Модульдік оқыту технологиясы

Модульдік оқыту технологиясы

Түсінік хат

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Республика білім және  ғылым  қызметкерлерінің  ІІ съезінде  сөйлеген  сөзінде білім беру ісін реформалаудағы  стратегиялық  міндеттердің  бірі  шығармашылық тұрғыдан ойлау білетін жеке тұлғаны қалыптастыру  мен  тәрбиелеу  екендігіне баса назар  аударып,  жалпы  білім  беретін  орта  мектепте  білім  берумен қатар адалдық, адамдық. Отанын сүйе білу сияқты гумандық  сезімдерге  тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті.

Заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуы керек. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде,  тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуда, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор екенін тілге тиек еткендей. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Қазіргі  заманғы  оқыту  технологиялары  педагогикалық  және  психологиялық ілімдер негізінде құрылған дамытушы, тұлғалық бағдарлы, мақсатты технология болып табылады.

Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған технологиялардың бірі- Модульдік оқыту технологиясы екені анық. Сабақтың сапалы, тиімді өтуі күнтізбелік жоспарды құруға байланысты. Күнтізбелік жоспарды жасау мен оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне Модульдік оқыту технологиясы өте тиімді. Бұл технологияны қолдану білімді демократияландыруға, ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді

Модульдік технологияның гипотезасы:

Егер оқу-тәжірибе процесі модульдік технология арқылы өткізілсе, онда оқу динамикасы жағымды мінез алады.

Егер  оқушы + оқушымен + топпен + ұжыммен + мұғаліммен» қатынаста болса, егер сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігі мен күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып отырса, егер әр оқушы әр сабақта тыңдап, жазып, көріп және оқу материалын сатылай меңгерсе, онда модульдік технология жалпы білім сапасын, сабақтың тиімділігін жоғарлатуға, жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. [4]

Нәтижесінде:

  • Тарих пәнінен білім сапасы жоғарылайды;
  • Оқушыны психологиялық кедергіден, ренішті жағдайдан құтқарады;
  • Шығармашылық және танымдық қабілеттері дамиды.

Практикалық тиімділігі:

Технология бойынша құрылған әдістемелік нұсқаларды басқа мұғалімдер қолдана алады.

Модульдік  технологияның мүмкіндігі:

Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы  мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы.

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:

  1. Тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейде игеруді білдіреді. Олар шамамен мынадай түрде беріледі: білу, түсіну, қолдану, талдау, топтау, бағалау.
  2. Модульдік технологияның ерекшілігі: жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу, сондай-ақ өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, шығармашылық қажеттіліктерін, сөздік қорын дамытуға бағытталған.

Жүйелі түрде сабақта технологияның қолдану барысында төмендегідей жетістіктерге жетуге болады, тиімділігін байқауға болады.

  1. Оқушылар еркін сөйлеседі.
  2. Өз ойларын ауызша, жазбаша баяндай алады.
  3. Оқушылардың белсенділігін арттырады.
  4. Оқу мотивациясы артады.
  5. Неғұрлым аз шаршайды.

Оқу қызметін көбінесе жағымды эмоциялар алады, қанағаттанады.

7 – сыныптағы Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәніне арналған оқу модульдерін назарларыңызға ұсынамын.

 

7 – сынып.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы  (68 сағат)

ТақырыбыБөлінетін уақыт
Кіріспе1 сағ
Модуль № 1Қазақстан территориясындағы ерте орта  ғасырлық мемлекеттер

 

7 сағ
Модуль №2VI – IX ғасырлардағы отырықшылар және  көшпелілер мәдениеті5 сағ
Модуль № 3     Орта орта ғасырлық кезеңде Қазақстан территориясында мемлекеттердің құрылуы4 сағ
Модуль №4Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолы4 сағ
Модуль № 5Х – ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті7 сағ
Модуль № 6ХІІІ – ХV ғасырдың бірінші жартысындағы  Қазақстан10 сағ
Модуль № 7ХІV – ХV  ғасырлардағы Қазақстандағы этникалық үдерістер, қазақ ұлтының қалыптасуы және   ХІV – ХV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы6 сағ
Модуль № 8Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуы3 сағ
Модуль № 9Қазақ мемлекетінің ХVІ –ХVІІ  ғасырлардағы дамуы және күшеюі5 сағ
Модуль № 10Қазақ мемлекетінің ХV –ХVІІ ғасырлардағы әлеуметтік  –экономикалық дамуы4 сағ
Модуль № 11ХVІІ ғасырдың екінші жартысындағы  Қазақстан4 сағ
Модуль № 12ХVІ –  ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан          мәдениеті7 сағ
Қорытынды қайталау1 сағ

 

 

 

Модуль № 1  Қазақстан территориясындағы ерте орта  ғасырлық мемлекеттер

(7 сағ)

 

БөліміБөлінетін сағатСабақтың мазмұны мен түріУақыты
Кіріспе1 – ші сабақ1. Модульдің құрылымы мен мақсат —  міндеттерімен таныстыру

2. Тірек – сызба арқылы тақырыпты түсіндіру

3. Дәптермен жұмыс

4. Қорытынды. Үйге тапсырма

 

5 мин

 

15 мин

20 мин

5 мин

Сөйлесу бөлімі2 – ші сабақ

 

 

 Оқу материалын меңгерту

1.  “Қарлы кесек” ойыны

2. Қорытынды. Үйге тапсырма

 

40 мин

5 мин

3 – ші сабақ

 

 

 

Білім – іскерлік дағдыларын дамыту.

1.“Мерзімдерді жатқа айту”   ойыны

2. Карточкамен жұмыс

3. Қорытынды. Үйге тапсырма

 

 

25 мин

15 мин

5 мин

 

4 – ші сабақ

 

 

 

Білім деңгейін пысықтау

1. “Сиқырлы сандықша”   ойыны

2. “Қатені тап” ойыны

3. Қорытынды. Үйге тапсырма

 

 

20 мин

20 мин

5 мин

 

5 – ші сабақ

 

 

 Білім – іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту

1. “Аукцион” ойыны

2. “Жарысты жалғастыр” ойыны

3. Қорытынды. Үйге тапсырма

 

25 мин

15 мин

5 мин

 

Қорытынды бө лімі

 

6 – шы сабақ

 

1. Тест

2. Тарихи сынақхат

 

30 мин

15 мин

 

7 – ші сабақ

 

Сынақ

 

45 мин

 

 

Білімдік мақсаты: Қазақстан жерінде алғаш пайда болған мемлекеттік

құрылымның негізгі кезеңдерімен, түркі тілдес

халықтардың тарихымен, әлеуметтік-экономикалық,

мәдени дамуымен таныстыру ; 

Дамытушылық мақсаты:  Оқушыларды тарихты ғылыми тұрғыдан талдауға,

оны саналылықпен түсіне білуге үйрету,олардың қабілетін жан – жақты дамыту. Олардың тарихқа, халқының мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрмет сезімін дамыту;

Тәрбиелік мақсаты:  Оқушыларға қазақ мемлекеттілігінің         бастау бұлағы –

түркілер дәуірі кезеңінен тарихи мағлұмат бере отырып,

отаншылдық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Оқушылар нені білу керек:

— қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғаларды;

— тіршілігін, кәсібін, тұрмысын, еңбек құралдарын; ертедегі діни, археологиялық және өнер ескерткіштерін;

— қазақ қоғамының әлеуметтік құрамын (хан, сұлтан, батыр, би, төре, қожа, шаруа т.б),

— орта ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің калыптасып, дамуының ерекшеліктерін.

Оқушылар нені меңгеру керек:

— тарихи терминдердің анықтамасын айтуы және оларды қолдана білуі;

— мемлекет шекараларын, басқа да объектілерді көрсете алуы;

— хронологиялық, синхронды кестелер жасауы;

— тарихи мәтіннің толық жоспарын жасауы;

— орта ғасырлардағы қалаларға, түрлі ғимараттарға жазбаша сипатгама беруі;

— орта ғасырлардағы қоғамдық, мемлекеттік құрылыстарды сызбалар арқылы көрсетуі;

— Шығыс мәдениеті мен ғылымының әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесін дәлелдей алуы;

— орта ғасырлардағы дүниежүзінің геосаяси картасындағы өзгерістердің себептерін ашып көрсетуі;

-Мемлекеттік құжаттармен өздігінше жұмыс істеп, солардың негізінде рефераттар, шағын баяндамалар дайындауы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. М.М.Жанпейісова “Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде” Алматы,2002 ж
  2. “Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы оқыту әдістемесі”
  3. М.М.Жанпейісова, А.Ш.Орақова “Интерактивті оқыту әдістері”.
  4. М.Қани “Қазақтың көне тарихы”
  5. Л.Гумилев “Көне түркілер” Алматы “Білім” 1994
  6. Т.Жұртбаев “Дулыға” 2 — том. Алматы “Білім” 1994

Мәнжазба тақырыптары:

  1. Қазақстанның ежелгі қалалары
  2. Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер
  3. Түркі қағанаты

Негізгі ұғымдар:

Түркі қағанаты, теле, Бумын, “он – оқ бұдун”, Күлтегін, Тоныкөк, қаған, ябғу, шад, елтебер, түркеш, Сұлу, соғдылар, арабтар, қарлұқтар, оғыздар, қимақтар.

 

 

1 — сабақ

Сабақ жоспары:

Кіріспе      § 1 Түрік қағанаты

  •   2 Батыс түрік қағанаты
  • 3 Түргеш Қағанаты
  • 4 Қарлұқ қағанаты
  • 6 Оғыз мемлекеті
  • 7 Қимақ қағанаты

 

Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттер

(Лекция тезистері, тірек – схемалар)

Жоспар:

  1. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттер.
  2. Алғашқы мемлекеттердің қоғамдық құрылысы мен саяси жағдайы.
  3. Әлеуметтік – саяси жағдайы.
  4. Мәдениеті

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арабтар

.

 

Қарлұқ тайпасы

.

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік басқару жүйесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамдық құрылысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көшпелі халықтардың әскери жүйесі

<Ондық>  <Жүздік>  <мыңдық>

<онмыңдық> — бір түмен

 

.

 

Қару – жарақтары: найза, айбалта, садақ,

семсер (қылыш), күрзі

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әскери дайындық, байқау өткізу

Майданда әскери шеп құру, айқасты жүргізу

тәсілі

Соғыс жүргізу, қорғаныс жүргізу тәсілі

Әскери марапаттау, атақ беру жүйесі

Батырлардың жекпе –жегін өткізу әдістері

Қарулардың жеке түрлерін иқолдану

тәсілдері

Әскерді қаржыландыру, т.б.

 

Сөйлесу бөлімі           2 – сабақ

“Қарлы кесек” ойыны

Ойынның мақсаты:  Оқушыларға мәтінді оқытып, бір – біріне түсіндірту арқылы тақырыпты меңгерту

Ойынның  шарты:  Оқушылар өз еріктерімен “А”, “Б”, “В”, “Г” , “Д” сілтемелері көрсетілген топтарға бөлініп отырады. Әрбір оқушының отырған столына сәйкес нөмерлер беріледі (мысалы: “А” столына сәйкес А – 1, А – 2, А – 3, А – 4, А – 5) және осы көрсетілген нөмерлеріне сәйкес бағыттау парақтары беріледі. Осы бөлінген столдарға мұғалім оқу материалын жинақтап топтарға бөліп береді де, топ ішінде дайындалуға арнайы уақыт бөлінеді (оқу материалының көлеміне сәйкес берілетін уақытты мұғалім өзі белгілейді). Берілген дайындық уақыты өткеннен кейін мұғалімнің берген командасы бойынша оқушылар бағыттау парағында көрсетілген столдарға орналастырылып, мұғалімнің нұсқауымен 1 – тур басталады. Бұл турда оқушылар бағыттау парағында көрсетілген ретпен өздерінің дайындалған тақырыптары бойынша басқа топтың оқушыларына түсіндіреді. Осындай кезекпен топтағы барлық балалар рет – ретімен түсіндіріп болған соң, әрқайсысы өз бағыттау парақтарына ең жақсы түсіндірген оқушының нөмерін белгілейді. (Оқушылар өзін немесе 2-3 оқушыны қатар белгілеуге болмайды). Уақытты бақылап отырған мұғалім 2 – турды хабарлайды. Бұл турда оқушылар басқа құрамда кездесіп, 1 – турдағы жұмысты қайталайды. Келесі турлар осындай жүйемен өтеді. Барлық тур аяқталғаннан кейін мұғалім оқушылардың бағыттау парақтарын жинап алып, нәтижелерін жалпы жинақтау парағына түсіріп, ең көп ұпай жинаған топты және оқушыны анықтайды.

Тапсырмалары:  “А” тобы § 1-2,  “Б” тобы § 3-4,  “В” тобы § 5-6,  “Г” тобы § 7-9

Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 1-7 оқып, дайындалып  келу

 

3 — сабақ

 “Мерзімдерді жатқа айту” ойыны

Ойынның мақсаты:  Оқушыларға оқу материалын меңгерту және есте сақтау қабілетін дамыту

Ойынның  шарты:  Жүргізуші оқушылардың екі командаға бөлінуін өтінеді.

— Енді мынадай жарыс өткіземіз. Барлығыңыз оқу мәтінін мұқият қарап шығып, сосын оны есте жаңғыртып, жатқа айтасыздар. 1-ші сөзді барлығыңыз жаттап қалатын шығар деп ойлаймыз, ал әрі қарай – кімнің қаншаға шамасы келеді.

Мәтінді оқып шығып, есте сақтап қалуға 1 минут қана беріледі.

Содан кейін жарысқа қатысқысы келгендер шығады.  Алдымен команданың бірінші ойыншысы мәтінді жатқа айтады, ал басқалары ол тоқтап немесе дұрыс айтпай қалғанға дейін мәтін бойынша қадағалап отырады да, уақытын белгілейді. Одан кейін екінші команда ойнайды. Бұдан әрі ойын осы тәртіппен жүреді. Қателескен жағдайда тоқта бұйрығы беріледі.

— Міне, қызық! Кімнің есте сақтау қабілеті мықты екен?

Жүргізуші қорытынды жасайды. Неғұрлым көп сөз, әсіресе мерзімдерді жатқа айтқан оқушы жеңіске жетеді.

Берілетін мәтін:

Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік ету жорықтарын бастап Иранға қарсы Византиямен одақтасты. 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы  Естеми Солтүстік Кавказды басып алып, Керчь шығанағына (Боспорға) шығып, 576 жылы Қырым жеріне енеді. Бірақ Естеми өлгеннен кейін, қағанат ішінде билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретіп, 588 жылы Герат түбінде түріктер Ираннан жеңіліс тапса,  590 жылы Византия Боспорды қайта жаулап алады. 581-618 жылдары Солтүстік Қытайдың  қағанат шекараларына шабуыл жасауы қағанатты одан бетер әлсірете түсіп, Түрік қағанатындағы саяси күйзеліс ақырында 603ж.

қағанаттың екіге — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады.

Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлап, Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді өздеріне қаратты. Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан  және Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды.

Жегуй қаған  (610-618 жж.) мен оның інісі —  Түн-жабғы қаған (618-630 жж.) билеген кезде қағанаттың күш-қуаты арта түсті. VII ғасырдың ортасына қарай он алты жылға (640-657) созылған қағанат ішіндегі өзара тартыс, тайпалар арасындағы  соғыс қағанатты әлсіретеді. Осыны пайдаланған Таң империясы Жетісуды басып алып, онда таққа өз адамын отырғызады. Түріктер мен Таң империясы арасындағы үздіксіз соғыстардың нәтижесінде түргештер күшейіп VIII ғасырдың басында Жетісудағы билікті өз қолдарына алады.

Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді.. Сақал қаған тұсында мемлекет ішінде бірлік болмай қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Оның үстіне қағанатқа батыстан арабтар, оңтүстіктен қытайдың Таң империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төндірді. 737 жылы Сұлу қаған арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып Тохарыстанға дейін жетті, бірақ көп ұзамай жеңіліп, қайтар жолында өзінің  қолбасшыларының бірінің қолынан қаза табады. Сұлудың орнына оның баласы  Тұқарсан  Құтшар қаған болды. Оның тұсында қағанат ішінде сары және қара түргештер арасында билік үшін 20 жылға созылған ұзақ күрес басталып, қағандықтың саяси және экономикалық жағдайы мүлдем әлсірейді. Осы алауыздық кезінде Жетісуға Алтайдан қарлұқ тайпалары көшіп келіп қоныстана бастайды. Түргештер қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Әлсіреген Түргеш қағанаты қайтадан қалпына келмей, 756 ж. қарлұқ тайпаларының қысымына шыдамай, біржола құлайды. Осыдан кейін бұрынғы Батыс түрік қағанатының орнына төрт мемлекет: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі  Хазар қағанаты,  Сырдың орта және төменгі ағысы мен Арал өңірінде Оғыз мемлекеті, Қазақстанның Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарында Қимақ мемлекеті, Жетісу жерінде Қарлұқ мемлекеті пайда болды.

Х ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы ішкі қырқыс, талас-тартыстардың нәтижесінде әлсіреді. Осы жағдайды пайдаланған Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар  940 жылы Баласағұн, Испиджаб қалаларын

басып алады да, Қарлұқ мемлекеті құлап, Шу аңғарында Қарахандар әулетінің үстемдігі орнайды.

Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда  Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Х ғ. аяғында орыс деректерінде оғыздардың 965 ж. Киев князі Святославпен одақтасып хазарларды және  князь Владимир 985 ж.  оғыздарымен келісе отырып,  Еділ, Кама бойындағы бұлғарларды талқандағаны туралы айтылады

ХІ ғ. екінші жартысында күшейе бастаған  қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. Оғыздардың бір бөлігі Европаның Шығысына, Кіші Азияға қарай жылжыса, кейбір бөліктері Қарахан әулетінің қарамағында қалды, біраз бөлігі Хорасан  селжұқтарының қол астына кірсе,  қалғандары қыпшақтардың құрамында қалып,  олармен сіңісіп кетті.

Карточкамен жұмыс

Мақсаты: Оқушылардың білім – іскерлік дағдыларын дамыту

■ ІІ деңгей

1. Түрік қағанатының ыдырауына не себеп болды?

2. Түркеш қағандығы сыртқы саясатында қандай бағыт ұстанды?

3. Қарлұқ қағанаты қандай бағыттарда қай елдермен соғысты?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 1-9 оқып, дайындалып  келу

 

4 — сабақ

“Сиқырлы сандықша” ойыны

Ойынның мақсаты:  Білім деңгейін пысықтау

Ойынның  шарты:  Мұғалім үлестірме материалдарын даярлайды: 5 балл, 4 балл және 1 балл көрсетілген карточкалар.

«Сиқырлы сандықша» сұрақтармен (билеттермен) толтырылады, олардың саны оқушы санынан артық болады. Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып, жауап береді де, 1-5 баллдық жүйе

бойынша тиісті бағасын алады (берілген ақпараттың мәнділігіне қарай).

Ойынды аяқтай келе, мұғалім әрбір оқушының ойын барысында алған жалпы ұпайын есептеп, соған сәйкес І, ІІ, ІІІ орындарды анықтайды.

 «Сиқырлы сандықшаның» сұрақтары:

1 ұпайлық сұрақтар

  1. Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі?
  2. Қандай оқиғадан кейін Бумын Түрік қағанатының билеушісі болды?
  3. “Теле сөзінің мағынасы?
  4. “Түрік” этнонимі бірінші рет деректерде қашан кездесті?
  5. Бумын елді қай кезеңде басқарды?
  6. Түрік қағанатының екіге бөлінген уақыты?
  7. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы?
  8. Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп,оларға “селиф”деген атақ берген қаған?
  9. Батыс Түрік қағанатында яғбу,шад,елтебер атағы кімдерге берілген?
  10. Батыс Түрік қағанатында “Қара бұдындар”деп кімдерді атаған?
  11. Батыс Түрік қағанатында сот істерін атқарушылар?
  12. Түркеш қағанатының мерзімі?
  13. Түркеш қағанаты бөлінген аймақ саны?
  14. Арабтар “Сүзеген” деп атаған қаған?
  15. Атлах шайқасынан кейін 756жылы Түркеш қағандығын құлатып,билікті өз қолына алған тайпа?
  16. Түркештердің Күнгет қаласы қай жерде орналасқан?
  17. Түркеш мемлекетінің негізін қалаған қаған?
  18. Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты деп айтқан зерттеуші?
  19. 1Х ғасырдың басында қарлұқтар жеңілген ел?
  20. Оғыз мемлекетінің өмір сүрген уақыты?
  21. Жабғудың “Инал” атты мұрагерін тәрбиелеуші?
  22. 965ж. оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды?
  23. Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан?
  24. Жабғудың кеңесшілерін қалай атаған?
  25. Оғыздардағы тайпалар саны?
  26. Қимақтар құрамында болған ең ірі және күшті тайпа?
  27. Х ғасырда Қимақтарда тараған дін?
  28. VII ғасырлардың басында Қимақтар мекендеген аймақ?
  29. Қимақтардың екінші астанасы орналасқан көлдің жағасы?
  30. Х ғасырдың 2-ші жартысында қимақтардың жеріне шабуыл жасаған мемлекет?

4  ұпайлық сұрақтар

  1. Түрік қағанатының алып жатқан аумағын картадан көрсет
  2. Түрік қағанатының ыдырауына не себеп болды?
  3. Батыс Түрік қағанатының жерін картадан көрсетіп, қай елдермен шектесетіні туралы айтып бер
  4. Қағанаттың әлсіреуіне не себеп болды?
  5. Түркеш қағанатының жерін, орталығын картадан көрсет.
  6. Түркеш қағандығы сыртқы саясатында қандай бағыттар ұстанды?
  7. Оғыз мемлекеті өзінің сыртқы саясатында қандай елдермен жақсы қарым- қатынаста болды?
  8. Қимақ қағанатының сыртқы саясаты туралы айт

5 ұпайлық сұрақтар

  1. Түрік қағанаты аумағы үлкен болса да күшті мемлекет бола алмау себебі неде?
  2. Түрік қағанатының Батыс, Шығыс бағыттағы жорықтары туралы айтып бер.Қағанаттың әлеуметтік жағдайына қатысты өз түсінігіңді айт.
  3. Соғдылардың Жетісуға қоныстануының қандай себептері болды.
  4. Қарлұқтардың арабтармен соғысы кезеңдерін сипатта.

 

“Қатені тап” ойыны

Ойынның мақсаты:  Білім деңгейін пысықтау

Ойынның  шарты:  Сынып топтарға бөлінеді, әрбір топ тапсырма алады:

1) бір сурет салып, онда 1-2 қате жіберу керек (нені бейнелейтіні оқу материалының тақырыбына байланысты);

2) мәтін құрастырып, онда бірнеше сөз тастап кету немесе алмастыру, мүмкін, тіпті мәтін бойына таратып шашу керек.

Жұмыс 15-20 минутқа созылады.

Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 1-9 оқып, дайындалып келу

 

5 — сабақ

“Аукцион” ойыны

Ойынның мақсаты:  Білім – іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту

Ойынның  шарты:  Жүргізуші өтілген тақырып

(оқиғалар, фактілер, олардың мерзімі) бойынша сынып оқушыларына арнап сұрақтар дайындайды. Ойынды жүргізу үшін гонг (немесе ағаш балғаша) қажет.

Жүргізуші аукцион өткізеді: сұрақтар қояды, жауаптарға түсініктеме беріп, бағалайды,

жеңімпазды анықтайды. Дұрыс жауаптары үшін неғұрлым көп фишка жинаған оқушы жеңімпаз

болады.

«Аукцион» сұрақтары:

  1. «Дін үшін соыс» ұранымен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр Қазақстанның Оңтүстігін басып алды
  2. Қимақтар туралы дерек қалдырған парсы тарихшысы:
  3. 714 жылы Шашты басып алған араб қолбасшысы:
    Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі?
  4. Қандай оқиғадан кейін Бумын Түрік қағанатының билеушісі болды?
  5. “Теле сөзінің мағынасы?
  6. “Түрік” этнонимі бірінші рет деректерде қашан кездесті?
  7. Бумын елді қай кезеңде басқарды?
  8. Түрік қағанатының екіге бөлінген уақыты?
  9. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы?
  10. Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп,оларға “селиф”деген атақ берген қаған?
  11. Батыс Түрік қағанатында яғбу,шад,елтебер атағы кімдерге берілген?
  12. Түркеш қағанаты бөлінген аймақ саны?
  13. Түркеш қағанатының мерзімі?
  14. Батыс Түрік қағанатында “Қара бұдындар”деп кімдерді атаған?
  15. Батыс Түрік қағанатында сот істерін атқарушылар?
  16. Арабтар “Сүзеген” деп атаған қаған?
  17. Атлах шайқасынан кейін 756жылы Түркеш қағандығын құлатып,билікті өз қолына алған тайпа?
  18. Түркештердің Күнгет қаласы қай жерде орналасқан?
  19. Түркеш мемлекетінің негізін қалаған қаған?
  20. Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты деп айтқан зерттеуші?
  21. 1Х ғасырдың басында қарлұқтар жеңілген ел?
  22. Оғыз мемлекетінің өмір сүрген уақыты?
  23. Жабғудың “Инал” атты мұрагерін тәрбиелеуші?
  24. 965ж. оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды?
  25. Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан?
  26. Жабғудың кеңесшілерін қалай атаған?
  27. Оғыздардағы тайпалар саны?
  28. Қимақтар құрамында болған ең ірі және күшті тайпа?
  29. Х ғасырда Қимақтарда тараған дін?
  30. VII ғасырлардың басында Қимақтар мекендеген аймақ?
  31. Қимақтардың екінші астанасы орналасқан көлдің жағасы?
  32. Х ғасырдың 2-ші жартысында қимақтардың жеріне шабуыл жасаған мемлекет?

 

Жарысты жалғастыр” (“Эстафета”) ойыны

Ойынның мақсаты:  Білім – іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту

Ойынның  шарты:  Жүргізуші сыныпты үш командаға бөледі.

  1. Жүргізуші оқып-үйренуге тиісті мәтін бөлігін береді. Белгі бойынша оқи бастаймыз (5-7 минут).
  2. Жүргізуші нөмірленген үш парақ дайындап, оларды әр командаға береді. Белгі бойынша оқушылар оқиғаларды, фактілерді, олардың мерзімдерін жазып, үндеместен бір – біріне жылжытып отырады. Бұған үш минуттай ғана уақыт бөлінеді.
  3. Ойынның қорытындысын шығару. Қай команда неғұрлым көп фактілерді, оқиғаларды, олардың мерзімдерін көрсеткенін; қай команда неғұрлым толық, нақты, анық жауап бергенін жүргізуші анықтайды.

Жүргізуші жеңімпаздарды құттықтайды. Сөйлесу бөлімін «3» — ке, «4» -ке және «5» — ке бағалауға болады.

Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 1-9 оқып, дайындалып келу

 

 

Қорытынды  бөлімі            6 — сабақ

Тест

  1. “Теле сөзінің мағынасы.

А) Ұйғыр            В) Қарлұқ           С) Түрік

  1. D) Оғыз Е) Қимақ
  2. Түркеш қағанатының мерзімі

А) 704-756 жылдар.              В) 703-705 жылдар.              С) 704-706 жылдар.

  1. D) 706-756 жылдар. Е) 707-708 жылдар.
  2. Алғаш рет түрік атауы ———— жылы қытай жазбаларында кездеседі.
  3. Сәйкестендір:

а) Ябғу, шад, елтебер –                   1.  сот ісін атқарушылар

ә) бұрықтар мен тархандар –         2. қара халық

б) бек –                                             3. құл

в) «Қара будундар» –                     4.  жергілікті жердегі

қағанның негізігі

тірегі

г) тат –                                   5. қаған руынан шыққан

ақсүйектерге берілетін атақтар

ғ)  дулу —                               6. салық жинаушы

д) селиф —                               7.  дулаттар

  1. Түрік қағанатының басым көпшілігін ………..(……………..) тайпалары құрады
  2. Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттерді өмір сүру ретімен жаз.

а) Қарлұқ қағанаты               ә) Түркеш қағанаты

б) Оғыз мемлекеті

в) Батыс Түрік қағанаты       г) Қимақ қағанаты

ғ) Түрік қағанаты

  1. VII ғасырлардың басында Қимақтар мекендеген аймақ

А) Жетісу            В) Ертістің бойы          С) Монғолияның солтүстік батысы

  1. D) Қытайдың солтүстігі Е) Шығыс Қазақстан өңірі
  2. Сәйкестендір:

а) Оғыз мемлекеті                 1. Үшлік қаған

ә) Қимақ қағанаты                 2. Бумын қаған

б) Түрік қағанаты                 3. Білге Күл Қадырхан

в) Батыс Түрік қағанаты       4. Әли хан

г) Түркеш қағанаты              5. Жанақ

ғ) Қарлұқ қағанаты               6. Тардуш қаған

  1. Х ғасырда Қимақтарда тараған дін

А)  христиан       В)  ислам   С)  манихей

  1. D) зороастра Е)  будда
Батыс
  1. Түрік және Батыс Түрік қағанаттарының өмір сүрген уақыттарын көрсет.

 

 

 

 

 

11.Түрік қағанатының ыдыраған жылы

А)552 жыл          В) 545 жыл                   С) 563 жыл

Д) 581 жыл                   Е) 603 жыл

  1. Батыс Түрік қағанатының әлеуметтік құрылымын ретімен көрсет.

а) Қара бұдундар  ә) Жабғу, шад, елтебер, бұрық, тархан    б) Бек    в) Қаған     г) Қаған сайлаған ұлықтар

  1. Көне түрік жазуы жерімізде біздің жыл санауымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтың ортасында қалыптасқан. а) Дұрыс ә) Дұрыс емес
  2. “Тат”сөзінің мағынасы

А) Бай                 В) Бек                  С) Бұйрықтар

  1. D) Құл Е) Салық жинаушылар
  2. Арабтар “Сүзеген” деп атаған қаған

А) Сұлу               В) Білге               С) Бумын

  1. D) Тон Е) Мұқан
  2. 1Х ғасырдың басында қарлұқтар жеңілген ел

А)  Ұйғыр қағанатынан        В)  Енисей қырғыздарынан

С)  Арабтардан

  1. D) Қарахандардан Е)  Қимақтардан
  2. Жабғудың “Инал” атты мұрагерін тәрбиелеуші

А) Ябғу               В) Сюбашы         С) Атабектер

  1. D) Селифтер Е) Шад
  2. Оғыздардағы тайпалар саны

А) 20          В) 24          С) 30          D) 34          Е) 40

  1. Қимақтар құрамында болған ең ірі және күшті тайпа

А) Қыпшақтар    В) Қарлұқтар     С) Оғыздар

  1. D) Наймандар Е) Керейлер
  2. Қимақтардың екінші астанасы орналасқан көлдің жағасы

А) Ертіс              В) Есіл                С) Шу

  1. D) Алакөл Е) Балқаш

 

Кілті:

  1. с)
  2. а)
  3. 542 жыл ,
  4. а5, ә1, б4, в2, г3, ғ7, д6
  5. Теле (тирек)
  6. г, в, ә, а, б, ғ).
  7. с
  8. а4, ә5, б2, в6, г1, ғ3
  9. с
  10. 552-603 жж, 603-704 жж
  11. Е)
  12. в, г, ә, б, а.
  13. а
  14. д
  15. а
  16. а
  17. с
  18. в
  19. а
  20. д

 

 

Тарихи сынақхат

…. ғасырдың басында бүгінгі …… жерінде аса күрделі бетбұрыстар орын алды. Алтай, Сібір, Монғолия жерінде ……… тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, күшті әскер күшіне сүйенген …………………………… атты феодалдық мемлекет құрылды.

…… жылы көктемде  түріктердің билеушісі ……….. өздерінің билеушісі аварларға (жуань-жуандарға) қарсы шығып, оларды ойсырата жеңіп, ……………………..  құрады. Түрік ордасының алғашқы қағаны …………..  болды.

Түрік қағанатындағы саяси күйзеліс ақырында ……… .  қағанаттың екіге — ……….. және …………..қағанаттарына бөлінуімен аяқталады.

…….. ғасырдың ортасына қарай ……………………. (640-657) созылған қағанат ішіндегі өзара тартыс, тайпалар арасындағы  соғыс қағанатты әлсіретеді. Осыны пайдаланған ……………. империясы Жетісуды басып алып, онда таққа өз адамын отырғызады. Түріктер мен Таң империясы арасындағы үздіксіз соғыстардың нәтижесінде …………………..  күшейіп VIII ғасырдың басында Жетісудағы билікті өз қолдарына алады.

……. жылы Сұлу қаған арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып ……………………… дейін жетті, бірақ көп ұзамай жеңіліп, қайтар жолында өзінің қолбасшыларының бірінің қолынан қаза табады. Сұлудың орнына оның баласы  …………………… қаған болды. Оның тұсында қағанат ішінде ……. және ……. түргештер арасында билік үшін 20 жылға созылған ұзақ күрес басталып, қағандықтың саяси және экономикалық жағдайы мүлдем әлсірейді.Осы алауыздық кезінде Жетісуға Алтайдан …………….. тайпалары көшіп келіп қоныстана бастайды.

Түргештер қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады.

әлсіреген Түргеш қағанаты қайтадан қалпына келмей, …………. ж. қарлұқ тайпаларының қысымына шыдамай, біржола құлайды.

 

Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 1-9 оқу, емтиханға дайындалу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 — сабақ

Емтихан

1 – билет

  1. Түрік қағанатының құрылуы, этникалық құрамы.
  2. Түргеш қағанатының ішкі және сыртқы саяси жағдайы

2 – билет

  1. Түріктердің тәуелсіздік жолындағы күресі, саяси жағдайы.
  2. Оғыз мемлекетінің құрылуы, жер аумағы.

3 – билет

  1. Батыс түрік қағанатының жер аумағы, этникалық құрамы.
  2. Оғыз мемлекетінің кәсібі мен қолөнері

– билет

  1. Түрік қағанатының ыдырауы
  2. Қимақ қағанатының тайпалық құрамы, құрылуы

5 – билет

  1. Батыс Түрік қағантының саяси жағдайы мен әлсіреуі.
  2. Түргеш қағанатының жер аумағы, халқы

6 – билет

  1. Жетісудағы соғдылар
  2. Қарлұқ қағанатының құрылымы және олардың орналасқан жерлері

7 – билет

  1. Қарлұқ қағанатының саяси жағдайы
  2. Оғыздардың тайпалық құрамы және қоғамдық құрылысы

8 – билет

  1. Қимақ қағанатының қоғамдық құрылысы
  2. Оғыз мемлекетінің саяси жағдайы

9 – билет

  1. Оғыз мемлекетінің саяси жағдайы
  2. Батыс Түрік қағанатының әлеуметтік жағдайы

10 — билет

  1. Қимақ қағанатының саяси жағдайы
  2. Қимақ қағанатының шаруашылығы

 

Қорытындылау.

Модуль №2   VI – IX ғасырлардағы отырықшылар және

көшпелілер мәдениеті (5 сағ)

БөліміБөлінетін сағатСабақтың мазмұны мен түріУақыты
Кіріспе1 – ші сабақ1. Модульдің құрылымы мен мақсат —  міндеттерімен таныстыру

2. Тірек – сызба арқылы тақырыпты түсіндіру

3. Дәптермен жұмыс

4. Қорытынды. Үйге тапсырма

 

5 мин

 

15 мин

20 мин

5 мин

Сөйлесу бөлімі2 – ші сабақ

 

Оқу материалын меңгерту және дамыту

1.  “Жылдам оқу” оқыта – үйрету ойыны

2. Қорытынды. Үйге тапсырма

 

40 мин

5 мин

 

3 – ші сабақ

 

 

 

 

Білім – іскерлік дағдыларын дамыту және білім деңгейін пысықтау.

1. “Өз жартыңды тап ” оқыта-үйрету ойыны

2. “Даналық ағашы” оқыта-үйрету ойыны

3. Қорытынды. Үйге тапсырма

 

 

 

20 мин

20 мин

5 мин

 

4 – ші сабақ

 

Білім – іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту

1. “Білім биржасы” ойыны

2. “Басқатырғылар базары” ойыны

3. Қорытынды. Үйге тапсырма

 

 

25 мин

15 мин

5 мин

Қорытынды бө лімі

 

5 – ші сабақ

 

1. Тест

2. Тарихи сынақхат

 

30 мин

15 мин

 

Білімдік мақсаты: Түрік тілдес халықтар мәдениетінің даму ерекшеліктері

және халықтардың өзара туысқандық қарым –

қатынастарына әсері мен ықпалы туралы баяндап,

мәдениетте айшықты орын алатын сәулет, бейнелеу және

қолданбалы өнер ескерткіштерімен және рухани

мәдениетімен таныстыру,

Дамытушылық мақсаты:  Оқушыларды тарихты ғылыми тұрғыдан талдауға,

оны саналылықпен түсіне білуге үйрету,олардың қабілетін

жан – жақты дамыту. Олардың тарихқа, халқының

мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрмет сезімін

дамыту;

Тәрбиелік мақсаты:  Тарихи материалды дұрыс іріктеп, сапалы оқыту арқылы

оқушыларды өз ұлтының мәдениетін, тарихын

құрметтеуге, адамгершілікке, сүйіспеншілікке,

ұлтжандылыққа, өз елінің, бүкіл адамзаттың мәдениетін

толықтыруға үлес қоса алатын азамат етіп тәрбиелеу.

Оқушылар нені білу керек:

— қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғаларды;

— тіршілігін, кәсібін, тұрмысын, еңбек құралдарын; ертедегі діни, археологиялық және өнер ескерткіштерін;

— қазақ қоғамының әлеуметтік құрамын (хан, сұлтан, батыр, би, төре, қожа, шаруа т.б),

— орта ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің калыптасып, дамуының ерекшеліктерін.

Оқушылар нені меңгеру керек:

— тарихи терминдердің анықтамасын айтуы және оларды қолдана білуі;

— мемлекет шекараларын, басқа да объектілерді көрсете алуы;

— хронологиялық, синхронды кестелер жасауы;

— тарихи мәтіннің толық жоспарын жасауы;

— орта ғасырлардағы қалаларға, түрлі ғимараттарға жазбаша сипатгама беруі;

— орта ғасырлардағы қоғамдық, мемлекеттік құрылыстарды сызбалар арқылы көрсетуі;

— Шығыс мәдениеті мен ғылымының әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесін дәлелдей алуы;

— орта ғасырлардағы дүниежүзінің геосаяси картасындағы өзгерістердің себептерін ашып көрсетуі;

-Мемлекеттік құжаттармен өздігінше жұмыс істеп, солардың негізінде рефераттар, шағын баяндамалар дайындауы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. М.М.Жанпейісова “Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде” Алматы,2002 ж
  2. “Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы оқыту әдістемесі”
  3. М.Жанпейісова, А.Ш.Орақова “Интерактивті оқыту әдістері”.
  4. М.Қани “Қазақтың көне тарихы”
  5. Л.Гумилев “Көне түркілер” Алматы “Білім” 1994
  6. Т.Жұртбаев “Дулыға” 2 — том. Алматы “Білім” 1994

 

Мәнжазба тақырыптары:

  1. VI – IX ғасырларда қалалық мәдениеттің дамуы
  2. VI – IX ғасырлардағы діни сәулет өнері
  3. Күлтегін, Тоныкөк жазулары

Негізгі ұғымдар:

 

“Оғызнама”, ортағасырлық қалалар, Дың ескерткіштері, сардоба, діни құрылыстар, терракота, балбалтастар, руна жазулары, Орхон – Енисей және Талас ескерткіштері

 

 

1 — сабақ

Сабақ жоспары:

Кіріспе      §5 Түрік қағанаттарының шаруашылығы мен

мәдениеті

  • 8 Жартылай көшпелі және отырықшы

мәдениеттердің өзара әсері

  •   9 Архитектура және өнер
  • 10 Түріктердің рухани мәдениеті

VI – IX ғасырлардағы отырықшылар және

 көшпелілер мәдениеті

 

(Лекция тезистері, тірек – схемалар)

Жоспар:

  1. Жартылай көшпелі мәдениет
  2. Қала мәдениетінің дамуы
  3. Қала мен дала тұрғындарының материалдық мәдениеті
  4. Жартылай көшпелілердің материалдық мәдениеті
  5. Қыш құмыра жасау, металл өңдеу, сауда мен ақша айналымы
  6. Көне түріктердің наным–сенімдері
  7. Көне түріктердің жазба мәдениеті

Жартылай көшпелі мәдениет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қала мәдениетінің дамуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қала мен дала тұрғындарының материалдық мәдениеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жартылай көшпелілердің  материалдық мәдениеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыш құмыра жасау, металл өңдеу, сауда мен ақша айналымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көне түріктердің наным–сенімдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 5 және 8-10 оқып, дайындалып  келу

 

Сөйлесу бөлімі           2 — сабақ

Жылдам оқу ” ойыны

Ойынның мақсаты: Оқушыларға мәтінді оқытып, бір – біріне түсіндірту арқылы тақырыпты меңгерту және білім–іскерлік дағдыларын дамыту.

Ойынның  шарты: 1. Оқушылар мәтінді 10-15 минут шамасында оқып шығады. Оқу жылдамдығының қаншалықты өзгеріп отыратынын өлшейді (әрбір 30 секундтан соң – гонг). Осы беттің оқылып үлгерілген-үлгерілмегеніне қарамастан, келесі бетке аударады.

Енді өз оқу жылдамдықтарыңызды бағалауға дайындалыңыздар.

  1. Басқа мәтінді аламыз (1беттік). 2 минуттың ішінде оқимыз. Оны кейін серігіңізге әңгімелеп бере алатындай оқимыз.

Бастадық! Оқып болдық.

  1. Ал енді әңгімелеуді бастаймыз (1 жұп 5 минутта)
  2. Өз парақтарымызға ақырғы нәтижесін жазып аламыз: екі минут ішінде оқылған сөз мөлшерін және мәтінді игеру коэффицентін – жұптардың бірін – бірі бағалауына сай.
  3. Жүргізуші қарап шығып, жарыстың жеңімпазын айқындайды, қорытынды жасайды.

Берілетін мәтін:

  • 5-8-9-10 тақырыпшалары.

Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 5 және 8-10 оқып, дайындалып  келу

3 — сабақ

«Өз жартыңды тап» ойыны

Ойынның мақсаты: Білім – іскерлік дағдыларын дамыту және білім деңгейін пысықтау.

Ойынның  шарты: Мұғалім жұп карточкалар дайындайды: біреуінде — сұрақтар, екіншісінде – жауаптарға арналған тірек кестелер. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған карточкалардың түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті карточканы(әрқайсысы – біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.

Көк карточкадағы тапсырмалар:

  1. Күлтегін
  2. Ұмай ана
  3. Қалалардың құрылыс жүйесі
  4. Қыш құмыра
  5. Отбасынының қамқоршысы
  6. Үш бөліктен жасалған
  7. Шеберхана
  8. Көне ескерткіш

Жасыл карточкадағы тапсырмалар:

  1. Сардоба
  2. Ақыртас
  3. Көк бөрі
  4. Діни сенім
  5. Якка
  6. Алан Хазар
  7. Мүсін өнері
  8. Блбл
  9. Руна
  10. Орхон, Енисей

“Даналық ағашы” ойыны

Ойынның мақсаты: Білім – іскерлік дағдыларын дамыту және білім деңгейін пысықтау.

Ойынның  шарты:  Оқушылар мәтінді жылдам, бірқ мұқият оқып шығуы тиіс. (Гонг).

Енді әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады. (Гонг).

Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды.

Жүргізуші жеңімпазды анықтайды. Білгірлерді құттықтаңыздар!

Баршаңызға рахмет. (Гонг).

Берілетін мәтін:

  • 5-8-9-10 тақырыпшалары.

Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 5 және 8-10 оқып, дайындалып  келу

4 — сабақ

“Білім биржасы” ойыны

Ойынның мақсаты:  Білім – іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту

Ойынның  шарты:  Тақтаға конверттер ілінген панно бекітіледі, оларда әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар бар. Әрбір оқушы конверттерден өз мүмкіндіктері мен қабілетіне қарай тапсырма алып, дайындалып, жауап береді. Жауаптары «акциялармен» бағаланады. «Акционер» – оқушы жауабының толықтығына қарай әртүрлі түстегі «акциялар» алады.  Мұғалім – «банкир» әрбір оқушының «түсімін» есептейді. Осы негізде баға қояды.

І деңгей тапсырмалары:

  1. Қала мен дала тұрғындарының мәдени байланысын сипатта.
  2. Бүгінгі қазақтар мен көне түріктердің наным – сенімі және діни ерекшелігін сипатта.
  3. Діни сәулет өнері ескерткіштерін сипатта.
  4. Бейнелеу өнері мен мүсін өнері дамуы туралы айтып бер.
  5. Қолданбалы өнер туралы не білесің?
  6. Сауданың дамуы мен ақшаның шығуы туралы сипатта.
  7. Қала тұрғындары мен дала тұрғындарының материалдық мәдениетіне сипаттама бер.
  8. Күлтегін және Тоныкөк ескерткіштеріне сипаттама бер.

ІІ деңгей тапсырмалары:

  1. Жартылай көшпелі мәдениет деп қандай мәдениетті айтамыз?
  2. Материалдық мәдениет деген не?
  3. Қолөнер дегеніміз не? Қыш құмыра жасау қалай дамыды?
  4. Металл өңдеу қалай жүргізілді?
  5. Ақыртас қандай құрылыс?
  6. Мырзарабат, Якка сардоба ғимараттары не мақсатпен салынды?
  7. Діни ғимараттарға нені жатқызуға болады?
  8. Жазба әдебиеттің дамуын неден байқауға болады?
  9. Жазбаша сақталған ескерткіштердің тарихи маңызы неде?

ІІІ деңгей сұрақтары:

  1. Сауданың негізгі үш бағытын ата
  2. Сайрам қаласы еретеде қалай аталған?
  3. Түріктер асыл тастар мен металладарды қай елден әкелген?
  4. Архитектура деген не?
  5. Қандай қалаларда архитектуралық құрылыстар салынды?
  6. Діни ғимараттарға нені жатқызуға болады?
  7. Қазақстанда түрік жазуы қай кездерде пайда болды?
  8. Жазудың пайда болуы нені көрсетеді?
  9. Қандай әдеби ескерткіштерді білесіңдер?
  10. Қолөнердің қандай салалары дамыды?

 

“Бас қатырғылар базары” ойыны

Ойынның мақсаты:  Білім – іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту

Ойынның  шарты:  Оқушылар үйде сөзжұмбақтар, сөзтізбелер, тарихи домино, хронологиялық лото, викториналар, құпия сөздер және т.с.с. құрастырады да, сабақта оларды шешеді. Жүргізуші ең белсенді, кәсіпкер, тапқырларды анықтайды.

Қорытындылау. Үйге тапсырма: § 5 және 8-10 оқып, дайындалып  келу

Қорытынды  бөлімі            5 — сабақ

Тест

  1. Малды қолға үйрету қай тарихи кезеңде басталды?

А) ерте палеолитте           в) ерте палеолиттің мустье

кезеңінде

с) қола дәуірінде     д)темір дәуірінде

  1. Сайрам қаласы ертеде қалай аталған?

А)Отырар           В) Испиджаб

С)Сауран            Д) Сығанақ

  1. Түріктер асыл тастар мен маталарды қай елден әкелген?

А) Батыс елдерінен      В) Орта және Таяу Шығыстан

С) Үндістаннан            Д) Византиядан

  1. Жеріміздегі сәулет өнері тамаша ескерткіштерінің бірі

А) Қостөбе                   В) Ақыртас ғимараты

С) Якка сардобалары  Д) Білеулі ғимараты

  1. «Сардоба» деген қандай құрылыс?

А) тұрғын үй                В) құдық үстіне салынған ғимарат

С) малға арналған қора                 Д) мешіт

  1. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері

А) «Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары

В) «Оғызнама»   С) «Қорқыт ата»                   Д) руна жазуы

  1. Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп кімге табынған?

А) табиғатқа                 В) Ұмай анаға

С) Көк бөріге               Д) Тәңірге

VIII ғасырда мұсылман дінінің орталығы болған қалалар

 

 

 

 

 

 

 

  1. Сәйкестендір.

І.Сардоба                     а)әдеби шығарма

ІІ. Руна                               в) құдық үстіне салынған

құрылыс

ІІІ. «Орхон — Енисей»        с) көне түркі жазуы

ІV. «Оғызнама»                д) жазба ескерткіштері

  1. Түрік философы, дана – ойшылы атанған Тоныкөк пе?

А) иә                        В)жоқ

  1. Оғыздардың шаруашылығының түрлерін ата.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Түріктерді аварлар деп атаған қай жақтың ғалымдары?

А) Америка         В) Еуропа           С) Қытай   Д) Қазақ

  1. Орхон – Енисей жазба ескерткіштері қай мемлекеттің жерінен табылды?

А) Қытай             В) Ресей

С) Монғолия       Д) Қазақстан

  1. Түріктердің әліпбиі (альфавиті)….. негізінде жасалған

А) ру-тайпаларының таңбалары   В) соғды жазуы

С) қытай иероглифі                        Д) руна жазуы

Тарихи сынақхат

……………. ғасырлар аралығы Қазақстан тарихында ……. ……….. …………… кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде ………… халқы әлі қазақ деп аталмағанымен, кейін оның құрамына кірген …………………. бірігу —  бірлесу жағдайында болды. Қазақ жерінің ……. ………… ………….. бойында жатуы сауда орталығына айналған ірі …………………. қатарын көбейтті. ……………. Қазақстанда, ……………… аймағында  қалалар саны өсті. Олардың маңайында …………….., ………………… көбейіп, ……………….. отырықшылық мәдениет дами түсті. …………. тұрғындары мен …………… тұрғындарының арасында ………………… байланыс өсіп, ………….. тілдес тайпалар арасында ……………………. және …………………… отырықшылық дәстүр қалыптасты. Тұрғындардың ……………………. рухани  —  ……………….. өмірінде көптеген жаңалықтар пайда болды. ………………. де, қыш —  …………… ісі де, …………….. өңдеу де жаңа тұрғыда дамыды. …………………. құрылыс жүйелерінде  жаңа ……………………. бой көтерді.

Бұл кезеңнің өзіне тән және бір жаңалығы  —   ………….. тіліндегі …………… өнерінің жаңа тұрғыда өркендеп, ……………… әдебиеттің дамуы. Түріктердің …………… —  …………….., онымен қатар жаңа ……… ………… —  …………………. пайда болуы, ………….. …………….. өнерінің  дамуы да осы кезеңді қамтиды.

Қорытындылау.

 

 

 

”Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім” деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сәйкес білім беру мүмкін емес. Осы мақсаттарды жүзеге асырудың алғы шарты – оқу-тәрбие жұмысын басқаруды әрі жүйелі жоспарлай білу, сол жоспарды жүзеге асыру.Біздің жалпы білім беретін орта мектеп жұмысында инновациялық процесті  жобалау және бағдарлы білім берудегі мақсатымыз – шығармашылық ізденістегі ұстаздар қатарын толықтыру, білім беру мен оқыту әдістемесін жаңа технологиялармен байыту, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын тәрбиелеу болып табылады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. М.М.Жанпейісова “Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде” Алматы,2002 ж
  2. “Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы оқыту әдістемесі”
  3. М.М.Жанпейісова, А.Ш.Орақова “Интерактивті оқыту әдістері”.
  4. М. Ж. Абылова, Ә. Е. Бегалинова, А. З. Жәменкенова

«М. М. Жанпейісованың модульдік технологиясын қолдану негізінде ойын арқылы оқытуҒаламтор желісі