Ежелгі Қосөзен мәдениеті.
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: §3. Ежелгі Қосөзен мәдениеті.
- Білімділік: адамзаттың ең ежелгі мәдени орталықтарының бірі болып есептелетін Қосөзен туралы, көптеген халықтардағы сияқты діни түсініктерге байланысты дүниеге келген Қосөзендегі алғашқы әдеби шығармалар жайлы баяндау.
- Дамытушылық: Қосөзенде қалыптасқан дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі, оны дүниеге келтірген шумерліктер туралы айту. Барлық оқушыларды сабаққа жұмылдыру, соның нәтижесінде бүкіл сынып білімін жетілдіре түсу.
- Тәрбиелік: Әлем әдебиетінің тамаша туындыларының бірі туралы баяндау.
Сабақтың әдісі: «Гильгамеш туралы аңыз» дастанының мазмұнымеен таныстыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Алғашқы жазу суреттер жобасы тақтаға сызылады. Мүсіндердің макеттері қойылады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тапсырманы сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
- «Гильгамеш туралы аңыз».
- Сына жазу.
- Өнері.
- Діни түсніктер
Балаларға ертегі, дастандарды айтып берген жөн бе немесе оқып беру керек пе? Бұл сұрақтың жауабы бала ықыласына және дастанның мәніне байланыстырамын
Ертегі кітабына неше мәрте үңіліп, оның мәнін әбден ұғынамын. Ертегінің көркемдік дәрежесі жоғары болған сайын айтушы да шабытпен кіріседі және әңгімесі әсерлі шығады. Көркем шығарма әсерімен оқушыларды рухани ғажайып ертегілер өлкенісне ертіп әкетуге болады. Олар нағыз өмірден мыстан кемпірді, сөйлейтін аңдарды, сиқыршыларды, алыптар мен ергежейлілерді көруге болмайтынын білсе де ертегіге сенеді. Ертегіні талдай түсіндіріп, оны баланың жанына жеткізудің ерекше мәні бар.
Енді жоғарыда айтылғандарды басшылыққа ала отырып, «Гильгамеш таралы аңцз» дастаныының мазмұнын айтып беремін.
Дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі Қосөзенде қалыптасқаны, оны дүниеге келтіргендер Қосөзенге шығыстан қоныс аударып келген шумерліктер екені баяндалады.
Олардың алғышқы жазуы арқылы, әр нәрсенің ерекше белгілерін салу арқылы қалыптасады. Мысалы, «құл» жеп жазу үшін жұмыртқа суретін салды. Ал «туу» немесе «дүниеге келді» деген ұғымды білдіру үшін құс пен оның жұмыртқасын бірге салғанын салып көрсетемін.
Осылайша суреттердің орнына сурет таңбаларын пайдаланып жазу пайда болды. Бірақ бұл жазу да күрделі, қиын еді. Кейінірек әр сөзді нақты таңбамен жазу үшін таңбалар қолданылғаны белгілі. Міне, осылайша еделгі шумерлік әріп қалыптасты. Дегенмен кейбір әріптер бірнеше мағына беретін еді.
Ежелгі Қосөзен өнері туралы айтқанда б.з.б. VI ғ. Вавилон қаласының суретін пайдаланамын. Вавилон құрылыстарының ішінде ең құдіреттісі-Иштар құдайдың құрметіне арналып салынған қақпа. Олардың барлығы мыстан жасалған. Қақпаның мұнаралы дуалына айбат шеккен арыстандар мен аждаһа бейнелі қасиетті жануарлар бейнеленген. Күйдірілген, түрлі-түсті кірпіштер бұл жануарлар бейнесін ерекшелендіре түсетін.
Қақпадан енген адам тас төселген жолмен алыстан көренген мұнараға қарай жүретін. Ол биік мұнара құдіретті Мардук құдайдың ғибадатханасының мұнарасы еді. Мұнара биіктігі оның басына қараған адамның бөркі жерге түсердей еді.
Вавилон аспалы бағымен, зәулім мұнарасымен әлемге әйгілі. Мұғалім одан әрі Аспалы бақтың тарихын айтып беремін.
Қосөзендіктердің діни түсініктер туралы оқулық бойынша баяндаймын.
ІІІ. Жаңа білімді пысықтау.
Пысықтау барысында оқушы білімінің айқын да тиянақты болуына қол жеткізу, оқушыны ойлану әрекетін дамытуға ынталандыру.
- Үйге тапсырма: §3