – Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы.
Қай жылы, қай студия «Амангелді» киносын түсірді. Және алдарыңдағы бұл картинаның авторы кім?
2-топ:
- 20-ж. басында техникумдар не үшін ашылды?
- Сандар сөйлейді: 1928-ж, 1931-32ж, 1929, 1930ж.
- Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қай жылы ашылды?
- Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда қандай, қанша оқу орны жұмыс істеді?
- КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы қай жылы құрылды?
- Қазақстандағы ғылыми зерттеулер мен ғалымдардың еңбегі?
Жалпы сыныпқа бейне сұрақ: Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың Қазақстан ғылымында алатын орны ерекше. Ғалымға қай жылы, қоғамға сіңірген еңбегі үшін Лениндік сыйлық берілді? Және ол құрастырып шығарған орта мектепке арналған алғашқы оқулық қандай оқулық?
3 –топ:
- Сандар сөйлейді: 1924-ж, 1928-ж, 1931-ж, 1939-ж.
- Ең алдымен кімдердің арасында сауатсыздықты жою қажеттігі туындады? Ол не үшін қажет болды?
- Халық ағарту ісінде қандай Заң іске асырылды?
- Қазақ мектептерін дамытуға үлес қосқан қазақ ғалымдары, мемлекет қайраткерлері:
- Қазақ тілді мектептерден басқа қандай мектептер жұмыс істеді?
- 30-жылдардың екінші жартысынан бастап халық ағарту жұмысы ілгері басты. Неліктен?
Жалпы сыныпқа бейне сұрақ:
Білім беру жүйесінде балаларға білім беретін мектептер қандай сатылардан тұрды?
3 — «Ой-толғаныс»
- Бекіту:
1-топ: 20-ғасырдың 20-30 жылдардағы мәдениет пен 21-ғасыр басындағы қазіргі кездегі мәдениетпен салыстыру жасау. Өз өлкеміздің мәдениетіне де тоқталып өту
2-топ: Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» бағдарламасы бойынша Қазақстан халқына Жолдауының «2030 Қазақстан мұраты» бөлімі бойынша бір ғасыр аралығындағы жағдайды салыстыра отырып, өз ойларын айту (1930-2030 жж.)
3-топ: Н.Ә. Назарбаевтың 27-қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру ісіне арналған бөліміне қысқаша шолу жасау.
- 7. Қорытынды: Топтастыру стратегиясы
Қиындықтар, нәубеттер
- Үйге тапсырма беру: 19-параграф пен қосымша деректерді оқу, даталарды жаттау, дәптерге “Т” кестесін орындау.
Т – кестесі
Мемлекет мәдениеттің дамуына қандай
көмек көрсетеді, қандай талап қояды?
Мемлекет
Қолдау көрсетеді Талап етеді
- Бағалау.