Қожанасырдың тойға баруы
№ 108 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Қожанасырдың тойға баруы
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға мәтінді мәнерлеп оқып бере отырып, мазмұнын
сұрақ-жауап арқылы түсіндіру.Мәтінді мәнерлеп сауатты оқуға машықтандыру ә) Оқушылардың сөздік қорын молайту ,сөйлеу тілдерін дамыту. б) Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер,сұрақтар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:-Үйге Досболдың тапқырлығы мәтінін оқыту сұрақ қою арқылы мазмұнын сұрау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Досболдың Балабимен не туралы айтысты?Ел іші мынадай деп не істеді?
- Мақсат қою кезеңі:Ел арасында Досбол сияқты тауып сөз айтатын бір адам бар
Ол кім екенін білеміз бе?-Қожанасыр.
- Жаңа сабақ.- Ендеше бүгінгі сабағымыз осы Қожанасырдың тойға барғанда тапқан қулығы туралы айтылмақОқулықтың 208-бетіндегі мәтінге қараймыз.—Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқып беріп мазмұнын сұрақ қою арқылы түсіндіреді—Алғаш рет Қожанасырды үй иесі неліктен құрметтемеді?—Ал екінші рет не үшін сыйлады?Сергіту сәті
VI.Жаңа материалды пысықтау:-Бүгін біздің мәтініміз кім туралы болды?- Мәтіндегі негізгі ой қандай?Адамды құрметтеу-Адамның бәрін бірдей көру туралы айтылған.
VII.Бекіту кезеңі:-Мәтінді тізбектей оқыту.
VIII. Үйге тапсырма, бағалау:Мадақтау.мақтау.